АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУ
«Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды меңгеру – басты заман талабы. Бұлай дейтін себебіміз – ХХІ ғасырдың «ақпараттық технология ғасыры» деп аталуында.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процессіне ақпараттық технологияларды пайдалану.
Білім беру жүйесінің басты мақсаты – білім алушының оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында педагогикалық және ақпараттық технологияларды үйлестіру арқылы оқытуды пайдалануға болады.
Педагог өзі білетін, өзі жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Сондай-ақ, білім алушы өзіне қажетті материалдарын ақпараттық технологиялар арқылы іздеп таба отырып, толықтыра алады. Мәселен, информатика пәні бойынша оқытылатын тарауларды оқыту барысында ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін пайдалану оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.