Эссе Мемлекеттік бағдарламалар - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі Қазіргі таңда Қазақстан - көпұлтты , дамыған , бейбіт елдердің бірі.Сонымен қатар Қазақстан, басқа елдермен экономикалық тығыз қарым қатынаста. 1991 жылы Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап,алғаш құттықтаған Түркия елі де ,басқа елдер де Қазақ елін мойындауда.Соған орай мемлекеттік бағдарламалар ел дамуына зор үлесін қосады.Мемлекет дамуы үшін түрлі-түрлі бағдарламар қосылуда.Олардың бірі:«Қазақстан – 2050» Стратегиясы 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – еліміздің өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.. Елбасы аса көрегенділікпен, жастарды қолдады, сенім артты, жастар үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясын жасады. ҚР-да тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды, яғни Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып ,ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Қорыта келе:Мемлекеттік бағдарламалар ел болашағы үшін,және келешек ұрпақ үшін.Мемлекеттік бағдарламалар неғұрлым дамыған сайын елде соғұрлым белестерді бағындыр береді.Елдің дамуына жастарда ат салысу қажет.Сол кезде біз Нағыз мықты елдер қатарына кіреміз.