«Әскери – патриоттық ТӘрбие негіздері» ПӘні бойынша оқУ Әдістемелік кешен


тақырып: Халықтың әскери және еңбек дәстүрінде жастарды тәрбиелеу 4 сағат



бет4/5
Дата21.04.2017
өлшемі1,45 Mb.
#14403
1   2   3   4   5
5 тақырып: Халықтың әскери және еңбек дәстүрінде жастарды тәрбиелеу 4 сағат.
1. Әскери және еңбек дәстүрінің болмысы мен оның тәрбиесіне қатысы.

2. Ұрпақтар сабақтастығы концепциясының мазмұны.

3. Қоғамның идеялық нығаюы Қазақстанның прогресттік жағдайы.
1. Еліміздің барлық еңбек дәстүрлерінің болмысы, өздерінің ұлттары кім болса да, іс жүзінде ұжымдарға – қоғамның әлеуметтік ұяларына біріккен. Бұл адамдардың қарым-қатынасының ең тұрақты саласы. Қай еңбек ұжымдарында болса да, оны құрайтын мүшелерінің арасындағы қатынастар өзінің мәні жөнінен әлеуметтік қатынастар болады. Бірақ бұл қатынастар егер ұжымның әр түрлі таптары мен әлеуметтік топтары өкілдерінің арасында әр түрлі ұлттардың адамдары болатын болса, ұлттық қатынастар ретінде де көріне бастайды.

Көп ұлтты еңбек ұжымдарында экономиканы дамыту міндеттерін бірлесіп шешілуі оларда нағыз іскерлік ынтымақ, творчество ахуалының жасалуына жетуге, әр түрлі ұлттар адамдарының арасында сенім мен достық қатынастар орнауына жәрдемдесетін идеялық-адамгершілік ахуалының жасалуына жетуге мүмкіндік береді.

Жарқын болашақ жолындағы күресте адамдар әрқашан ерлік пен жанқиярлық көрсетіп келді. Алайда әлеуметтік прогресс жолындағы күрес жылнамасына көз салсақ, адамдардың күш-қайраты көбіне өз мақсатына жете алмағанын байқаймыз. Осы күш-қайраттың бірікпеуі, прогресс жолындағы күрескерлер қатарында топтасқандықтың болмауы ең батыл деген бастамаларды жеңіліске душар етіп отырды. Ұлы гуманист Эразм Роттердамский «Әлемнің шағымында» (1517 жыл) адамдарды қан төгіс соғыстарды тоқтату мақсатында бірігуге шақыра отырып былай деп жар салды: «Сонымен, сіздерді осал жіп емес, адам үзе алмайтын алмастай берік арқау байланыстыратын болсын, бар ойларыңызды, бар тәжірибелеріңізді осыған жұмсаңыздар» .

2. Тәрбие-жеке адамның бойында белгілі бір әлеуметтік - саяси және адамгершілік қасиеттерді; мінез - құлық белгілерін, дағды, сенім, ерік - жігер қасиеттерін қалыптастыру мақсатында оған нысаналы әрі ұйымдастырылған түрде ықпал ету жүйесі. Тәрбие әлеуметтік практиканың қоғамдық қатынастардың типінен туындайтын ерекше формасы болып табылады.

Сондықтан антагонистік қоғамда ол бір жағынан әрдайым таптық мүдделер мен мақсаттардың қақтығысуымен қабаттасады, ал екінші жағынан - ол қоғамдық өмірдің түрлі салаларында үстем таптың позициясын нығайтуы, оның көзқарастарын халық бұқарасына таңуы тиіс.

Жаңа қазақстандық қоғамдық құрылысқа көшу тәрбие беру үдірііісінде халық мүдделерінің қақтығысуы проблемасының өзін күн тәртібінен түсіреді. Ұлыстар топтары ассамблия алдында ғылыми, ұлттық-дүниетаныммен қаруланған, демократиялық мұраттарына шексіз берілген, жан - жақты дамыған жеке адамды қалыптастыру қажеттігіне байланысты міндеттер комплексі құрады. Қазақстандықтарға идеялық - саяси, еңбек, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, діни және дене тәрбиесімен қатар интернационалистік - патриоттық тәрбие беру биік мақсатты демократиялық мұраттарға жету жөніндегі қызметі өздерінің сенімімен ұштасқан жан - жақты және үйлесімді дамыған адамдарды тәрбиелеу мақсатын орындауға бағытталған.

Интернационалистік тәрбие берудің біршама дербестігі және қайсы бір ерекшелігі бар, мұның өзі елде адамдар қауымдастығының әлеуметтік-тарихи формалары - ұлттар мен ұлыстардың болуымен айқындалған. Өз кезегінде, таптарға сараланған Қазақстан қоғамында ұлттардың, ұлыстардың болу фактісінің өзі, ұлттық сезімдерге, санаға, ұлттық мақтаныш пен қадір-қасиетке демократиялық мазмұн беруге тиіс таптық интернационолистік тәрбие қажеттігін алға тартады. Осылайша тәрбие беру міндеттерінің бірі мәдениеттің, тұрмыстың, әдет - ғұрыптардың, дәстүрлердің және т. б. ұлттық ерекшеліктерін сақтаушы ретінде көрінетін жеке адамның ұлттық құндылық ұғымын негіздеу.

Интернационалистік тәрбие демократиялық қоғамда ұлттық өмір саласына ғылыми, партиялық және мемлекеттік басшылық жасаудың аса маңызды бағытты дұрыс жолға қойылған бұл тәрбие еліміз халықтарының арасында достықты нығайтуға, келеңсіз тенденцияларды жоюға, ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыруға жағдай жасайды.

Ұрпақтар сабақтастығы, әкелердің мұраттарының балаларға мирас болуы, яғни аға ұрпақ өкілдерінің патриоттық сананы қалыптастыру, халықтар достығын дамыту жөніндегі тәжірибесін, білімін мұра ету қазақстандық идеологиялық қызметінің, тәрбие процесін жетілдірудің қажетті шарты. Демократиялық құрылыс міндеттерінің іс жүзінде орындалуы түрлі жастағы адамдар ұрпағының біртұтас сапта ойдағыдай ілгерілей алатынын, патриотизм ортақ мақсаттар жолында, халықтар достығының идеялары жолында күресе алатынын көрсетеді, өйткені әкелер мен балалардың өздерін ортақ мұраттар біріктіреді. Елімізде халықтар арасында да, сондай - ақ ұрпақтар арасында да бірінен - бірі алшақтауға, сенімсіздікке себеп боларлық әлеуметтік негіз жоқ. Патриоттық және интернационалистік сана Қазақстан халқының рухани, интеллектілік жеңістерін жас ұрпақтың меңгеруіне тура әрі тікелей байланысты.

3. Патриот болу - еліміз халықтарының рухани күштерін анықтауға көмектесу, оларды демократия мүдделері үшін пайдалану деген сөз. Осының өзінде патриот -интернационалистер ұлттық сипатты ешқашан жоққа шығармайды, ұлттық сипаттың, ұлттық мүдделердің ақиқат мәнін бұрмалаушылармен идеялық күрес жүргізеді. Интернационалистік- патриоттық тәрбие практикасы әрбір қазақстандықтың санасына мынадай ойды жеткізуді мақсат етіп қояды: Патриот - интернационалист адам халықтардың теңдігі мен тәуелсіздігін танып қана қоймай, сонымен бірге оларды барлық халықтардың демократияны жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешу жолындағы бірдей жауапкершілігімен ұштастыруға міндетті. Халықтардың теңдігі, тәуелсіздік идеясының өзі олардың патриоттық- интернационалдық борышы идеясымен етене бірлікте көрінуі тиіс, ол идея өз кезегінде, қазақстандықтардың бойында басқа халықтарды құрметтеу сезімін тәрбиелеуді талап етеді.

Құрметтеу - олардың арасында шынайы туысқандық қатынастарды орнықтыру мен дамытудың қажетті шарты. Азаматтардың ұлттық қадір-қасиетін құрметтеу туралы, Қазақстан халықтарының достығын нығайту туралы қағида конституцияның - еліміздің негізгі заңында баянды етілген.

Кез келген ұлттың, ұлыстың даму процесі, демек бүкіл көп ұлтты Қазақстан халқының даму процестерімен өзара етене байланыста болады. Осы қауымдастыққа қатыстылық сезімін тәрбиелеу – патриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен бірге қоғамның жалпы идеологиялық қызметінің де басты міндеттерінің бірі, жаңа тарихи қауымдастыққа қатыстылық сезімін тәрбиелеуде белгілі бір өзгешелік және сонымен бірге қиындық та бар. Шындығында, егер өз ұлтына қатыстылық сезімі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келсе, ал адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы болып табылатын Қазақстан халқының бір адамымын деп сезіну - қазақстандық өмір салты, біздің бүкіл шындығымыз туғызған жаңа әлеуметтік сезім.

Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты қүшейту, назарды осы мәселеге шоғырландыру - өмір алға тартып отырған қажеттілік. Міндет, демек, әрбір Қазақстан азаматы шаруашылық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, мәдени міндеттерді шеше отырып, бұл міндеттерді әбден ұғына отырып және де тек ұлыстың, ұлттың, республиканың өкілі ретінде ғана емес, ең алдымен неғұрлым кең әлеуметтік және интернационалдық қауымдастық - Қазақстан халқының өкілі ретінде орындауында.

Бірақ көп нәрсе идеологиялық жұмыстың жақсы жолға қойылуына да байланысты. Саралай отырып жекелей тұрғыдан қарауға нұқсан келтіру арқылы істің жалпы көлемімен әуестену, жалпы бұқаралық шаралардың со-ңына түсу әлі де аз емес. Қазақстан қоғамы, деп атап көрсетілген елімізде бұл халықтардың - патриоттар мен интернационалистердің жоғары ұйымшылдығының, идеялылығы мен саналылығының қоғамы.

Қазақстан адамдарына патриоттық және интернационалистік тәрбие берудің терең ішкі байланысы мен бірлігі демократия әлеуметтік-таптық табиғатынан, интернационализм мен патриотизм жаршылары түрлі ұлттардың түбегейлі мүдделерінің бір жерден шығуынан туындайды.

Патриотизм біздің еліміздің халықтарын бір-біріне қарсы қоймайды, қайта оларды туысқандық бір отбасына топтастырады, демократиялық қоғамды басқа елдердің халықтарынан бөлектемейді, қайта олардың арасындағы, ең алдымен достастық елдерімен сан қырлы байланыстардың дамуына жәрдемдеседі. Патриоттық және интернационалистік тәрбиенің бірлігі ұлттардың, ұлыс-тардың теңдігіне, біртұтас қазақстандық идеологияға негізделген біздің көп ұлтты мемлекетіміздің дамуы мен жетілуінің практикасымен нығая түседі. Қазақстандық демократиялық қоғамның күнбе-күнгі ұйымдастырушылық және идеялық-тәрбиелік жұмысы бірліктің нығаюына жағдай жасайды.

6 тақырып: Бастапқы әскери дайындық және басқа сабақтарда оқушы жастарға әскери патриоттық тәрбие беру 4 сағат.


  1. Оқу процессі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі.

  2. Тактикалық, оқ ату, саптық дайындықта, сондай-ақ тарих, әдебиет, география және т.б. пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімінің қалыптасу ісіне мұғалімнің жүйелі түрде жұмыс істеуі.

  3. Қазақстан Республикасының концепциясына ұқсас құрылуы.

1. Елбасының 2005 жылы екінші шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызымет туралы» Заңына сәйкес шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 24-ші мамырдағы «Мемлекеттік органдардың азаматтық әскери қызыметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» №449 қаулысындағы бірінші қойылым оқу орындарындағы әскерге шақырылу және әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықтан өткізу болып отыр.

Жастардың патриоттық тәрбие алып шығуы, оларда қазақстандық патриотизмге, елжандылыққа, отансүйгіштіке тәрбиелеу жұмысында бастапқы әскери дайындықтың мәні зор.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас Қолбасшысы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында бірінші болып ұлттық қауіпсіздік тұратыны бәрімізгі мәлім. қайталайды

Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды патриоттық тәрбиедегі нәтиже - оның барысында қалыптасатын жаңа адам. Яғни, бостандықты жеңіп алып, оны қорғай білетін, болашақты құра білетін, барлық сан - сынақтардан өтіп саяси мұраттылықты, жеке басының мәдениетін, білімін іс-әрекетте кедеге жарата көріне алатын патриот. Мұндай -адам, болашақтың нағыз патриоты болумен бірге, ізбасар интернационалист те бола алады.

Патриоттық тәрбие, ең алдымен, азаматтық тәрбиемен тығыз байланысты болғандықтан, мұнда өзара қатынастар мен заңдылықтар жүзеге асырылады. Студентттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие сапасын қалыптастыру үшін тєрбие барысындағы кез - келген іс - әрекет осы бағытта жүргізілуі тиіс.

Осыған орай студенттерге патриоттық тәрбие беру сапаларын қалыптастыру мақсатында этнопедагогика заңдылықтарын анықтауға, оны студенттердің жеке тұлғалық ішкі сеніміне интелектуалдық, эмоциялық және психологиялық әсерін көрсетуге талпынамыз.

Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өзі елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу мақсатында әзірленді.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, соның ішінде:

Азаматтардың мақсаты топтарының бойында байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністіктік сезім қалыптастыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық алғы-шарттары мен шаралар жүйесін құру;

Тұтастай алғанда мемлекетт пен қоғамның, жеке алғанда мемлекет пен оның азаматтарының өзара іс-қимылын, атап айтқанда қазақстандық патриотизмді, төзімділікті адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жөніндегі кешенді іс-шараларды өткізу кезінде қамтамасыз ету;

Өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтік алғышарттар жасау болып табылады;

Тұтастай алғанда мемлекеттік бағдарлама азаматтардың Отанның мүддесіне жасампаздық қызымет атқаруды, мемлекетті нығайту, оның ұлттық мүдделерін қорғау мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет маңызды қасиеттерін дамытуға арналған.

2. Студенттерге патриоттық тәрбие беруді қорғаныс–спорт бағытындағы өзгедей жұмыс түрлерімен бірге кешенді түрде зерттеуді ұсынымамыз.

Әскерге дейінгі жастар арасында бірінші курс студенттерімен мектептің 11 сынып оқушылары арасында әскери - спорттық жарыс өткізуді ұсынамыз. Жарыс бағдарламасында арқан тарту, кедергілерден өту, кермеде тартылу, эстафеталық жарыстар қарастырылған.

Студенттердің аудиториядан тыс іс–шараларына кеш, диспут,теренинг, спорттық жарыстар, лекция, экскурсиялар сияқты формалары мен түрлері жүргізілді.

Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбиені бойына дарыта білетін, халық дәстүрлерін біліп, естіп, онымен таныс болып, дәстүр адамгершілік мінез-құлық пен патриоттық қасиет сапаларын, қайырымдылық, инабаттылық, батылдық, қайраттылық, төзімділік, еңбексүйгіштік қасиеттердің қалыптасуына қатысты бағыттарды айқындауда білім мен тәрбие беретін пәндердің бірі бастауыш әскери дайындық пәні.

Студенттерге патриоттық тәрбие беруде, өзіндік ой өрісі мен ойдағыдай еңбектенуіне байланысты оның біліктілігі мен қабілеті дами түсетіні, тәрбиенің жан – жақты болуы әрі тәрбие түрлеріне байланысты мүмкіндіктердің жасалуы қажетті дағдыларды меңгеруіне көмектесері сөзсіз. Бұл осы патриоттық тәрбиенің арасында тарихи қалыптасқан жүйенің үзіліп қалған жерін қайта жалғастыруға жағдай жасап, қазіргі кезеңдегі патриоттық тәрбиенің даму ұстанымдарының негізгі бағыттарын айқындайды.

Сондықтан патриоттық тәрбиенің мазмұнын танып білуге студенттерді болашақ әскери дайындықтың маманы ретінде жүйелі, синергетикалық көзқарас тұрғысынан қарауға, демек біртұтас патриоттық рухқа үйрету керек.

3. Жоғары білім беру ісінде студенттерге берілетін патриоттық тәрбие жалпы ортақ сипатта болады және түрлі жарлықтарға, нұсќауларға немесе патриоттық тәрбие талаптарына сәйкес деңгейіндегі жүргізілетін мақсаттарға тікелей байланысты.

Сондықтан да іргелі-іргелі университеттерде жоғары білім беру жүйесінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің негізгі қағидалары болып табылатын бұл ұстанымдардың өзіндік ерекше мазмұны да бар. Бұлардың әрқайсысы студенттерге патриотттық тәрбие беру жүйесінде іргелі мән – мағынаға ие болады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың бойында жоғарғы патриоттық сананы, өзі елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу мақсатында әзірленді.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, соның ішінде:

Азаматтардың мақсаты топтарының бойында байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністіктік сезім қалыптастыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық алғы-шарттары мен шаралар жүйесін құру;

Тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамның, жеке алғанда мемлекет пен оның азаматтарының өзара іс-қимылын, атап айтқанда қазақстандық патриотизмді, төзімділікті адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жөніндегі кешенді іс-шараларды өткізу кезінде қамтамасыз ету;

Өркениетті азаматтық және тұлға аралық қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтік алғышарттар жасау болып табылады;

7 тақырып. Сабақтан тыс уақытта оқушы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру 4 сағат.
1. Оқушы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде түрлі үлгілерді пайдалану. Халықтың соғыс және еңбек даңқы орындарына саяхат жасауы, соғыс және еңбек бұрыштарын, бөлмелерін, мұражайларын ашу.

2. Соғыс еңбек ардагерлерімен кездесулер, тақырыптық кештер, қоғамдық-саяси оқылымдар мен ақпараттарды ұйымдастыру және өткізу. Теориялық конференцияны дайындау және өткізу. Әскери-патриоттық тақырыпта оқырман конференциясын өткізу және дәрісті талқылау әдістемесі.


1. Сабақтан тыс атқарылатын жұмыстарды бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі ұйымдастырушысы болып саналады.

Сондықтан мектептің жалпы жылдық жоспарына әскери патриоттық тәрбие жөнінде және оқу-материалдық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге тырысады. Мектепте жыл басында әскери-патриоттық кеңес құрылады. Кеңес жыл бойғы жүргізілетін жұмыстарды жоспарлайды.

Бұрынғы «Зарница», «Орленок» ойындарының орнына «Жас Ұлан», әскери патриоттық ойынын өткізу ұсынылады. Бірақ ойынның республикалық тұрғыдан әлі күнге дейін қолдау таппай отырғанының себебі, мақсаты мен қалыпты ережесі нақты бекітілмеген.

Мектептерде жыл сайын әскери патриоттық айлық өтеді. Айлық жоспарды кеңес мүшелерімен келісіп, мектеп диреторына бекітіледі. Әсіресе оқушылардың әнұранды жатқа айтуларын, егемендігіміздің нышандары болып табылатын мемлекеттік рәміздердің авторларын, олардың гералдика заңдылықтары бойынша нені білдіріп айшықтайтынын білулеріне баса назар аударамыз.

Кіші сыныптарда табиғат, қоршаған орта тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілсе, жоғарғы сыныптарда «Отан қорғау-міндеті» туралы түрлі кештермен, тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі. Ал айлық ішінде әр дүйсенбілік жиында «Ұлан сарбаздарының жылдық тойы», «Отан күзетінде»-деген тақырыптарда сынып жиындары өткізіледі.

Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы және Ауғаныстан соғысы ардагерлерімен кездесулер де осы айлық аумағында мамыр айында өткізіледі. Ал спорттық жарыстардан төменгі сыныптарда «Қызыл жалау» ойыны, орта сыныптарда кіші футбол, пионер, ойындары жарыстар ұйымдастырылса, ал жоғарғы сынып оқушыларымен басктбол, волейбол, президенттік сынамалар тапсырылады.

Әскери патриоттық айлық кезінде мұғалімдер ұжымының белсенділіктерін арттыру мақсатында әр аптаның сәрсенбісінде сабақатан тыс уақытта «денсаулық сағаттары» ұйымдастырылып, шахмат, стол теннисі, үлкен футбол жарыстары ұйымдастырылады.

Мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт ойындарына арналып жасалған сценарий.

Өтетін мерзімі:

Жарыстың басталуы:

Өтетін орны:

Қатысушылар марш естілісімен ұйымдастыру алқасы мен қонақтарға қарсы келіп сап түзеп тұрады.

Сапты алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушысы басқарады. Ол ұйымдастыру алқасы төрағасына келіп жарысқа байланысты сап түзеп тұрғаны туралы хабарлайды.

Жүргізушілер сөзі:

Қайырлы таң жарысқа қатысушы спортшылар мен қонақтар: Сіздерді мектеп оқушылары арасындағы Ұлттық спорт ойындардан өтетін жарысқа қош келдіңіздер бүгінгі жарыста мықтыларыңызды жеңіске жетіулеріңізге тілектеспіз.

Сап басқарушы: Тік тұр! Түзел! Туға қарап Тұр! (әнұран ойналады). Еркін тұр!

Жүргізушілер:

Жарысқа қатысушылар мен қонақтар!

Дәстүрлі мектеп оқушылар арасында өтетін Ұлттық ойындардан өтетін жарысқа Қош келдіңіздер.

Сөз кезегі беріледі:

Мектеп диреторына беріледі аты жөні;

Шақырылған қонақтарға.

Қойылатын көрсетілімдер:

Көркем гимнастика, Ән «Жан сырым».т.б.

Сөз береіледі жарыстың бас төрешісіне:

Бас төреші:

Жарысқа қатысушылар!

Жарыс арнайы жасалынған бағдарлама бойынша төменгі ретпен өтеді.

1.Тоғызқұмалақ

2.Қол күрестіру

3.Кірдің тасын көтеру

4.Дартц (3 бақылау,5 сынақ).

5.Қазақ күрес

6.Арқан тарту.

Сапты басқарушы:

Тік тұр! Түзел! Жалпы бұйрық «оңға бұрыл!», орындарыңнан алға алаң бойымен қадамдап бас.

Барлық төрешілер өздерінің жауапталған спорт түрлерінен жарыс өтетін орынға тұрыңыздар.

Барлық түрлерінен жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар марапаттауға сап түзеп тұрады.

2. Мектептегі оқушылардың пневматикалық мылтықтан оқ ату даярлықтарына аса назар аударылады. Пәнаралық байланысты пайдалана отырып ән пәнінің мұғалімдерінің келісімімен ән сабақтарында әр сынып өздеріне патриоттық тақырыпта әндерін дайындайды.

Сынып жетекшілері «Өмір қауыпсіздік негіздерін» жүргізе отырып жыл бойына белсенді санитарларын анықтайды. Сол сияқты спортшылар дене шынықтыру сабақтарында анықталса, әр сыныптың редкоегия мүшелері сурет, сызу сабақтарында анықталады.

Қарулы Күштердің әскери бөлімшелеріне жоспарлы түрде жоғарғы сынып оқушыларын апарып, әскери бөлімнің тыныс тіршілігімен сарбаздардың өмір –салттарымен таныстыру жүргізіледі.

Оқушылардың болашақ сабаз өмірі жайлы түсініктері молайып, әскери техника мен осы заманғы қаруларын көзбен көріп, қолмен ұстауы қазіргі заманғы Қарулы Күштер жайында көзқарасын қалыптастырып егемен еліміздің ертеңіне үлкен сеніммен қарауларына септігін тигізеді.

Қазіргі мектеп өмірінде оқушыларды әскери мамандықтарға қызықтыру жолында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу маңызды проблемаға айналып барады.

Әсіресе ұлттық мектептердегі түлектер әскери мамандықты таңдаулары төменгі деңгейде. Оның көрнісін ұлттық мектептерді бітірген балалардың әскер қатарынан аз көрінуі.

Бұдан шығатын қортынды: Әскери – патриоттық тәрбие бүкіл мектеп ұжымына байланысты болып, пәнаралық байланыстың арқасында бәрі бір жерден тоғысып жатады. Тек соған дұрыс бағытбағдар беріп, нұсқау жасай білу – алғашқы әсери ұйымдастырушысының мақсаты деп есептеймыз.
8 тақырып: Жаппай қорғаныс және спорт жұмысын өткізу процесінде оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру 2 сағат.
1. Жаппай қорғаныс және спорт жұмысын жоспарлау және өткізу. Оқу орында жаппай қорғаныс әдісін және түрлі формаларды пайдалану.

2. «Қалқан», «Ұлан» және тағы басқа әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша «Президенттік тест» талаптарын орындау
1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу болашаққа апарар жол деп елбасы атап көрсеткендей: «Өзінің ұлт саясатының ұлттық қағидаларға адал қазақстандықтар бұдан былай да біздің ел халықтарының туысқандық достығын тынымсыз нығайтып, қазақстандық халықтарды еңбекшілерді патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелейді...». Бұл тәрбие әрдайым әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және идеологиялық міндеттерді шешуге бағындырылған, яғни ол әрдайым мейлінше нақты-тарихи сипатта.

Осының өзінде не бір, не екінші аспект бірінші қатарға шығуы мүмкін, интернационалистік-патриоттық тәрбие берудің практикасында басым болуы мүмкін, мұның өзі қоғамның нақты міндеттерді шешуінің кезегіне де, сондай-ақ қоғамды демократияландырудың әрбір кезеңіндегі идеологиялық қызметінің ерекшеліктеріне де байланысты.

Бұл жұмыста интернационализм мен патриотизмнің демократиялық концепциясының теориялық негіздерін, ғылыми мазмұнын ашып көрсетудің демократиялық патриотизм мен интернационализмнің еліміздің барлық ұлттарының, ұлыстарының әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресіне тұтасымен қызмет ететіндігінің объективті фактісін негіздеудің зор маңызы бар.

Отанымыздың астанасындағы халықтар достығы музейінің қызметі туралы республикалық журналдарда, газеттерде көп жазылды, ол үлгі алуға лайықты деп қарастырылды. Бірақ, көріп отырғанымыздай, халықтар достығы музейі республикада ұлттық қатынастарды жетілдіру жөніндегі орталыққа әзірге шындап айналып отыр.

Халықтар достығы музейлері, интернационалдық достық клубтары, қазақстандық жаңа дәстүрлер, рәсімдер мен ғұрыптар жөніндегі комиссиялар, әдетте, өз жұмыстарын тұтас елміз өміріндегі даңқты оқиғалар жақындағанда ғана жандандыра бастайтынын көрсетіп отыр. Соңғы республикалық басқосуларда интернационалистік-патриоттық жағдайын ескеретін жаңа формалары мен әдістерін іздестіруге байыптап назар аударылды.

Тәрбие беру формалары мен әдістері демократияның ілгерілеу қозғалысының әр кезеңінде қоғам шешетін міндеттерден туындайды; олардың деңгейі әрдайым жетілдіріліп отырады. Тәрбие берудің формалары мен әдістерің жетілдіру - кәсіпорындар мен мекемелер жанындағы интернационалистік және патриоттық тәрбие беру жөніндегі қоғамдардың қамқорлығына алынатын мәселе. Соңғы жылдары олар барынша кең таратылды.



2. Алғашқы әскери дайындық бойынша мамандық алатын оқушылардың дене тәрбиесі жөніндегі білімін, іс-тәжірибе жүзінде өтетін кимыл қозғалыс іскерлігі мен дағдысын, дененің сапалық қасиеттерін дамытып меңгеруі өмір талабына сай жүргізілуі қажет. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі студент ертедгі жоғары дәрежелі ұстаздың жастарды тәрбиелеу ұшін өзінің алғашқы әскери дайындығындағы дене тәрбиесі жұмыстарының киындықтарын өз басынан өткізуі заңды мәселелерінің бірі деп ұғыну маманданудың алғашқы шарты деп түсіну абзал.

Жас жауынгерлердің дене тәрбиесіндегі кейбір ерекшеліктері, оның өткізу әдістемесінде. Жастардың алдында койылатын негізгі мақсат денсаулығын нығайтып алғашкы әскери колдадбалы дағдысын дамытып жетілдіру, дене дайындығын жауынгерлерге тән дәрежеге жеткізу.

Ол үшін денесінің қозғалыс сапалары күш жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштікті дамытып күнделікті жауынгерлік өміріндегі қиыншылықтарды жеңіл өткеріп, өзін-өзі жетілдіру саласына негізін салды. Сонымен қатар, дұрыс адымдап, тез жүру мен ойлы-қырлы жерлерде жүгіру, шаңғы тебу мен әскери талабындағы жүгірістерді игеру іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Жауынгерлер алдында түрған күрделі козғалыстарды қысқа мерзімде, тиімді үйреніп шешуде дене тәрбиесінің барлық түрлерімен формаларын дұрыс пайдаланып жауынгердің алдына қойылған әскери талаптарды бұлжытпай орындау. Бұл талаптарды орындау барысында тек қана сөз жүзінде емес, берілген ауырытпалықты біртіндеп қажырлықпен, орындауды қажет етеді. Іскерлігін керекті дәрежеге жеткізіп іс-тәжірибе түрінде орындап, керек жағдайда әрқайсысымен жекеленген шараларды өткізу арқылы тәрбиелеу.



«Алау» әскери-спорттық ойын ережесі

«Алау» әскери-спорттық ойынды өткізудегі мақсат:



Әскерге шақырылатын Қазақстан жастарын патриоттық және Қазақстан Республикасының «Жалпы әскери міндеті мен қызметі» туралы заңды орындауға, Қазақстан Республикасы Карулы Күштер кызметіне даярлау;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрін үйрену, оқушылардың әскери-техникалык сабағында іскерлік пен дағдыны, жалпы қырып жоятын қарудан қорғану тәсілдерін, саналы тәртіптіліктің түрлері ерік,ержүректілік, тапқырлық, батылдық, жауапкершілік пен жолдастық борышын өтеуге үйрету Президенттік тестіні орындап, салауатты өмір салтын үгіттеу.

Ойынға қатысушылар



Ойынға жалпы орта білім беретін мектептердің 5-8 сынып оқушылары қатынасып, мына аталған отрядтар ұйымдастырылады:

  • Отряд командирі;

  • Барлаушылар;

  • Атқыштар;

  • Санитарлық күзет;

  • Жауынгерлер листогінің редакторы;

  • Өрт сөндірушілер тобы;

  • Байланысшылар;

  • Қозғалыс көлігін реттеуші.

Отряд командирі ашық дауыспен отряд жиналысында сайланады. Жас жауынгерлер отряды бір кластың немесе параллель кластың 5-6 немесе 7-8 класс оқушыларынан жасақтанады.

Жас жауынгерлердің жұмыс мазмұны мен ойынды өткізу формасы.

Жас жауынгерлердің әскери-спорттық ойыны «Алау» жұмысының мазмұны:


  • патриотты-ерлікке тәрбиелеу;

  • жас жауынгерлердің жалпы дайындығы;

  • жас жауынгерлер мамандығына дайындау; жер жағдайъшдағы ойын.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еңбек пен жауынгерлік дәстүрлерін үйренуге бағытталған патриоттық-ерлік жұмысы:

  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу,

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік символы герб, әнұраны мен туын кұрметтеу;

  • әскери іске ынтасын аударьш қалыптастыру,

  • Қазақстан Республикасы Қарулы күшінде барлық ықласымен әскери міндетін атқару, Қарулы күштердің түрімен танысып, әскерлер түрлерінің техникасы, қаруы меи әскери мамандықтарды Отан қорғау, әскери ант, орденмен медальдар үғымын ұғыну.

Қарулы күштердің тарихын білу, әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік жолын, азаматгық қорғанысыньщ дамуы. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі, мектептін әскери музейінің істерімен танысу Соғыс және еңбек ардагерлеріне, кайтыс болған жауынгерлердің жанұяларына тұрақты көңіл аударып, қамқорлық жасау.

Облыстағы әскери бөлімдермен мектеп арасьнда (екі жақты) өзара қарым-қатынасты орнатып, әскери бөлімдерге барып, техникалары мен жауынгерлердің өмір-тұрмысымен танысып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде өз міндетін атқарып жүрген мектеп түлектерімен хат-хабар алмасып тұру.

  • Мектептерде «Жас шекарашы», «Жас байланысшы» клубтарын ұйымдастыру, шекарашылар отрядымен бағдарламаға сәйкес кездесу өткізу.

Соғыс және еңбек ардагерлерімен Республикалық мектеп-интернат, әскери училищенің курсантгарымен кездесуді ұйымдастыру. Ерлік туралы сабақтар мен тақырыптық ойын өткізіп, оқу кештері, әскери патриоттық такырыпта пікір алысу

Жас жауынгердің жалпы дайындығы

Саптық жаттығу

5-6 сынып оқушылары: үш-екі және бір қатар саппен жүру, бір қатарлы саптан үш катарлы сапқа бөлініп тұру, бір орында бұрылу, Оң-ға, сол-ға, арт-қа бұрыл, саптық қадаммен козғалу, жүру кезінде сөйлеу мсн өлең айту.

7-8 сынып оқушылары: қосымша отряд құрамында қозғалыс кезінде бұрылу мен артқа айналып бұрылуды және мылтық ату дайындығынан өтеді.

5-6 сыньшта Президент тестісіндегі атуды пневматикалық винтовкадан атады.

7-8 сыныпта Президент тестісіндегі атуды шағын колибрлі винтовкадан атады.

Азаматтык корғаныс.



5-6 сынып окушылары: мақталы - дәке танғышын дайындау, азаматтық қорғаныс сигналы бойынша орекет жасау, закымдануда өзара көмек көрсетді 30 минут противогаз киіп отыру.

7-8 сьшып оқушылары қосымша химиялық залалданған жерлерден өту, жалпы әскери қорғану комплектісін кию, зақымданған адамға противогаз кигізІп, алғашқы дәргерлік көмек көрсетіп, қолдагы бар саймандарды қолданыгт зақымданған адамды залалданған жерден алып шығу. Жартылай дизинтификация, дезактивизация жасап. қорғаныс комплектісімен противогазды залалданған жерден шыкқаннан соң шешу,

Жас жауынгерлерді мамандыққа дайындау



Отряд командирі түргеп тұрып басқарады, отрядты жорық сапынан тізіле жүру сапына ауыстырьш одан қайта колонналарға ықшамдау, жер жағдайын бағдарлау, қарта бойынша топографиялық шартгы белгілерді анықтау. Карта бойынша сызғышпен арақашықты өлшеу, азимут тапсырмасы бойынша жылжу, мақсатгы жерге дейінгі қашықтықты өлшеп, жартылай арнайы жөндеу жұмысын дұрыс жүргізу мен залалданған жерден жүріп өту ережесін білу, жас жауынгерлердің жалпы дайындығындағында карастырылған әртүрлі әдістер мен жаттығуларын біліп орындау.

Барлаушылар.

5-6 сынып оқушылары; топографиялык; картаның шартты белгілерін оқып білу, жер жағдайын бағдарлау, азимут бойынша нәрселерді анықтау, жасырына білу.

7-8 сынып оқушылары: қосымша топографиялық картада қашықтықтарды өлшеуіш кұрал мен сызғыш арқылы өлшеп, прибор арқылы радиация деңгейін анықтап, жолын тауып залалданған жерді айналып өту, командирге мәлімдеме жасау.

Байланысшылар.



5-6 сынып оқушылары: жалаушамен сигнал беру, телефон арқылы хабарлама жасау, жалауша семафорын білу.

7-8 сынып оқушылары; қосымша телеграф әріптері боиынша жалаушамен хабар беру, кабель линиясын табу, дала телеграф аппараты мен радиостанциясына қосып байланысқа шығу, хабарлама беру.

Атқыштар

5-6 сынып окушылары: жорық сапымен жүруді білу, ыкшамдалып тізіле журу. еңбектеп, әлсін-әлсін жүгіру, граната лақтыру, шабуылға шығу (30 м. қашықтық).

7-8 сынып оқушылары: косымша жерді бағдарлай білу. Калашников автоматьш жартылай бөлшектеп жинау, шабуылға шығу (30 м. қашықтық).

Санитарлық күзет мүшесі

5-6 сынып оқушылары: сынық, күю, үсу, қан акқанда алғашқы медициналық көмек беруді білу, зақымданған адамды алып жүру, дәрі шөптерді медицинада Іс жүзінде қолдану.

7-8 сыньш оқушылары: алғашқы көмек көрсету ісін жетілдіріп зақымданған адамды алып жүрудің барлық жолдарын біліп, суға кеткен адамды құтқару оған алғашқы көмек көрсету) берілген азимут бойынша жүру.

Қозғалыс көлігін реттеуші.



5-6 сынып оқушылары: реттеушінін дене кимылының светофор белгілеріне дәл келуін білу, жол таңбаларын, жаяу жүретіндердің міңдетін және велосипед тебуді білу.

7-8 сынып оқушылары: қосымша жол көліктерін жол қилысында өткізу ретін білу, тоқтау жолының қашықтығын, машиналардың маркасын және оның маңызын білу.

Өрт сөндірушілер тобы.

5-6 сьнып оқушылары: өрт сөндіру шараларын іс жүзінде жүргізу мен өрт сөндіргішті қолдану ережесін білу.

7-8 сынып оқушылары шлангларды қолмен қосып, кедергілерден өту (үй, шарбақ) өрт сөндіргішті өрт сөндіруде қолдана білу.

Жауынгерлер листогінің редакторы

Уақытында листоктар мен сурет стендісін шығару, отряд командріне саяси мәлімдеме өткізуге көмегін гигізу.

Жер жағдайына байланысты онын өткізу



Жер жағдайына байланысгы 5-6 сьшып оқушылары үшін ойынды жеке еткізеді. 7-8 сынып оқушыларьшен бірге өткізгенде өткізу уакыты қысқартылып, жеңілдетілген міндеттер қойылады. Ойынның мақсаты отрядтың қимылын меңгеру үшін жас жауынгердің бір мамандығы бойынша өткізіледі.

Ұлан ойынын ұйымдастыру.

Әскери патриоттық тәрбие (ӘПТ) – бұл Отанды қорғау бойынша қасиетті борышты өтеуге қажетті жоғарғы психологиялық және адамгершілік – жігер сапа-ларын қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.

Жастардың Әскери патриоттық тәрбие бір түріне «Ұлан » әскери – спорттық ойыны жатады. Ол оқушылардың Алғашқы әскери дайындығы бойынша білімін нығайтып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызмет етуіне дайындайды, сарбазға және жұмысшыға қажетті ептілік, жігер сапаларын дамытады. Ойынға қосылған орта білім мектептері, колледждер, оның балаларға тигізетін оң ықпалын жылдам сезінеді.

«Ұлан» ойыны жеке – бір немесе құрама команда үшін бір рет өткізілетін іс-шарт емес, ол ерлік мектебінің, патриотизм мектебінің жүйелі түрдегі, көпшілік – қорғаныс және спорттық жұмысының жаппай түрі болып табылады. «Ұлан» ойыны «Бастапқы әскери дайындық» қатар жасөспірімдерге жас сарбазды дайындау көлеміндегі қажетті білім мен тәжірибелік дағдыларды алуға және нығайтуға көмектеседі.

Осылайша, «Бастапқы әскери дайындық» қоғамдық түрі, жастарды сабақтан тыс қорғаныс- көпшілік және спорттық іс-әрекеттерге қосу арқылы Отанды қорғауға дайындау жұмысы болып табылады. Бұл ойынға қатысушылар, ұйымдастырушы мен кеңесшілерге, оның дамуы үшін жан-жақты әсер етіп, энтузиастарды еңбек еткісі келетін жастарды тарту қажет. Бұл Қазақстан Республикасының президентінің еліміздің қорғану мүмкіндіктерін нығайту бойынша айтқан өсиеттерін орындауға қосқан маңызды үлес болып табылады.

Ойынды басқару

Ұлан ойынын ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрлігі болып табылады.

Жергілікті жердегі ойынды басқару үшін «Ұлан» және «Алау» ойындарының басқармасы мен штабтары бекітіледі. Олардың құрамына білім беру органдарының, әскери комиссариат, әскери бөлім, «Отан» қорғаныс қоғамы, Төтенше жағдай, Азаматтық қорғаныс, Қызыл Жарты Ай, қосалқы офицерлер кіреді.

Штабтар ұйымдастыру және әдістемелік басқаруды іске асырып, ойынды ұйымдастыру мен ұландықтарды дайындау, нұсқауларды қарастырады, бұйрықтар дайындайды, сабақ өткізеді, сабақ қорытындысын шығарады және т.с.с.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, оларды Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде міндетін атқару жүмысынын бастамасы болып табылады. Отынын сүю халқына адал болып жерін корғау бағытындағы жұмыс мектеп жасынан басталып, орта және жоғары сынып окушыларында арнайы дайындык жүмыстары аркылы іске асырылады. Осы әскери-патриоттьщ тәрбие беруде әскери-спорттық ойындардын бірі «Ұлан» - әскери-спорттық ойынының маңызы жоғары. Оны әскери ойын арқылы жастарымызды еңбек жолы мен әскери дәстүрлерге тәрбиелеп Қазақстан азаматық ертеңгі күннін қорғаушысы, халқымыздың ардақты адамдарының болары анық.

«Ұлан» ойыны бір ғана көріністік жеке адаммен жалғыз команданың ойнауы емес, ол бұқаралык-қорғану мен спорттық жұмыстың жүйелі түрде өтетін бұкаралық сипаты бар жоспарлы жұмыс. Жастардың әскери-спорттық ойынын негізінен ержүрек, батыл патриоттар мектебі деп те атауға болады.

Ол жастарды патриоттық рухта, денесін дамыту, шынықтырумен қоса адамгершілііг қасиетін алғашқы әскери дайындығындағы іскерлігі мен дағдысыы берік бекітіп, отан алдында міндетін аткаруға алдын-ала дайындайды. «Ұлан» ойыны алғашқы әскери дайындығынан басқа да мақсатты орындайды. Ол жас жауынгер дайындығындағы алған білімі мен іс-тәжірибесін жетілдіріп Отан қорғау бағдарламасьша сәйкес әскери мамандықты игерген ұл-қыздардьң қатарын көбейтіп жүйелі түрде сабақтан тыс бүқаралық қорғану мектептегі спорттық жұмыстың мәселелерін кешенді түрде шешеді.

Мектепте «Ұлан» ойынын ұйымдастыру.



Оқу жылының басында 9-сынып оқушыларының жиналысын өткізеді «Ұлан» ойынына қатысушыларды анықтап, алдарына міндет қойылады:

  • өз Отанының патриоты болу;

  • өзін-өзі әскери міндетін атқаруға дайындау ол үшін: кермеде ең кемі 10 рет тартылу, ату, жүзу, Президенттік тестіні орындау;

  • жақсы оқып, тәртіпті болу;

  • «Ұлан» командирлсрінщ бұйрықтарын бұлжытпай тез орындау;

  • үлкенді сыйлап. өзінің сырт бейнесін жинақты ұстау;

  • әскери-спорттық ойынның белсенді мүшесі болу.

Жиналыс барысында бөлімдер мен взводтар құрылып оның командирлері мен әскери басылымның редакторы сайланады. 10-11 сынып взводтары мен басқа взводтар қосылып батальон командирін, оның тәрбие жұмысының орынбасарын. штаб бастығы мен мүшелерін сайлайды.

Ай сайын командирлерді оқыту жұмысы түрлі кестелік жоспарлар, (Ұлан» газеті шығарылып, оқу кестелері жасалады. Мектептерде әр аптада «Ұлан» күні өткізіледі. Оның бағдарламасына ұл балалар үшін: кермеде тартылу, 100 м. кашықтыққа жүгіру, кіші допты лақтыру.



Қыз балалар үшін: шалқадан жатып, екі қолын желкеге қойып отыру қалпына келу, кіші допты лақтыру. Басқа күндері: противогаз аппаратын кию, оны тексеру, 700г гр. граната лақтыру қыздар 500 гр. граната лақтырады. Жұмыс нәтижесі жарыс күнінің аяғында қортындыланады.

«Ұлан» ойындарын өткізуде әртүрлі дайындық жақтары мен ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. «Ұланның» - өз дәстүрі, киімі мен айыру белгілері болады, Олар жөнінде кең мағлұмат мектептерге арналған «Алғашқы әскери дайындығы» оқулықтары қарастырылған.

Ойынды басқару

«Ұлан» ойынын кең көлемде ұйымдастыушылар: Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігі; Қорғаныс Мннистрлігінің тәрбие және әлеуметтік құқық департаменті;

Білім және ғылым министрлігі Денсаулық Мининстрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт министрлігі т.б. Ойынды басқаруға оның штабы құрылады және ойын арнайы берілген (қатысушы ұйымдарға алдан ала жіберіледі) ереже бойьшша өтеді,

«Ұлан» ойыының негізгі маңызды дайындық жақтары:


  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Отан күзетінде;

  • Тактикалық дайындық;

  • Мылтық ату дайындығы;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштер жарғысы;

  • Саптық дайындық;

  • Әскери топография;

  • Азаматтық корғаныс пен қатерлі жағдайлар;

  • Медикосаниатарлык дайындық;

  • Дене дайындығы.

Әскери-қолданбалы, техникалык дайындық. Осы аталған дайындықтар «Ұлан» ойынын өткізуде қолданыльп іске асырылады.

Дене дайындығы.



«Ұлан» ойнына қатысушылардың дене дайындығы алдын ала белгіленген бағдарламалық жоспар бойынша өтеді. Бағдарламалық негізіне дененің сапалық қасиеттерін дамытудан басқа дене тәрбиесі жөніндегі теориялык білімін терең ұғынып, іс жүзінде еңбек және отан қорғау саласында колдану.

«Ұлан» ойыншыларына жалпы қимыл-қозғалыс жаттығуларына аптасына 12 сағат дайындық уақыты бөлінеді. Бұл уакыт ішінде жалпы әртүрлі санаттағы жарыстардың да өтілуі мүмкін. Атап айтқанда көпсайыс жарысы, аралас әскери-спорттык эстафета, марш-бросок, үш сайыс, пневматикалық мылтықпен ату, кросс: ербалалар 1000 м., қьіз балалар 500 м., ұлдар 700 гр., 500 гр. - граната лақтыру. Гимнастикалық жаттығулар, жүзу т.б.

Жоғарыда аталған жаттығулардан жарысқа оқ-дәрі жәшігін тасу қазылған ордан қарғу, сымның үстінен жүгіріп оту т.б. кіруі ықтимал. Оларды бағалау жарыс ережесіне сәйкес жүргізіледі.

«Ұлан күнін» ұйымдастыру.

«Ұлан күні» барлық дәстүрлерді сақтай отырып апта сайын өткізіледі. Оның өткізілуі, мақсат, міндеттері мен нақты сабақ уақыты туралы бұйрық шығарылып, мынадай реттілікпен өткізіледі:

взвод бойынша сапқа тұрғызу;

штаб бастығы взвод командирлерінің ұландар саны және сабаққа дайындығы туралы баяндауларын қабылдайды;

штаб бастығы батальон командиріне баяндайды;

батальон командирі ойынға қатысушылармен сәлемдесіп, оларға міндеттер жүктейді;

взводтар салтанатты маршпен мектеп ұжымын батальон командирі алдынан өтіп сәлемдеседі де, сабаққа тарайды;

жоспарға сәйкес әр взвод кесте бойынша өздерінің нақты істерімен шұғылданады;

Сабақ аяқталған соң батальон қайта сапқа тұрып, командир сабақтың өту сапасы туралы бағасын береді де, батальон тағы да салтанатты маршпен жүріп өтеді.

«Ұлан күні» қорытындысы бойынша әр взвод «Әскери парақша» шығарады. Күннің сәтті өтуі педагогикалық ұжымның, кеңесшілердің, оқушылардың ұйымшыл әрекет етуіне байланысты. Взвод ойынның басты тізбегі болып табылғандықтан, ұландықтардың нағыз көмекшілері - сынып жетекшілерінің ролі жоғарлайды. Ойын мұғалімдерге «қиын» балалармен тіл табысуға көмектеседі.

Батальонда Қазақстан Республикасының туы болуы тиіс.

Мынадай дәстүрлер бекітіледі:

«Ұлан» сапына жаңа қатысушыцларды салтанатты түрде қабылдау;

- салтанатты іс шараларды өткізу кезінде батальон туын шығару;

- еліміздің, Қазақстан Күштерін, марапаттауға арналған айтулы күндеріне арналған күнде ұландық-тарды сапқа тұрғызу;

- Отан, Қазақстан Күштері тарихындағы еске алу күндерін құрметті қарауыл қою;

- сап алдында «Ұлан» ойыны бойынша бұйрықты оқу.

Айыру белгілері мен түрлері.

Ұланның киім үлгісі – бұл Бастапқы әскери дайындық бойынша мектепте киетін киім. Күртенің сол жақ жеңіне «Ұлан» ойынының шевроны тігіледі. Бөлімше командирлеріне эмблеманың астында екі көк жолақша, взвод командирлерінде үш жолақша, батальон командирінің орынбасарында жалғыз жалпақ жолақша болады.

Санитарлар сол қолында қызыл жарты ай эмблемасы бар байлам тағып алады.

Сапты дайындық

Ұландықтарға мыналар қажет:


  • сап элементтерін және сарбаздың саптан тыс және саптағы міндеттерін білу;

командалық сапта және қарусыз жалғыз саптағы саптың тәсілдердің тәжірибелік дағдыларын нығайту;

  • қарумен саптық тәсілдерді орындау тәртібімен танысуды жалғастыру;

өзінде жинақылық, тәртіптілік, тазалық, ұжымшылдық, жолдастық және өзара көмексезімдерін тәрбиелеу;

  • саптық дайындық, сап және ән көрмесі бойынша бөлімшелерде жарыс өткізу ұсынылады.

Бөлімше толық құрамымен екі қатарға тұрады. Бөлімше командирі көрмеге дайындықтары туралы баяндайды. Төрешілер мыналарды бағалайды:

а) бөлімше құрамындағы әрекеттер – «сапқа тұр», «түзел», «тік тұр», «еркін тұр», «жөндел», «тара» бұйрықтарының орындалуы. Қозғалыста әскери сәлемдесу, бір орында және қозғалыста бұрылулар, саптық адыммен қозғалу, қатысушылардың сыртқы түр – сипаты, бөлімше құрамында қайта құрылулар, саптық әнді орындау.

б) жалғыз дайындық – саптық адыммен қозғалу, бастыққа келу және кету, бір орында және қозғалыста бұрылулар, әскери сәлемдесу.

в) бөлімше командирлерінің әрекеттері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларына сәйкес бұйрықтарды дұрыс беру, бөлімше сапында тәртіпті сақтау.

Взводта және батальонда «Ұлан» ойыны бойынша дайындық мазмұны

Ойынның мазмұнына мыналар жатады: арнайы сабақ, әскери – спорттық жарыс, эстафеталар, десанттар, операциялар, марштық жүгірулер, елді-мекендегі тактикалық ойындар және т.б. Ойынға қатысушылар өздерінің білімдері мен тәжірибелік дағдыларын мынадай бөлімдер бойынша тереңдетіп, жетілдірулері керек:



  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Отан қорғауда;

  • Әскери топография;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғылары;

  • Азаматтық қорғаныс және Төтенше Жағдай;

  • Саптық дайындық;

  • Дәрігерлік – санитарлық дайындық;

  • Тактикалық дайындық;

  • Дене дайындығы;

  • Атыс дайындығы;

  • Әскери қолданбалы, техникалық дайындық;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері.

  • Бұл тақырыпта оқуда ойынға қатысушылар мыналарды білуі керек:

  • Бастапқы әскери дайындық бойынша өз білімін нығайту, ал бастапқы әскери дайындық курсін оқымайтындар оқулық бойынша бастапқы әскери дайындық тақырыптарымен танысу;

  • Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамы, атқаратын міндетімен танысуды жалғастыру;

Қазақстандық патриотизм және интернационализм сезімдерін тәрбиелеу, өз Отанына және Қазақстан Қарулы Күштеріне деген сүйіспеншілік, әскери борышты кіршіксіз атқару, тәртіптілік пен Отанды қорғауға деген жауапкершілікті тәрбиелеу;

Бұл бөлімді оқу викторина, «Ерлік сабақтары» олимпиадалар түрінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғылары әскери тәртібіне қойылатын талаптар, сарбаздың, кезекшінің, сақшының міндеттері туралы білімді тереңдету;


  • бұйрықтарды орындауда, әскери сәлемдесу, әскери сыпайылықты сақтау дағдыларын нығайту;

  • әскерилердің жалпы міндеттері, ішкі және қарауылдық қызметтердің міндеттері мен танысуды жалғастыру;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сүйіспеншілікті тәрбиелеу, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын кіршіксіз орындау, тәртіптілік пен атқарушылықты тәрбиелеу.

Жарғыларды оқуда олимпиада, конкурс, викториналар өткізу ұсынылады.

9 тақырып: Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру ісінің міндеттері мен мәселелері және оның тиімді жолдарын іздеу 2 сағат.

1. Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери –патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру мәселелерінің ел Президентінің баяндамасында, үндеуінде, жарлықтарында, «Қазақстан Республикасында», Қорғаныс Министрінің талаптары мен бұйрықтарында және басқа да басқару құжаттарында көрсетілуі

Бұл тақырыпты оқып үйренуді Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарынан дәйек сөз келтіруден бастаған жөн. Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері Қазақстанды демократиялық, құқықтық зайырлы және біртұтас мемлекет ретінде сипаттайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, бәсекелестікті қолдауға заңды күші бар. Жоғары заңды күші бар дегеніміз – заңдар мен өзге құқықтық актілердің Конституция мәтініне – Қазақстан Республикасының негізгі заңына қайшы келмеу керектігін білдіреді.

Қазақстанның шынайы демократиялық дамуын көтсететін факт – Қазақстан Республикасы Конституциясы. Біздің мемлекетімізді оның басшыларының діни сенімдеріне немесе қандай да бір діни ағымдарға тәуелсіз мемлекет ретінде айқындайды.

Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде өзінің тәуелсіздігін бүтіндей Қарулы Күштер мен шекеаралық әскерлерін қолдаумен қорғауға құқылы екендігін оқушыларға түсіндіріледі.

Қарулы Күштер – мемлекеттік институты, қоғамның бір бөлігі, ол саясаттан тыс бола алмайды. Сонымен қатар, ол оның субекьтісі бола алмайды және болуға тиіс емес.

Қарулы Күштер саясатты жүзеге асыру құралы бола отырып, азаматтық биліктің бақылауында болуы тиіс, және де тек Қазақстан Республикасының Конституциясы ғана бұл қағидаларды бекіте алады.

Жоғарғы әскер басшыларын тағайындау, әскери құрылысқа бюджеттен ақша бөлуді белгілеу, Қарулы Күштер құрылымын бекіту және атқару құзырлы органдардың бақылауында болады.

Сабақтың қорытындысында, оқушыларға қазақстанның басқа мемлекеттермен тату көршілік қатынас пен ынтымақтастық саясатын жүргізетін, олардың ісіне араласпаушылық, дау – дамайды, оның ішінде аумақтық дауларды бейбіт жолмен шешуі Қарулы Күштерді бірінше болып қолданудан бас тартатыны жайлы әңгімеленеді. Біздің елімізге қарсы басқыншылық жасалған немесе оның қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда, Президент республиканың бүкіл аумағына немесе оның жекеленген аудандарына әскери жағдай енгізеді, жартылай немесе жалпы әскери міндеттерге жұмылдыруды хабарлайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңы бойынша құрлықтағы, теңіздегі және әуе кеңестігіндегі барлық аумақ бойынша мемлекеттік шекараларды Қарулы Күштер күзетеді.

Қазақстан заңы және оның құрам бөлігі болып табылатын - әскри заң құқық нормаларын айқындататын заңдар жүйесі мен басқа да мемлекеттік актілер жүйесі. Бұл нормалардың жиынтығы құқықты құрайды.

Қазақстан Республикасы толық егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Енді қазіргі кезенде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Өзін-өзі қорғай алмайтын мемлекет тәуелсіздігін сақтап қала алмайды.

Осыған байланысты жастарды Отанымызды қорғауға дайындаудағы басты міндет жалпы білім беретін мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәнінің берілу деңгейімен тікелей байланысты. Қазіргі танда егеменді елімізде нарықтық экономика жағдайында жүргізіліп жатқан білім саласындағы түбегейлі өзгерістер терендей түсуде бүкілхалықтық талқылаудан кейін қабылданған Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы білім мен тәрбие саласында сонысоқпақтар туғызып, жаңабелестерге шығарары толымды табыстарға жеткізері сөзсіз. Жан -жақты білімді, іскер маман, өз Отанын қорғауға лайық азаматтарды даярлауда мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің қосар ролі зор.

Ұлы жазушымыз М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігінді түзе» дегеніндей, болашақ ел қорғар ұлдарымыздың қазір мектеп партасында отырғанын ескерсек, олардың болашақтары қандай, алғашқы әскери дайындық пәнін қандай деңгейде беріп жүрміз, бес жьл жоғалтқан нәрсені қайтара аламыз ба деген сауалдар көкейде жүргені анық.

Осы ретте алғашқы әскери .дайындық пәні, Қазақстан Республикасының азаматтары Карулы Күштер қатарында әскери қызмет етуде дайындық жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.

Сондықтан, ол барлық жалпы білім беретін. мектептерде міндетті мемлекетік пән болып енгізілгені белгілі. Оқушылар алғашқы әскери дайындық пәнін оқу кезінде Қазақстан Республикасын қорғау бойынша азаматтардың Конституциялық құқықтарын,. әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерін біліп үйренуі тиіс, сондай ақ қажетті көлемде практикалық білім мен дағдыларды меңгереді. Міндетті әскери, қызметін өтеуге шақырылуы (жетілдірілген әскери техника мен қаруды пайдалануды өте қысқа мерзім ішінде меңгеруі қажет.

Мұндай жауапты міндетті осы пән бойынша қажетті оқу материалдық базасы толық жасақталған және техникалық құралдары бар, сабақ берудің озық әдiстемеciн үздік игерген әскери жетекшілер ғана жүзеге асыра алады. Ондай әскери жетекшілер оқыту мен тәрбие үдірісін ұтымды ұйымдастырады, өз тәжірибелеріне оқыудың интенсивті әдістемесін батыл енгізеді, сабақтарын қазіргі дидактикалық талаптарға сай өткізеді және мектеп түлектерінің әскер қатарында абыройлы қызмет етуі арқылы соңғы нәтижелі көрсеткішке жетеді.

Алғашқы әскери дайындық кабинетінде тек жаңаша үлгідегі жоғарыдағы аталған стенділер ғана емес, сонымен бірге қазақ жауынгерлерінің, батырларының тұтынған жауынгерлік құралдары, яғни, найза, қылыш, қалқан, садақ, сауыттар, батырлар киімі оқушыларға тарихи зат ретінде емес, жауынгер, ел қорғаған ата-бабаларымыздың қол бастаған батырларымыздың тұтынған ұлттық карулары ретінде қойылған. Әскери құралдармен танысу бөлімін өткен кезде, осы ұлттық карулардың әрбір түріне тоқталып, ұлттық тұрғыда түсінік беріледі.

Оқyшыларға батыр елдің ұраны, ертүріктің ұрпағы екендігі, талайдың көзінің құрты болған казақ жері білектің күші мен найзаның ұшымен қалғандығы түсіндіріледі. Әрине, оқытудың ең негізгі формасы сабақ болып есептеледі. Сабақта оқушы кейiнri практикалық жүмыста қолданар теориялық білім алады, қажетті білік пен іскерлік дағдылары қалыптасады.

Сондықrан әрбір әскери жетекші сабақты ұйымдастырудьң қазіргі талап деңгейіндегі теориясын терең білуі, сабақтың әр минутын тиімді пайдаланып, оны нәтижелі өткізе білуі тиіс. Сабақтың тиімділігін арттырудың ұтымды әдістерінің бірі сабақ үстінде оқушьшардың белсеңділігін арттыру. Бұл міндетті шешудеri басты нәрсе оқушьтардың жаңа тақырыпқа, пәнге қызығушылығын ояту, олардың әскери іске қатысты білімі мен дағдьларын ұдайы жетілдіріп отыру болып табылады. Оқушьшардың жаңа пәнге қызығушылығын арттыруды біз осы пәнмен алғаш танысқанда бастаймыз.

Сабaқrың тиімділігін арттыруда тәрбиеші ретінде аса маңызды рол атқаратын әскери жетекшінің өзі.

Күнделікті сабаққа тыңғылықты дайындалу, көрнекі құралдарды пайдалану, жаңа материалдарды түсіндіргенде оқушьшардан өзіме көмекші тағайыңдап алу менің тәжірибеме берік eнreн. Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану оқушылардың сабаққа, пәнге қызығушылығын, белсенділіriн арттырудың басты тәсілі деп есептеймін. Сондықтан қажетті көрнекі құралдар өзімде жоқ болса, іздеп табуға тырысамыз.

Жасыратыны жоқ, әскери жетекшілердің көбі сабақты жаттанды схема бойынша, үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды бекіту және үйге тапсырма беру арқылы өткізеді. Мұның өзі әдістеме бойынша онша күмән туғызбағанмен, оқушылар белсенділігін көтеруге белгілі бір дәрежеде кері әсер ететіні анық. Осыны ескере отырып, сабақты түрлі әдістерді ауыстырып қолданамыз. Мысалы, «Барлау» тақырыбын өткен кезде соғыс тақырыбына жазьлған әдеби барлаушылар әрекеттерінен үзінділер оқытып, бұдан кейін окушыларға: «Осы эпизодтарда қандай белгілерді пайдаланған, ал енді сіздер барлауға шықсаңыздар, қандай белгілерді пайдаланар едіңіздер?» деген сұрақ қоямыз. Осы арқылы оқушылардың ойлау жүйесінің дамуына, әрі олардың өздігінен шешім қабылдауларына жол ашамыз.

Келесі бір тактикалық дайындық сабағында оқушылардың өз еркімен атуға қолайлы орын дайындап алуларына тапсырма беріледі және осы орынды не себепті таңдап алғандары сұралады. Осыдан кейін жауаптардың ішінен ең тәуір, талап деңгейіне жақын дегендердің іріктеп алып, кемшіліктерін көрсетіп, теория бойынша жауынгерге атыс·орнын таңдауда таңдаң тәртіпті басшылыққа ашу керектігіне тоқталып, қортыннда «Шабуыл мен қорғаныс кезіндегі жауынгерлер әрекеті» дифильмнен үзінділер көрсетіледі.

Атыс құралдарымен танысу бөліміндегі, Калашников автоматының құрылысы, сипаттамасы және қызметі тақырыбын өткенде әскери оқулықты ашып, бірнеше минут бойы автоматтың құрылысы мен сипаттамасын оқып-танысуды, ондағы таныс емес сөздерді, терминдерді жазып алуға тапсырма береміз. Содан кейін терминдерді оқулықтардың қалай түсінгенін айтқызып, қате жерлерін толықтырамыз.

Кейде жаңа материалды түсіндіру барысында сәл үзіліс жасап, сыныпқа тапсырма береміз, яғни оқулықты пайдалана отырып, оқушылар өз беттерімен кесте, схема толтырады. Caбақ үстінде мұндай тірек схемаларын қолдану шығармашылық атмосфера туғызып, оқушыларды өз беттерімен ойлануға, әрі жұмыс істеуіне ынталандырып, олардың белсенділігін арттырады.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің бағарламасы екі жылға есептеле тұрғанмен, тақырыптар мен бөлімдердің арасындаа бiршама үзілістер бар, ал кейбір сұрақтар алғашқы айдың ішінде өтіледі. Сондықтан өтілген материалдарды ұдайы қайталап бекітіп отырмаса, оқушылар бұрын алған білімі мен іскерлік дағдыларын ұмытып не нормативті орындай алмауы.мүмкін.

Осыған орай нормативтерді орындап отыратын арнайы кесте-жоспар жасадық. Бүгінгі кесте-жоспармен оқушылар алдын ала танысып, қай мерзімде нені орындайтынын біледі.

Ал нормативке тапсыратын күні оқушыларар түрлі техникалық құралдарды бөлшектеп, жинап, компас, белгі беру жалаушаларын және тағы басқаларды орындайды. Осылайша бір мезгілде олар өтілген материалдарды еске· түсіреді, жаттығады жөне дағды мен білімін бекітеді.

Әрбір сабақ өзінің терең мазмұнымен, методикалық құрылымен және оқушылардың әскери патриоттық тәрбие міндеттерімен тығыз байланысты болуымен ерекшеленуі шарт екені баршамызға белгілі. Сабaқrа реттіліктің сақталуы және оқушыларға жұмысқа түгел белсенді қатысуы пән мұғалімінің ұдайы ізденіп отыруына байланысты.

Мұның өзі мұғалімнен жеке білім көтеру жоспарын жете ойластыруды және осы жоспар бойынша тұрақты жұмыс істеуді талап етеді. Осы талапты өз жұмысының басты бағыты ретінде ұстаған біз педагогикалық білімімді саяси әскери және педагогикалық әдебиеттерді, басылымдарды, тұрақты оқу арқылы іске асырамыз.

Ұдайы тәжірибелі педагогтары сабақтарына қатынасып, елімізде және шет елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысып отырамыз. Әскери іске үйрететін болғандықтан оқушылардың өз ойын қысқаша, тұжырымды баяндауын, жинақы болуын, қандай қиын кезеңде де өзін ұстай білуін талап етеміз және әскери жетекшінің өзі осы қасиеттерді үйретуде оқушыларға үлгі бола білуі қажет екенін ешуақытта есімізден шығармаймыз.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің бағдарламасында оқушыларды спорттық бағытта, дене бітімі жағынан шыңдалу дағдыларының қалыптасуы көбірек көзделген. Осыған орай, мектептегі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың ұлттық және президенттік сынамалар тапсыруына, спорт кештері мен жарыстарының жиі ұйымдастырылып, өткізуіне қатысамыз.

2. Атадан балаға дәстүр болып қалыптасқан киелі борьшты атқаруға зор ынта танытқан жас сарбаздар Отанымыз бен Елбасына адал болуға ант етеді: Бұл сабаққа соғыс ардаrерлері, интернационалист жауынгерлер, әскер қатарынан оралған мектеп түлектері шақырытады. Соғыс ардагерлері қазіргі оқушы, болашақ сарбаздарды еліміздің ең басты байлығы - тәуелсіздігімізді нығайтып, оны баянды ету жолында Антқа адал қызмет етуге шақырады.

Ал, 1992 жылғы тамыздың 25-де Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әскери ант мәтіні бекітілді. «Әскери ант»

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (фамилиясы, аты-жөні), қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқына, оның заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егеменді Мемлекетіміздің Конституциясымен заңын қастерлеп, сақтауға салтанатты түрде ант етемін. Өзіме жүктелген міндеттерімді, әскери Жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын сөзсіз орындауға, әскери қызметтің қиыншылықтары мен ауыртпалықтарына табандылықпен төтеп беруге ант етемін.

Әскери әскери қызметке ынта қойып меңгеруге, халық мүлігін аялап ұстауға, әскери және мемлекет құпиясын қатаң сақтауға ант етемін. Мен өз Отанымның тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүддедерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін. Егер мен өзім қабылдаған әскери антымды бұзсам, онда мен Қазақстан Ресnубликасының заңдарында белгіленген қатаң жазаға ұшырайтын болайын.

Бұдан соң мұғалім оқушыға әскери ант мәтінін оқытады. Әскери ант мәтіні оқылғаннаң кейін сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі жалғастырады.

Әскери ант мәтінімен сөздік жұмыс жүргізіледі. Пән мұғалімі төмендегі сөздерге түсінік береді; aқrық дe, адалдық, ынта, ер жүрек, батыл, қатаң ақтық демім қалғанша адал болу деген сөз өмірімнің соңына дейін Қазақстан халқына, Елбасын бар ниетімен қорғауға, ақтық демі қалғанша немесе қасық қаны қалғанша Ұлы Отан соғысында Отанын қopғaғaн қазақ батырларынан кімдерді білесіңдер? Т.Тоқтаров, Ә.Молдағұлова, М Маметова, Б. Момышұлы т.б.

Әскери істі ынта қойып меңгеруде әскери істі бар зейінін, ықылас ниетін қойып меңгеру деген ұғымды береді. Epлік, батыл деген ұғымдардың синонимін атаңдар?

Оқушылар жау жүрек, ер, жалаң төс, батыр, өжет деп жауап береді.

Еліміздің ер жүрек, батьш қорғаныс болған, жаугершілік кезінде қазақ халқын жауыннан қорғаған жалаң төс, жау жүрек батырлардан кімдерді білесіндер?

Оқушьшар Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр т.б. Қатаң жазаға ұшырайтын болайын деген сөз, халқымыз қашан да сатқындыққа, ездікке жол бермей, оны жасаған адамдарды қатаң жазалаған.

Сондықтан әскери антты, халыққа берген сертті бұзған адам қатаң жазалатыны белгілі.

Әскери антта сарбаздар әскери және мемлекет құпиясын қатаң сақтауға ант етеді.

Ал бұл әрқашан жоғары жауынгерлік дайындық жағдайында елімізді қорғауға дайын болуға үндейді.

Бұдан кейін сабағымызды ән -күй пән мұғалімі жалғастырады. Ел ерге үміт артады дегендей, өзінің жан жері мен елін шын сүйген, ер азамат Отанының, жарқын болашағы. үшін қиындық атаулының барлығына да төтеп беруге міндетті. өзінің қабылаған әскери антына кіршіксіз адал болу қасиетті парыз.

Қол бастаған батыр ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы ерлікпен қорғап, аманатқа қалдырған ұлан байтақ қазыналы жерімізді көзіміздің қарашығындай сақтау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бізге тек береке бірлік, ұлт татулығы қазақстандық отансүйгіштік қана жарасады Әскери антты бұзу, жау шағына шығып кету, мемлекеттің әскери қуатына зиян келтіру Отанға жасалған жауыздық деп есептеліп Қазақстан Республикасы заңының ең қатал күшімен жазаланады.

Өз дәрежесінде жабдықталған кабинетте сабақ өткізу, оқушылардың осы пәнге деген қызығушьrлығын арттырды, сапалық көрсеткіштерге жоғарылады, сонымен бірге сабақтың тәрбиелік мәні оқушьmарды отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм рухында баулып, өз елін, жерін, Отан сүюге деген ынта жігерін, қырағылық, тәртіптілік, шыдамдылық қасиеттерін қалыптастыруға әсерін тигізуде.

Осылайша толық жабдықталған кабинет сабақ өткізуге дайын көрнекіліктер, яғни мұғалім басқа жерден· көрнекілік іздеп жүрмей-ақ, сабақты өз дәрежесінде өткізуге қол жеткізеді, өз пәніне деген оқушылардьщ қызығушылығын арттырады. Бір қуанарлық жәйт, қазіргі кезде бұл пәнге көңіл бөлгендіктен болуы керек.

Көп уақыттан бері ұмытып барып мемлекетrік қажеттілікке байланысты қайтадан оқу жоспарына енгізілген алғашқы әскери дайындық пәнінің сабақтары техникалық жағынан жақсы жабдықталған, пәнге байланысын мемлекеттік құжаттармен, дидактикалық көрнекі материалдармен қамтамасыз етілген, эстетикалық гигиеналық талаптарға сай безендірілген оқу кабинеттеріr оң нәтиже беретіні сөзсіз.

2.3 Іс жүзіндегі сабақтың жоспары
1-тақырып: Әскери –патриоттық тәрбие беру әдістемесі.

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері.

2.Әскери – патриоттық тәрбиенің /тақырыбы/ пәні, мақсаты және міндеттері.

3.Әскери-патриоттық тәрбиенің қағидалары.

4.Әскери-патриоттық тәрбиенің әдісі мен формасы.

5. Ескерту әдісін қолданудың қандай реттері


Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10,17,18].
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 3 әдебиетте 82 бетінен қараңыз.
2-тақырып: Қоғамдық идеялдық консолидация – Қазақстанның өркениетінің шарты.
1. Жауынгершілік борыш.

2. Әскери қызмет міндеті.

3. Қазақстан армиясының құрылымы

4. Әскери патриоттық тәрбие беру сабағының ерекшелігі

5. Әскери доктрина
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10,17,18].
Әдістемелік нұсқаулар:. тапсырмаларды орындау үшін әдебиет тізімінен 5 әдебиетте 124 бетінен қараңыз.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет