Есім Ғ. 1, Оралбай Қ



бет1/4
Дата02.03.2023
өлшемі148 Kb.
#170865
  1   2   3   4
Байланысты:
Дидактикалық материал


ҒТАРМ 02.15.61


Есім Ғ.1, Оралбай Қ.2

1ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан, Астана қ. 2Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, Қазақстан, Астана қ., e-mail: oral-kz.@indox.ru




ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ


АДАМ МЕН ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНДАҒЫ ОРНЫ
Бұл мақалада құндылық мәселесіне жасалған талдау және «құндылық» категориясын зерттеу әдіснамасының негізіне айналған пайымды тұжырымдамалар ұсынылып отыр. Құндылықтың мәнін анықтап білу адам және қоғам болмысының табиғатын аңғару үшін аса маңызды. Қоғамдағы белең алатын белгілі бір құбылыс өздігінен құндылыққа айналмайды. Ол тек әлемнің немесе белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымдастықтың, жеке тұлғаның біртұтас бейнесінің бір элементі ретінде ғана құндылық болып табылатындығы баяндалады. Құндылықтардың әрекеттесуі әрекеттесу субъектілері, құндылық тасымалдаушы объектілері, құндылықтардың мәні мен құндылықтардың өздерінің өзара араласуы болып табылады. Осы элементтер бір-бірімен байланысады және олардың осындай ажырамас байланыстан тыс болуы мүмкін еместігі сөз болады. Құндылықтар мәселесінде келісу және пайымдау сияқты екі қарама-қайшы көзқарасты байқауға болады. Тек түрлі аксиологиялық ағымдар мен мектептердің өкілдері ұсынатын «құндылықтар» ұғымының өзімен танысқан кезде ғана құндылықтар теориясының қазіргі күйіне қатысты сын пікірлер байқалады. Құндылықтар туралы көптеген ұғымдар мен көріністердің ішінен бірқатар ортақ қасиеттерді атап өтуге болады: құндылық – жеке тұлға үшін немесе бір топ тұлғалар үшін тиісті идея ретінде мәні бар немесе екеуінің де қос жиынтығы ретіндегі нақтылықтың объектісі (затты немесе затты емес) ретінде сипатталады; құндылықтарға қатысты экзистенционалды және метафизикалық екі түрлі көзқарастар қалыптасқан және этикалық көзқарастың негізінде Жақсылық пен Жамандық ұғымдары қаланған, соның шеңберінде адамның құндылықтарға иелік етуі жөніндегі мінез-құлықты сипаттайтын өзін-өзі дәлелдей алатын жеткілікті болмыстар дәйектеліп, қамтылған деуге болады.


Түйін сөздер: құндылық, игілік, тұлға, адам, ата, әке, бала, мәдениет, жаһандану, ұрпақтар сабақтастығы, қоғамдық қатынастар.

Yesym G.1, Kabul O.2


1doctor of Philosophical Sciences, Professo r, Academician of NAS of RK, Kazakhstan, Astana 2Doctoral condidate of Eurasian national university named after L.N. Gumilev, Kazakhstan, Astana, e-mail: oral-kz.@indox.ru






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет