«Ескелді ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне
«Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың тұрмыстық зорлық –зомбылық және қатігездік көрсетудің алдын алу профилактикасы бойынша жүргізілген жұмыстарға М Ә Л І М Е Т Аталған мектеп бойынша «Зорлық –зомбылық және қатігездік көрсетудің алдын алу» жұмыстарына арналған жоспар құрылып бекітілді. Мектеп бойынша адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ықпалдастыруды жалғастыру мақсатында жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Қазан айында 8 а сыныбымен Ақмолдаева Құндыз Ұзақбаевнаның ұйымдастырумен «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқан аясында іс-шаралар өткізілді. Жоғарғы сыныптар арасында желтоқсан айында «Балаларға қатысты қатігездіктің алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізіліп, жадынамалар мен кітапшалар таратылды. «Әлемді зорлық зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында қаңтар айында 8-11 сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дарменбекова Гүлзира Маратқызы жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әлеументтік қауіпті жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатындағы «Түнгі қаладағы балалар» жыл бойы рейд жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуіміз керек. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін қарау үшін кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде мектеп психологы Кітапбаева Ж.Д мен мектеп медбикесі Батырғалиева А жұмыстарын жалғастыруда. Мектеп бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балалармен құқық бұзушылықтың алдын алау шараларын өткізу мақсатында түрлі іс- шаралар өткізілді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және панасыз қалудың алдын алу» бойынша 8- 11 сынып оқушыларымен оқушылар жиыны өткізілді. Жиналыста мектеп оқушыларының тәртібі, тазалығы , кәмілеттік жасқа толмағандар арасында бүгігі күнде қылмыстың көбеюі, жас балалардың ата- анасынсыз сыртка /қалаға т.б/ шығып жүруі, қадағалаудың жоқтығы жайында айтылды. Сонымен қатар жиналыста алғанЕскелді АІІБ- ң КТІЖБ- ң инспекторы полиция лейтенанты Н.Т.Нусипжанов пен АІІБ- ң КТІЖБ- ң инспекторы полиция капитаны К.К. Рахметов есірткі және басқа зиянды заттардың алдын алу үшін әр түрлі шаралар шасап, оқушы жастар арасында нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекі шегушілікке қарсы, әртүрлі зиянды әдеттерге тәуелділіктің алдын алу үшін білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметті жандандыру қажеттілігін айтты. Бүгінгі күнде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың көбею салдарын айтып түсінік берді. Ата- аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стенттер рәсімделді. Зорлық- зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсететін мемлекеттердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалары ата- аналар жиналысында ата- аналарға кітапша ретінде таратылып берілді. Сонымен қатар мектептің ер мұғалімдерінің қадағалауымен кешкі уақытта рейд ұйымдастырылған. Мектепте сенім телефоны, сенім жәшігі ұйымдастырылған. Мектеп психолгтері А.Н.Кунболатова мен Ж.Д.Кітапбаева үнемі қарап, қадағалап тұрады. 9-11 сыныптар арасында «Әлемді зорлық- зомбылықсыз құру жолдары» атты үздік эссе байқауын ұйымдастырып, өткізілді. Байқау жеңімпаздары мектепішілік мақтау қағаздарымен оқушылар жиынында марапатталды.
«Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс- шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Қоғамның назарын балаларды қатыгез ұстау мәселелеріне аудару және балаларды қатыгез ұстау, тәрбиелеудің зорлық әдістеріне жол берілмеу туралы ақпаратты тарату үшін мектеп психологі А.Нуркасимова жоғарғы 9-11 сынып оқушыларынан зорлық зомбылықтан зардап шеккен балаларды анықтау мақсатында арнайы сауалнама алды. Сауалнама нәтижесінде зорлық зомбылықтан зардап шегіп жүрген балалар жоқ болып шықты. Барлық сыныптардың сынып жетекшілері «Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу, Ата- аналар үшін жадынама» ата- аналарға ақыл кеңес беру үшін кішкентай кітапшалар, жадынамалар таратылып берілді. Мектептің жас ұлан ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ойнап, күліп жүрейік » тақырыбында үлкен үзіліс кезінде флеш- моб өтті. Барлық сыныптарда «Әр бала зорлық- зомбылықсыз шаққа құқылы» атты оқушылар жиынында плакаттар даярлап, оны қорғады. Сол сияқты «Зорлық зомбылыққа бірге төтеп берейік» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 20 қараша күні Б.Б.Есмуратованың ұйымдастыруымен «Балалық шақ қорғалуда» ашық тәрбие сабағы өтіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Сонымен қатар сәтсіз отбасылар- Қанабатырова мен Селивановалардың үйіне барып аралап, аналарымен әңгімелесіп қайтты. Бұл отбасылардың үйлерін тексере келе Қанабатырова Камчатты бала тәрбиесімен дұрыс айналысып, ішімдік ішпейтіндіктен тіркеу есебінен алынады деген пікірлерін айтып кетті. Мектептің педагог- ұйымдастырушысы Н.М.Бугенбаева үнемі балалардың сабаққа келуін қадағалап, тексеріп, тіркеп отырады. Сабақтан қалған балалардан анықтама және түсінік талап етіп, қадағалап отырады. Себепсіз сабақтан қалатын оқушы жоқ. А.Т.Бозованың ұйымдастыруымен «Зиянды әдеттерге қарсы тұру», «Денсаулық- зор байлық» атты плакат, сурет байқауы өтті. Жетістікке жеткен оқушылар мектепішілік мақтау қағаздарымен мараптатталды. 2020 жылдың наурыз айынан бастап қашықтықтан білңм алу кезінде де бұл жұмыстарды онлайн арқылы жалғастырудамыз. Зум платформасы арқылы бірнеше рет ата- аналармен жиналыстар өткізіп тұсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Кәмелетке толмаған мектеп оқушыларына ватсап желісі арқылы жадынамалар тараттық. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін қызықты да тәрбиелік қашықтықтан мәні зор шаралар ұйымдастырудамыз.
Мектеп директоры: Ш.К.Бозов
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Г.М.Дарменбекова