Кpитериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы,анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі; Критериалды бағалаудың тиімділігі: жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады, оқушы жұмысы алдын – ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс –әркеттер тізбесі. Критериалды бағалаудың маңыздылығы: бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын айқындайды, сондықтан білім алушыларға баға оқып зерделенген материал бойынша ғана қойылады, өздерінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін білім алушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі, білім алушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалаудың мұғалім үшін маңыздылығы: сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға, білім беру сапасын арттыруға, оқудың сапасын жақсартуға, әр білім алушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеруге, бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Мұғалім үшін бағалаудың негізгі мақсаты: 1.Оқудағы қиындықтарды анықтау: мектепте мысалы сауаттылық және арифметика саласын дағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайта өткізуге болады. 2. Білім алушының жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер мен ата – аналар); 3. Уәж. Кері байланыс уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтихан ның өткізілуі кейбір білім алушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түрткі болуы мүмкін; 4. Болжау және сұрыптау. Білім алушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез- құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихан нәтижелері көбінесе сұрыптау мақсатында жоғарғы оқу орнында оқу немесе жұмысқа орнала су туралы шешім қабылдау үшін қолданылады; 5. Стандарттарды бақылау және орындау.
Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемле -кеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысылы, «білік — тілігі» бар тұлғаларда оларды тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет;