Эссе жазу әдістемесі Эссе- франц. “essay”, ағылш. “assay”- байқау, көру, очерк; латынша “ exagium”- салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Эссе жанрын ашқан француз жазушысы М. Монтень болып табылады (“Тәжірибелер”, 1580 ж.). Ол шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді және затты анықтау немесе аяқтау мүмкіндігіне ие болмайды. Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған, беллетристикалық тұрғыда жазылады.
Француз жазушысы
Мишель Монтень
(“Тәжірибелер”, 1580 ж.).
Эссе құрылымы Титул беті.
1. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.
2. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізгі бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.
Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек: Себеп- салдар, жалпы- айрықша, форма- мазмұн, бөлік- тұтас, тұрақты- өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.