Эссе Философия Тақырыбы: Ақиқат пен адасу. Ақиқат және оның критерийлері



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі132,17 Kb.
#86580
Байланысты:
Документ ррр



Эссе Философия 
 
 
Тақырыбы:Ақиқат пен адасу.Ақиқат және оның 
критерийлері 
 
 
Ақиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып 
келе жатқан қарама-қарсылығы адасумен тығыз 
байланысты.Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен 
қиындығын көрсетеді.Адасу-өзінің пәніне сәйкес 
келмейтін,оған сай емес білім. 
Менің ойымша,адамның ақиқатқа тырысуы әрқашан 
адасусыз болмайды.Адасудан аулақ болып,құтылу оңай 
емес, кейде ушығып қиындап кетуі де мүмкін..Әрине, адасу 
ақиқатқа жетуді қиындатады,бірақ одан біржолата 
құтылу мүмкін емес. 
Ақиқат дегеніміз бұлтартпас шындық.Мысалы өлімді 
алып қарасақ,біз өзімізді ешқашан өлмейтіндей , мәңгі бақи 
өмір сүретіндей сезінеміз,бірақ соған қарамастан өлімнің 
бар екеніне іштей сенеміз, өйткені күн сайын бір 
танысымыздың дүниеден өтіп жатқанын 
естиміз.Яғни,өлмейтін пенде жоқ,сондықтан түптің 
түбінде оның бізге де келетіні анық.Адамдардың көпшілігі 
көзге көрініп тұрған шындықты мойындағысы келмейді 
және де олар бір сәттік аздаған пайдасы үшін ғана 
жалеандыққа бой алдырып жатады.Шындығында 
жалғандық бізге пайдалы сияқты болып көрінгенімен 
түптің түбінде үлкеен залалын тигізеді.Жалғандықты 
жолдас еткен адам екі дүниеде оңбас.Бір танысым 20 ға 
толып мейрамханада үлкен той жасады. Оны жора-
жолдастары жер көкке сиғызбай мақтады.Солардың 90% 
өтірік мақтағанын білеміз.Оны сыртынан өсектеп, ит 
терісін басына қаптап жүретін адамдар көзіне өтірік 
мақтасып жатты.Бүгінде осындай күнделікті өмірде 


болып жатқан жалғандықтардың бәрін ақиқат деп 
санап,ақиқатқа балауға етіміз үйреніп бара жатқан 
секілді.
Осылайша қазір ақиқаттың қайсы жалғанның қайсы 
екенін білуден қалып бара жатқандаймыз.Қолында билігі 
немесе байлығы бар адамдарды жалған мақтау арқылы 
одан бірнәрсе түсіп қалар деген жалған үмітке 
бойалдырады.Сондайақ,өзін өзгелерге сыйлы етіп көрсету 
үшін өтірік айтып,жоқты бар деп айтатындар көп. 
Иә,Ақиқатпен өмір сүру қиын бірақ қазақта Өтіріктің 
құйрығын бірақ тұтам деген сөз бар.Жалғандықты серік 
еткен адам қысқа мерзімдік пайда тапқандай болғанымен, 
негзінен үлкен залалға ұшырап жатқанын 
білмейді.Шындықпен өмір сүру қиын сияқты көрінгенімен, 
ол түбінде сізге үлкен игілік әкеледі.Ақиқатты Алла 
жақтайды.Демек Алла ақиқатты жақтайтын болса ,онда 
ақиқат жолын ұстанған пенденің екі дүниеде де игілікке 
кенелері даусыз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет