Эссе «Қалдырған ізің мәңгілік»



Дата08.02.2022
өлшемі48,69 Kb.
#130953
Байланысты:
130b7b60-ce6c-477b-9a71-8bcc65a7301a, Документ (1), Документ (3), 9-сынып БЖБ, ТЖБ (1)

ЭССЕ «Қалдырған ізің мәңгілік»
Ұстаз десе бәрінің де ойына Әл-Фараби немесе Ыбырай Алтынсарин түсетіні анық. Ұстаз – ұлы тұлға. Адамдарды білімге, ақылға үйреткен жан. Өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келмес, әрі үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс.
Міне, дәл осындай жолға адаспай түскен абзал тұлғаның бірі- Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева. Ол – республикалық ғылыми-әдестемілік Бітібаеваның атаулы мектебінің және зертханасының жетекшісі болған. Бұл кісі – көпке өнеге, үлгі берген дана ұстаз. Ұрпақтардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қазақ сөз өнерін оқытатын ұстаздың қызметі айрықша ерекшеленеді.
Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық сөз өнерін оқыту мен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын тұтастыра жүргізудің үздігі атанған. Ұлағатты республика ұстаздарына өнеге-үлгі болып келген. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі. Қазақстан білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Қанипа апамыздың іс-тәжірбиесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген. Оның пәндері бойынша тек қана үздік үлгерім көрсеткіштерімен білім алған шәкірттері фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының көркемдік-эстетикалық дүниетанымды тереңдететін тағылымын меңгерді. Айта берсең көп, әрине. Менің ойымша мұндай жетістікке жетуі - мол еңбектің арқасы. Қанипа апамыз ақ жүректі, жылы жүзді, жүрекке жылы сеуіп, нұр құятын ұстаз болған екен.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа толқын шәкірттерін Отанымыздың өсіп-өркендеу мұраттары қызметіне лайықты етіп дайындауда Қанипа Бітібаеваның үлесі мол деуге болады. Тегінде бала жүрегіне ізгілік пен білімнің нәрін егіп, мамандығын мақтанышқа айналдыра білген ұстазда арман жоқ. Көзі тірісінде-ақ «Хан апа», «Қазақтың Қанипасы» атанған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева сондай ұстаздардың санатынан болған.
Міне үлкен жүректі ұстаздың арамыздан кеткеніне де бес жылдың жүзі болыпты. Бірақ ұлағатты ұстаздың екінші ғұмыры енді ғана басталғандай. Мен осындай ұстаз болғанына өте ризамын, мақтан тұтамын. Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева енді бізбен болмаса да, Қазақстандықтар оны ұмытпайды. Барлық Шығыс Қазақстанның жадында қалған періштедей болып қала береді. Ол - мәңгілік біздің есімізде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет