«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
57
аппарат Күн жүйесінің аймағынан шығып, əлемдік өркениет үшінқызмет етуде.
«Космонавтика»- біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол
азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құралы.(276 сөз)
Ә мәтіні: газет мақаласы
Ғарышты игерудің қоршаған ортаға тигізетін залалдары
Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жер асты
қазба байлықтарын кеңінен пайдалану,транспорт түрлерінің көбеюі мен
ғарышты игеру саласы қоршаған ортаны түрлі улы химиялық зиянды
қосылыстармен ластауда.
Қызылорда өлкесінің қазіргі жағдайына көз салсақ, Сырдарияның ластана
бастаған суы мен Аралдың тартылуына аянышты көзбен қарап, Байқоңырдың
өңір тұрғындарының денсаулығына əсері бары ащы болса да шындық.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы демекші, экватор жазықтығына жақын орналасқан,
ракетаның қолайлы ұшуына ыңғайлы бұл жер 2050 жылға дейін Ресей
Федерациясына қолдануға берілді.Өкініштісі, ғарыш айлағын пайдаланумен
қоса адамзатқа əкеліп жатқан зардаптары көптеп байқалады.Зерттеу нəтижелері
мен ортақ статистика бойынша Байқоңыр кешенінен жалпы Қазақстан
аумағына жылына 40-45 мың улы газдар таралады жəне ол улы заттардың
ауадан жойылуына 100 жыл керек екендігі анықталды.Сонымен қатар түрлі
соғысқа қажетті жаппай қырып жоятын 38 ракета мен 80-нен астам космос
кемесінің модификациялары да сыналған. Ал бұл дегеніміз, тұрғындардың
жүрек, тыныс жолдарының қабынуы, балалардың шала, кемтар, аурушаң болып
туылуының айқын себептері деген сөз.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері əсерін тигізеді:
- ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
-
атмосфераны жəне жер беті қабаттарын токсинді зымыран
жанармайының қалдықтарыман ластайды;
- атмосфераның озон қабатын бұзады;
- территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен
зақымдайды;
- қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
Осы мақалам арқылы сіздерді Қызылорда облысы мен еліміздің
экологиялық проблемаларының шешімін бірге табуға шақырамын. «Жұмыла
көтерген жүк жеңіл» дегендей бəріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына
бірге атсалысайық! (219 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |