- Ауырсыну сезімін таңдамалы басатын, сезімталдықтың басқа түрлеріне маңызды әсер етпейтін және есте сақтау қабілетін бұзбайтын заттар
Анальгетиктердің әсер ету ортасына қарай жіктеледі: - Есірткілік анальгетиктер (морфин және т.б.)
- анальгетикалық әсерге ие апиынды емес (клофеллин, димедрол, кетамин)
- Аралас әсерлі анальгетиктер (апиынды және апиынды емес): трамадол
- Бейесірткілік анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы, анальгин, парацетамол)
Есіртікілік анальгетиктер: - Айқын анальгетикалық белсенділікке ие;
- Нашақорлық туындауы мүмкін: абстинентті синдромның дамуымен сипатталатын дәріге тәуелділік;
- Көп мөлшерде енгізгенде наркозға, содан кейін комаға, ал ең соңында тыныс алу орталығы қызметінің тоқтауына әкелетін терең ұйқы шақырады.
- Ауырсыну сезімінің екі компонентін ажыратады:
- Ауырсынуды қабылдау – ауырсыну сезімталдықтың шегіне байланысты болады, ол төмен болған сайын адам ауырсынуға сезімтал келеді;
- Ауырсынуға психикалық және эмоциялық жауап.
- Морфин осы ауырсынудың екі компонентіне де әсер етеді. Біріншіден сезімталдық шегін жоғарылатады, екіншіден ауырсынуға эмоциялық жауапты өзгертеді.
- Мысалы, морфинді терапиялық мөлшерде енгізгенде ауырсыну сезім сақталуы мүмкін, бірақ науқас оны бөтен бір нәрседей сезінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |