Критериалды бағалау— оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау— оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағалау ағашы», «Бағдаршам», «Смайликтер». Бұл әдістерді тапсырманы орындау және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады, өз ісіне баға беруге жетелейді. Сабақта қалыптастыру шы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуы
Жиынтық бағалау— оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді.
Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: — қадағалау; — алынған мәліметтердің интерпретациясы; — бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды; Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырма- ны орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпарат ты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге , мысалы, ерекше дағдылар көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушы лардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Білім алушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді: — Әрбір білім алушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау; — Білімді меңгерудің жыл аяғында ғана емес , күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы; — Білім алушының сабаққа қызығушылығының,белсенділігінің артуы; Бағаға теріс көзқарас- тың болмауы; — Бiлім алушының білімінің жүйеленуі, есте сақтауы. Оларды табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі; — Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы; — Бiлім алушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы; -Білім алушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы ; -Білiм алушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау; -Баға сапасын арттыру; Кpитериалды бағалау жүйесі білім алушының белсенділігін арттыруды ,оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |