Ескерткіштер көне тарихтан сыр шертеді



бет3/3
Дата10.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#157558
1   2   3
Байланысты:
ескерткіштер сыр шертеді

Құмшық ата мешіті.  
Құмшық ата ХІІ ғ. салынған жер асты мешіті республикалық мәртебеге ие. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай бір шақырым жуық жерде, ашық аспан астында орналасқан. Биіктігі 3,4 метр, ұзындығы 15,7 метр, күмбезді бөлмесінің ені 3,5 метр. Жер асты мешіттерін салу рәсімі кеңінен қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территорияларын мекендеген халықтар арасында ислам дінімен бірге кең таралған құбылыс. Ясы шаһарында жер асты мешіттері Ахмет Ясауидің заманында нағыз кемелденген шағына жетті. «Ислам, Энциклопедия словарь» кітабында «Қылует жер асты» ұғымы ХІ ғасырдан бастап түркі халықтары арасында пайда болып, ХІV ғасырға дейін Таяу шығыс пен бүкіл мұсылман әлеміне тарағаны туралы айтылған. Жер асты мешітінің көне шаһар Ясыда бой көтеруі Ахмет Ясауи есімімен тығыз байланысты екендігі даусыз.
Жер асты мешіті Сайрам мешіт құрылысында, Маңғыстау өңіріндегі Шопан ата мешіті, Бекет ата мешіті, Шақпақ ата мешіті, Бұхарадағы Бахауитдин құрылыс кешенінде, Пскент ауданындағы «Янтақ» селосында, Самарқандағы Шахи Зинда құрылысында, Ташкенттегі Зайнутдин – баба мавзолейінде, және Құсам инб-Аббас мавзолейінде кездеседі. Сондай-ақ, Мәулана Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насабнамасында» мұндай мешіттер Отырарда және Сырдың батыс бетіндегі Зернұқ (Уәсидыс) қаласында да болғандығы жазылады.
Құмшық ата мешіті Қазақ ССР тарих, археология, және этнография иниституты және Қазақ ССР Мәдениет министрлігімен бірлескен археологиялық экспедиция зертттеу жүргізген бұл ғұрыптық құрылыстың басында тіктөртбұрышты ойық орналасқан. Ойық кылуетке кіретін есік қызметін атқарып, иректелген тар дәлізбен жалғасады. Дәліз шеңбер пішінді бөлмеге алып барады және ол қылуеттің негізгі бөлмесі болып табылады. Осы негізгі шеңбер пішінді бөлме төрт бұрышты соңғы бөлмемен аяқталады. Шеңбер пішінді бөлменің төбесі күмбезделіп, ал төрт бұрышты бөлме шатыр тәрізді жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Дәлізі иілген түрде негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған. Дәліздің орта тұсында жарық түсірілуге арналған құдық пішінді ойық орналасқан.
Ел аузындағы аңызға сүйенсек — Қожа Ахмет Ясауи Қылуеттен жер асты жолы арқылы «Әулие Құмшық ата» мешітіне барып мінәжәт етіп отырғандығы айтылады. ХІІ ғ. Құмшық ата да «Ғарда» өмір сүріп, шәкірттері «Шілдехана» бөлмесінде жиылып құлшылық ғибадаттарын жүргізген деуге толық негіз бар.
Құмшық ата мешітін 1973-1974 жж. археолог Т.Н.Сенигова алғаш болып қазба жұмысын жүргізіп зерттеді. Нысанға 1985 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді.2013 жылы мешіт қайта қалпына келтіріліп, ішкі жағы консервацияланып үсті топырақ үйіндісімен жабылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет