Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



Дата29.03.2017
өлшемі309,22 Kb.
#12687
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
Т.М. Блисов

Экологиялық картографиялау
Оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

5В060800– Экология мамандықтарына арналған

Қостанай, 2015


ББК 20.1

Б 69


Автор:

Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.


Пікір білдірушілер:

Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.

Жокушева З. Г., экология кафедрасының аға оқытушысы
Блисов Т.М.

Б 69 Экологиялық картографиялау: Әдіістемелік ңұсқаулар - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2015. – 20 б.


Әдістемелік нұсқауларда оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындау орындау реті, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

5В060800 - Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған



ББК 20.1


Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, ___ ___2015 ж. мақұлданған № хаттамасы

Қостанай мемлекеттік университеті, 2015

Мазмұны

1 Тақырып Пәннің мазмұны және міндеттері………………………..4

1.1 Кіріспе..............................................................................................4

1.2 Экологиялық картографиялаудың ғылым және

практикадағы рөлі..............................................................................................6

1.3 Экологиялық және экологиялы-географиялық

картографиялау..................................................................................................7

2 Тақырып Экологиялық картографиялаудың тарихи

тамырлары және қазіргі концепциялары..........................................................9

2.1 Экологиялық жағдайды бағалау мен

картографиялауда антропоцентризм және биоцентризмді

алтернативтік әдіс-амалдар ретінде қарастыру...............................................9

2.2 Экология заңдары мен принциптерінің

экологиялық картографиялаудағы маңызы....................................................10

3 Тақырып Тематикалық картографияны экологияландыру...........15

3. 1 Тематикалық картографияны экологияландыру......................15

3. 2 Экологиялық карталарды жіктеу...............................................17

Ұсынылған әдебиеттер тізімі..............................................................20



1 Тақырып Пәннің мазмұны және міндеттері
Мақсаты: студенттерді экологиялық картографиялаумен таныстыру және оның адамның іс-әрекеті мен қоршаған ортаның өзара әсер ету процестерін кеңістікте сипаттаудағы рөлін көрсету.

Жоспар:

1.1 Кіріспе

1.2 Экологиялық картографиялаудың ғылым және практикадағы рөлі

1.3 Экологиялық және экологиялы-географиялық картографиялау


1. 1 Қазіргі кезде білім жолында картографиялық әдіс биосфера және оның жекеленген құрауыштарының жай-күйін зерттеуде ең негізгі әдістердің бірі болып саналады. Оны қолдану мұнан былай экологиялық зерттеулерді тиімді жоспарлауды қамтамасыз етеді. Сондықтан табиғатты қорғау мен табиғатты пайдалануды зерттеу және жоспарлау тиісті картографиялық қамтамасыз етусіз тиімді емесе және қиынға түседі.

Экологиялық картографиялау – жас жаңа дамып келе жатқан оқу және ғылыми пән, оның тарихы екі онжылдықтан сәл артық. Бірақ бұған қарамастан әртүрлі вариациялы атауда картографтар мен экологтарды дайындау оқу бағдарламаларына орнықты кірді деуге болады, ал ғылыми-теориялық жарияланымдар мен нақтылы жасалған карталар бойынша тематикалық картографияның көптеген байырғы бөлімдерінен кем емес. Экологиялық картографиялау «түйіскен» пән болып саналады және осы жағдайда қоршаған ортаның жай-күйі туралы мәліметтерді алу мен оларды аумақтық тұрғыдан түсіндіру, сонымен қатар ақпараттарды жалпы географиялық тәсілдері арқылы дұрыс бейнелеу сияқты арнаулы тәсілдердің бірлігін құрайды. Экологиялық картографиялаудың негізгі айырмашылығы оның дамуы тек өзінің салаларымен шектелмей басқа да көптеген тематикалық карталардың мазмұнын экологиязациялаумен бейнеленеді.

Экологиялық проблемаларды зерттеу мен шешуде әртүрлі, тіпті әртүрлі ілімдер саласындағы мамандар (биологтар, географтар, дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, саясаткерлер және т.б.) қатысады. Бұл жағдайда көбінесе карта әртүрлі ғылым мамандарының жалғыз-ақ қарым-қатынас тілі болып саналады.

Кеңістікте сипаттамалары өзгеретін кезкелген құбылыстарды бейнелеуде карта ең ұтымды тәсіл болып саналады. Адамның жылыстауы, тірі организмдердің жайылуы, сол сияқты олардың мекендеу ортасының жай-күйі кеңістікте өзгеру қасиетіне иеленеді. Сондықтан экологиялық жағдайды талдау экологиялық картографиялаудан тыс қарауға болмайды немесе мүмкін емес. Карталарды талдау табиғи ландшафттардың қасиеттері және олардың ластайтын заттардың таралуы мен экожүйелердің тұрақтылығына әсерін ескеруге мүмкіндік жасайды. Дегенмен, картографиялауда табиғат ерекшеліктерін жеткіліксіз есепке алу өкінішке орай әзірше көп таралған және қате пікірлер қалыптасуына әкеліп соғады. Мысалы, ластағыш заттардың шығарындылары мен төгінділерін, ауруларды және т.б. сипаттауда олардың ішкі айырмашылығын ескермей әкімшілік-аумақтық бірліктерге жатқызады. Экологиялық проблемалардың кеңістікте жиналуы (локализация) жайында дұрыс емес кейіннен олардың шешу жолдарын сұрыптауда қателіктер жіберуге әкеліп соғады.

Экологиялық жағдайларды сипаттауда экологиялық карталарды дұрыс пайдалануда ең негізгі мәселе көрсеткіштердің кеңістік пен мезгілдік өзгеруінің физикалық мағынасы мен олардың факторларын талдау болып саналады және олардың дұрыстығы. Әртүрлі көрсеткіштерді салыстыру экологиялық жағдайлардың кеңістік-мезгілдіктегі динамикасын, сонымен қатар оларға табиғи және техногенді факторлардың әсерін талдауға мүмкіншілік жасайды.

Қазіргі кезде экологиялық картографиялаудың мазмұны мен оның география және экология мамандықтарын дайындаудағы орнын түсінуде екі негізгі әдіс-амал қалыптасқан. Біріншісі геоинформациялық немесе технологиялық және ол тематикалық картографиялаудың түршесі болып қаралады да дайын экологиялық мазмұны бар материалдарға (мониторинг нәтижелері, ластану көлемдері жайындағы мәліметтер базалары, дистанциондық суретке түсіру материалдары және т.б.) осы заманғы геоинформациондық технология қолданылады.

Екіншісі географиялық тұрғыдан қарастырылады және интегративтік пән түрінде экология мен табиғатты пайдалану принциптері, географиялық тұрғыдан биосфераның вертикалды (құрауыштар бойынша) және горизонталды (геожүйелі немесе ландшафттық) құрылымына негізделген табиғаттық және әлеуметтік жүйелердің функцияларының атқару заңдылықтары жайындағы ілімдерді біріктіруге бағытталған. Бұл екі әдіс-амал бір-біріне қайшы емес, біріншісі картографтарды, ал екіншісі эколог мамандықтарын дайындауда орынды.

Экологиялық картографиялау курсының негізгі бөлімдері (Стурман бойынша, 2003):

- экологиялық картографиялаудың теориялық негіздері (қоршаған ортаны қорғауда картографияның рөлі және орны, картографиялауда экологиялық заңдардың және басқа да ғылымдар принциптерінің маңызы);

- экологиялы-картографиялау көздерін тану (экологиялық жағдайлар жайындағы ақпараттардың ерекшеліктері, артықшылығы және шектелуі, мысалы дистанциондық зондылау, ластану көздерінің параметрлері, шашырау немесе таралу процестерін математикалық тұрғыдан моделдеу, табиғи орта құрауыштарының ластану көрсеткіштері, биоиндикаторлар);

- экологиялық картографиялаудың әдіснамасы-методология (экологиялық жағдайдың мағыналы жүктемесі және оның көрсеткіштерін картографиялық бейнелеу тәсілдері, оларды аумақтық пайымдау, түсіндіру, кеңістік пен мерзімде ықпалдастыру-интеграция;

- экологиялық карталардың мазмұны және құрастыру тәсілдері (ауаның, жер бетіндегі және жер асты суларының химиялық, биологиялық параметрлерінің, ортаның физикалық факторларының, экологиялық проблемалардың биологиялық және геологиялы-геоморфологиялық аспектерінің ұзақ және қысқа уақытқа ластануын есептеу және картографиялық тұрғыдан көрсету, комплекстік немесе кешендік экологиялық картографиялау);

- қолданбалы экологиялық картографиялау және экологиялық карталарды пайдалану (инженерлі-экологиялық іздестірулерді картографиялық қамтамасыз ету, ҚОӘБ-ды картографиялау, кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектері, экологиялық проблемаларды географиялық талдау).
1. 2 Экологиялық картографиялаудың мақсаты экологиялық жай-күйді және оның динамикасын талдау, былайша айтқанда адамның денсаулығы мен экожүйелерге әсер ететін табиғи орта факторларының кеңістік пен мезгілдегі өзгерістерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін көп мағыналы, кей жағдайда салыстырылуы қиын болатын экологиялық ақпараттардан географиялық тұрғыдан дұрыс түсініктер құрау үшін оларды жию, талдау, бағалау, біріктіру, аумақтық пайымдау қажет етіледі.

Экологиялық картографиялау адам мен басқа да биологиялық түрлердің мекендеу ортасының жай-күйі жайындағы ақпараттарды жию, талдау және картографиялық түсініктер беру тәсілдері туралы ғылым.

Экологиялық картографиялаудың негізгі өнімі болып нақтылы аумақтық бірлік шегіндегі экологиялық проблемалардың құрылымын мен шиеленісуін бейнелейтін экологиялық карталар саналады.

Бұл карталардың міндеті картографияланатын аумақта қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешуге көмектесу және қайтадан пайда болуын болдырмау. Мұндай карталарды экологиялық комитеттер, санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау, табиғатты қорғау ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін нақтылы шешімдер қабылдауда қолданады.

Экологиялық картографиялау көбінесе мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламалар мен табиғатты қорғау жобаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар қай табиғатты қорғау іс-әрекеті болмасын нақтылы бір аумақтың деңгейінде жүргізіледі. Сондықтан табиғатты қорғау іс-әрекеттерін жоспарлау, іске асыру және нәтижелерін бақылау экологиялық жағдай мен оның аумақтың әртүрлі бөлімдеріндегі динамикасы жайында шынды мәліметтерді талап етеді. Осыған орай ақпараттардың картографиялық түрін пайдаланбау мүмкін емес.

Экологиялық ақпарат шыққан тегі және мазмұны жағынан көп мағыналы. Олар ресми және ресми емес көздерден түседі және әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып жүргізілген зертттеулер арқылы алынады. Оған қашықтықтан зондылау материалдары, ластағыш заттардың санды және сапасы жайындағы сипаттамалары және олардың қоршаған ортаға түсетін мөлшерлері мен жағдайлары туралы статистикалық деректер, ластанудың нақтылы деңгейі мен құрамының кеңістік пен мезгілдегі динамикасы, халықтың денсаулығы, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемі жайындағы материалдар жатады. Осындай әртүрлі мәліметтерді біріктіретін бір жағдай олардың белгілі бір аумаққа қатыстылығы. Сондықтан қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі сатысында 1960-1970 жылдары басталған оқиғаларының бірі экологиялық ақпараттарды талдаудың әмбебап тәсілі болып экологиялық картографиялаудың дамуы.

Табиғатты қорғау іс-әрекеті бағытында картографиялық қамтамасыз етуін талап ететін негізгі құрамдас бөліктері мыналар:


  • ғылыми-зерттеу жұмыстары (табиғи орта құрауыштары, зерттеу тәсілдері, әртүрлі иерархиялық деңгейдегі аумақтық бірліктерде немесе ғаламдық масштаб бөлімшелерінде);

  • атмосфералық ауаны, жер асты және жер үстіндегі суларды, топырақтар мен жер қойнауларын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, жалпы ландшафтарды-экожүйелерді (құқықтық, экономикалық, технологиялық, гигиеналық аспектерді қоса локалды немесе жергіліктік, аймақтық, ұлттық және халықаралық масштабтарда);

  • экологиялық білім және тәрбие (сабақ беру, экологиялық білімдерді насихаттауды қоса және жеке адам мен қоғамның ақпараттқа деген құқығын жүзеге асыру).

Табиғатты қорғау бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын картографиялық қамтамасыз ету басқа да осындай міндеттері бар басқа да Жер туралы ғылымдардан айырмашылығы жоқ және картаның танып білуге қатысты функцияларының бір түрі болып саналады.

Практикалық іс-әрекеттерге арналған карталар бағытына қарай былай бөлінеді:

- түгендеу-бағалау (жекеленген құрауыштар мен жалпы ландшафттың жай-күйі, әсер ететін факторлардың аумақта таралу сипаттамалары);

- болжам жасау (кейбір даталарға келешекте жорамалдау нәтижелері);

- ұсынылатын (ұсынылатын шараларды аумақтық орналастыру);

- бақылау, немесе мониторинг карталары (жағдайларды қадағалау үшін).

Экологиялық ағарту, білім беру және тәрбиелеуді картографиялық қамтамасыз ету экология мен табиғатты қорғау курстары, сонымен қатар географияның сәйкесті бөлімдерімен келісілген оқу бағдарламаларының картографиялық материалдарын құрау болып саналады. Оқулық экологиялық карталар иллюстративтік материалдар болып қаралады және безендіру жағынан басқа да оқулық карталардан оншама айырмашылығы жоқ десе де болады. Кезкелген оқулық карталарға тән нәрсе олардың дәлдігі мен толықтығына қарағанда көрнектілігінің басымдылығы, былайша айтқанда табиғатты қорғау оқулық карталары мен атластарда контрасты түстерді, үлкен белгілер мен жазуларды қолдану.

Экологиялық ағартудың жаңа элементі болып жұртшылықтың көптеген топтарына бағытталған тиісті арнаулы карталар мен атластар саналады.


1.3 Картографияда «экологиялық» және «геоэкологиялық» деген терминдер синонимдер ретінде қолданылады. «Гео» деген демеулік шылау кеңістік аспектін есептеу деп қаралады, бірақ ол ылғыйына зерттеу мақсаты болып саналмайды, сондықтан кеңістікте таралу сипаттамасын зерттеуде «геоэкологиялық» деген термин дұрыс болады. Картографиялау кеңістіктен тыс болмайды, олай болса «гео» деген демеулік шылауды қолдану бұл жағдайда артық болып саналады.

Дәстүрлі көзқарасқа байланысты карталарды тематикасына қарай жіктегенде негізгі бөлімшелері болып табиғи құбылыстар карталары (физикалы-географиялық) мен қоғамдық құбылыстар (әлеуметті-экономикалық) карталары саналады. Тематикалық картографиядағы бұл жағдай ХХ ғ. көптеген бөлімінде география ғылымының екіге бөлінген жағдайына сәйкесті болды, онда физикалы-географиялық зерттеулер антропогендік факторларды ескермей ландшафттарды алғашқы жаратылған күйінде көрсетеді, ал әлеуметті-экономикалық жайдайларды табиғи факторлардан бөлек қарастырады.

Жағдай 1970-1980 жылдары әлеуметті-экономикалық пен физикалы-географиялық картографияның тоғысқан жерінде жаңа «түйіскен» бағыт – адам мен қоршаған ортаның әрекетестігін картографиялау, немесе қазіргі түсінікте экологиялық, пайда болғанда дұрыстала бастады.

Экологиялық картографиялаудың басқа да бір қатар тематикалық картографиялаудан (геологиялық, геоморфологиялық, топырақтық және б.) айырмашылығы олардың зерттеу затының облысын анықтаудың күрделігі. Әр түрлі авторлар экологиялық (экологиялы-географиялық) картографиялаудың негізгі объектісі ретінде қарастырады: экожүйелердің әртүрлі дәрежелері, ортаға түсетін антропогендік қысымдар масштабтары, биота, табиғатты қорғау шаралары, организмдер мен ортаның өзара қарым-қатынастары, экологиялық жағдайлар.

Экологиялық картографиялаудың міндеттері тематикалық салаларда қалыптасқан шеңберде, сонымен қатар арнаулы біртума мазмұны бар карталарды құраумен атқарылады. Осыған орай оларды экологиялы-географиялық және шынымен экологиялық картографиялау деп айырған жөн болады.

Экологиялы-географиялық картографиялау байырғы тематикалық картографиядағы карталар негізінде жаңа карталарды құрастыру арқылы орындалады (тематикалық картографиялауды экологияландыру).

Экологиялы-географиялық картографиялаудың мазмұны болып ландшафттардың қазіргі түрін, сонымен қатар жағдайға байланысты адамның іс-әрекетін, олардан қандай зардаптар болуы мүмкін екенін көрсету саналады.

Экологиялық картографиялаудың өзі адамның іс-әрекетінің қоршаған ортамен әрекеттестік процестерін кеңістікте сипаттауға арналған.


Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық картографиялау курсының негізгі міндеттері.

2 Экологиялық картографиялау мазмұнын түсінудің екі негізгі әдіс-амалын немесе ыңғайын атаңыз?

3 Экологиялық картографиялаудың негізгі мақсаты қандай?

4 Экологиялық картографиялау қандай бағдарламалар мен жобаларды қамтамасыз етуге бағытталған?

5 Практикалық істерге арналған экологиялық карталар (бағытына қарай) қалай жіктеледі?

6 Оқу экологиялық карталары және оның жаңа элементтері.

7 Қашан және қандай картографияның шегінде экологиялық картографиялау деген жаңа «түйісу» бағыты пайда болды?

8 Экологиялық картографиялаудың негізгі объектерін атаңыз?

9 Экологиялық картографиялаудың мазмұнын айтып беріңіз?


Әдебиет:

1, 3-12 б; 2, 225-226 б; 4, 3-19 б.


2 Тақырып Экологиялық картографиялаудың тарихи тамырлары және қазіргі концепциялары
Мақсаты: студенттерді экологиялық картографиялаудың тарихи тамырлары және қазіргі концепцияларымен таныстыру.

Жоспар:

2.1 Экологиялық жағдайды бағалау мен картографиялауда антропоцентризм және биоцентризмді алтернативтік әдіс-амалдар ретінде қарастыру

2.2 Экология заңдары мен принциптерінің экологиялық картографиялаудағы маңызы
2. 1 «Экологиялық карта», «экологиялық картографиялау» терминдерін ең бірінші француз геоботаниктері ХХ жүзжылдықтың 70 жылдары өсімдік жағдайы мен оларға антропогендік әсерді бейнелеу карталарына қарай енгізген болатын. Сол жылдары мазмұны жағынан жақын картографиялық жұмыстар Ресейде де жүргізіле басталды (академик В.Б.Сочаваның ғылыми мектебі).

Өсімдіктердің жай-күйін және олардың шарттарын картографиялау бірте-бірте дами отыра экологиялық картографиялаудың биоцентрлік бағытын қалыптастырды. Биоцентрлік әдіс-амал экология пәнінің классикалық геккелдік түсінігіне негізделген және биологиялық түрлер мен олардың мекен ету ортасының өзара байланысын зерттеуге мақсатталған. Оны Сочава былай тұжырымдайды: «Экологиялық карталар экожүйелердің карталары ретінде олардың қауіпті құрауыштарын және жануарлар мен өсімдіктердің арасындағы негізгі байланыстарын бейнелеу керек. Адам экожүйеге кірмейді. Экожүйе қартада көптеген құрауыштарымен тұтас орта ретінде емес, тек адамның мекендеу ортасының бір құрауышы ретінде ретінде бейнеленеді, сондықтан біріншіге қарай экологиялық карталар мазмұнын ұлғайтудың қажеттілігі жоқ деуге болады». Биоцентрлік әдіс-амал жиегінде организмдердің өмір сүру жағдайын сипаттайтын фито- және зооэкологиялық карталар жасау дами бастады.

Кейбір теориялық жұмыстарда экологиялық картографиялаудың негізгі функциясы экожүйелерді картографиялау деген пікірлер де бар. Дегенмен бұл мақсаттың практикалық шешімі қиынға түседі, себебі экожүйе деген ұғымның кеңістіктегі тұрғыдан екіұштылығы немесе белгісіздігі. Экожүйе деген ұғым белгілі кеңістік жиегінде шектелмеген және батпақ төмпешігіне, орман учаскесіне, тұтас биосфераға қарауы мүмкін. Екіншіден кеңістіктің қай бір нүктесі болсын бір мезетте әртүрлі биологиялық түрлердің экожүйесіне кіруі мүмкін.

Сонымен қатар биологиялық бағыттың жүзеге асырылуы нақтылы тіршілік ететіндерді мүмкін немесе тілекке сәйкестермен салыстыру үшін айқын экологиялық критерийлердің жоқтығынан шектеледі. Мысалы көптеген кемшіліктерге қарамастан адамға деген бұндай критерийлер (ШРМ, ШРК) бар деуге болады, ал жекеленген биологиялық түрлерге және әсіресе жалпы экожүйелерге жоқ. Сонымен қатар ішкі динамикалық тепе-теңдік заңына байланысты популяцияның жай-күйін есепке алу экожүйелерге қарасты әр жақты сипаттамасы болуы мүмкін емес. Әр жақты критерий ретінде табиғи аяны (фон) қарастыруға болады. Бұған экологиялық корреляция заңы бойынша экожүйелердің барлық құрауыштары бейімделген.

Табиғи ресурстарды есепке алатын, экологиялық жай-күйді бағалайтын және олардың оңтайлы жолдарын дайындайтын экологиялық картографиялаудың басқа «көзі және құрамдас бөлігі» (антропоцентрлік бағыт) болып қолданбалы жұмыстар саналды. Бұндай жұмыстардың биоцентрліктен айырмашылығы ортаның жай-күйін бағалау қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсерін және табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіншіліктерін анықтау бағытында орындалады.

Антропоцентрлік бағыт өзінің мазмұны жағынан байырғы географиялыққа жақын және мұнда биота ландшафттың теңдес бір құрауышының бірі болып саналады. Бұл бағыттағы карталарда аумақтың ландшафты, ерекше қорғалатын аумақтар және объектілер, ортаға антропогендік әсер ететін көздер немесе ошақтар (ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің көлемі және құрамы, ластану аймағы және деңгейі) және олардың зардаптары туралы мәліметтер болады.

Антропоцентризм мен биоцентризмнің ара қатысы экологиялық карталар түршелеріне қарай жіктелген: гигиеналық және экономикалық бағалаулар анықтамасына қарай антропоцентрлі, ал табиғатты қорғау биоцентрлі. Биоцентрлі және антропоцентрлі әдіс-амалдарының қабысуы карталардың міндетті түрде екі түрін жасауды қажет етеді: базалық және бағалаулық. Біріншілер көрсекіштердің табиғи, аялық «фондық» мөлшерлерден ауытқуын сипаттау керек, екіншілер осы ауытқулардың зардаптарына гигиеналық немесе экологиялық баға беру керек.
2. 2 Ақпараттарды барабар (адекватное) картографиялық бейнелеу сол саладағы заңдар мен заңшылықтарды ескеруді талап етеді. География ғылымында объективті, субъективті себептерге байланысты теориялық негізде жалпы ұйғарылған заңдар мен аксиомалар жүйелері қалыптаспаған.

Географияда - өте күрделі ғылымда комплексті табиғат заңдары (қажетті, елеулі, тұрғылықты, құбылыстар арасында қайталанатын) жоқ, тек заңшылықтар ғана бар, олардың жалпы санын тіпті жобамен де қанша екенін айту қиын. Экология мен табиғатты пайдалануда басқа жағдай байқалады. География мен биология ғылымдарының зерттеу объектерінің күрделігі бірдей деуге болады, бірақ халықаралық дәстүрге қарай көптеген заңшылықтарды, тіпті кейбір аздаған, экологиялық заңдар мен принциптер дәрежесіне көтерген.

Н.Ф.Реймерс осы материалды талдай отырып 300-дейін жинақтап жүйелейді. Олар деңгейі (аксиома, гипотеза, принцип, заң, ереже) мен пайдалану сферасына қарай бөлінеді: жалпы жүйелер бойынша жинақтаулар; тіршіліктің физико-химиялық және молекулярлы-биологиялық өмір сүру негіздері; экологиялы-организмдік заңшылықтары; «организм-орта» жүйесіндегі заңшылықтар; популяция заңдары; биогеографиялық заңшылықтар; биоценоздар мен қауымдастардың қызмет атқару заңдары; экожүйелер заңдары; жердің экосферасы мен биосферасының заңшылықтары; биосфера эволюциясының заңшылықтары; «адам-табиғат» жүйесінің заңдары; әлеуметтік экология заңдары; табиғатты пайдалану заңдары; өмір сүру ортасын қорғау принциптері, әлеуметтік психология және адам мінез-құлығының принциптері.

Экологиялық жинақтаудың негізгі қасиеті болып экологиялық картографиялауда пайдалану мүмкіншіліктері саналады және оның аумақтық немесе аумақтан тыс болып саналуы. Экологиялық заңдар мен заңшылықтардың көп бөлігі аумақтан (территория) тыс қаралады, немесе аумақтың ерекшеліктері қарамай бірдей әсер етеді. Сонымен қатар әсері аумаққа байланысты деген жинақтаулар да бар, сондықтан оларды картографиялауда есепке алу қажет етеді.



Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон внутреннего динамического равновесия). Реймерстің заңы былай деп аталады: «Заттек, энергия, ақпарат және жекеленген табиғи жүйелердің динамикалық сапасы мен олардывң бағыныштылығы бір-бірімен байланысты екендігі сондай, аталмыш көрсеткіштердің біреуінің кез келген өзгерісі осы жүйенің заттық-энергетикалық, ақпараттық және динамикалық қасиетін сақтап тұрған жалпы қосындыға бірдей әсер етеді».

Бұл заңның салдары болып табиғи тізбекті реакциялар саналады, әдетте олар сызық емес сипатта болады және бағыты өзгерістерді нейтралдау немесе жаңа экожүйелерді қалыптастыру, оның ішінде қайтымсыз. Табиғатты пайдалануды есепке алуда бұл маңызды мәселе, сондықтан бұл заң экологиялық сараптау және шешім қабылдауда әдіснама негізі болып саналады.

Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңының картографиялаудағы маңызды салдары – экожүйелердің жай-күйін айқындау - тұрақты, тұрақты емес-тепе-теңді (қарбалысты-напряженное), тепе-теңді емес; ықпал ету факторларына қарай бөлінуі мүмкін және картада бейнелеу.

Бұл өте күрделі және көп аспекті сипаты бар заң, сондықтан ішкі динамикалық тепе-теңдік заңын картографиялауда есепке алудың екі жолы бар: экожүйелердің жай-күйін сапалық бағалау; экологиялық категорияларды санды бағалау.

Бірінші экологиялық жағдайларды сапалық тұрғыдан бағалауда қолдануда есептеледі (салыстырмалы қолайлы, қанағаттанарлық, қарбалысты, өте қиын жағдай және алапатты немесе апатты), ал екіншісі картографиялауда бағалау бірлігі ретінде экожүйелерідң жай-күйінің сапалы өзгерістеріне сәйкесті мөлшерлерін (санды нысаналары) қолданады. Ең қарапайым және кең тараған мөлшерлер болып ШРК саналады. Бірақ бұларды бағалау критерийлері ретінде қадағалау медициналы-гигиеналық және антропоцентрлік ұстанымдарда ғана қарастыруға болады, ал жалпы экожүйелердің жай-күйін бағалауда бұлар жеткіліксіз. Дегенмен ШРК және оның туындылары ШРМ, ШРШ құқықтық және экономикалық сұрақтарды шешу кезіндегі нормативтік құжаттарда кең таралған, сондықтан қолданбалы экологиялық картографиялауда оларды қолдану қажеттілігі туады.

Экологиялық корреляция немесе сәйкестілік және төзімділік, шыдамдылық немесе толеранттылық заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон экологической корреляции и толерантности). Экологиялық корреляция заңынына байланысты (Реймерс бойынша), кез келген біртұтас табиғи жүйелік құрылымдағыдай экожүйеде де, әсіресе, биотикалық қауымдастықта сол жүйеге енетін тіршілік иелерінің бәрімен абиотикалық-экологиялық құрауыштар бір-біріне функциялық түрде сәйкес келеді. Жүйенің бір бөлігінің істен шығуы (мысалы, бір түрдің жойылуы) міедетті түрде жүйенің осы бөлігімен тығыз байланыстағы басқа бөліктердің жойылуына және біртұтас жүйенің ішкі динамикалық тепе-теңдік аясында функциялық өзгеріске ұшырауына әкеледі. Сонымен қатар, В.Шелфордтың толеранттық заңы бойынша, өркендеудің шектейтін факторы экологиялық фактордың минимумы мен максимумы да болуы мүмкін. Бұлардық арасындағы ауқым (диапазон) организмнің тап сол факторға төзімділік (шыдамдылық) шамасын анықтайды.

Картографиялық зерттеуге бұдан мынандай маңызды мәселелер шығады. Әр экожүйеде (аумақтық бірліктің кез келген деңгейінде) биота, сонымен қатар адамда, белгілі бір геофизикалық және геохимиялық параметрлер шамасына бейімделген. Ортада химиялық элеметтердің жоғарғы немесе төменгі концентрациялы жағдайларында ерекше немесе өзгеше түрлер қоныс алады, ал популяцияларда әртүрлі дәрежеде тұрақтылығы бар организмдер байқалады, сонымен қатар өзгерулерінде тұқым қуалаушылық байқалады. Сондықтан экстремалды немесе оңтайлы табиғи жағдайлар тек нақтылы аумақты мекендейтіндерге қарастырылуы керек және жалпы салыстырмалы сипаты бар болады. Белгілі бір жағдайларда ұзақ мекендеу, белгілі өмірге, әдет-ғұрыпқа бейімделу барысында бір-біріне сәйкесті психологиялық және физиологиялық реакциялар қалыптасады (мысалы, папуастар мен эскимостардың оңтайлы табиғи жағдайлар деген ұғымдары бірдей болмайды).

Басқа жақтан қарағанда антропогендік әсер болмаған экожүйе (геофизикалық және геохимиялық сипаттамалары сол жағдайға сәйкесті) эталон болып қаралуы мүмкін, немесе соңғы ұғым да салыстырмалы және нақтылы аумақты болып саналады. Сондықтан картографиялау кезінде нақтылы аумақтың оңтайлы жағдайы ретінде табиғи ая-фон (антропогендік ықпал болмаған және геофизикалық, геохимиялық параметрлері соған сәйкесті)) қарастырылады. Табиғи аядан ауытқу мөлшері антропогендік ауыртпалықтардың табиғи сипаттамасы болып саналады.



Тірі заттардың физикалық-химиялық бірлесу заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон физико-химического единства живого вещества). Бұл заң (Вернадский заңы) бойынша, жердің барлық тірі заты физикалық-химиялық біртұтас. Бұл заңнан мынадай салдар шығады: тірі заттардың бір бөлігіне зиянды нәрсе басқа бір бөлігіне де әсер етеді немесе тірі организмдердің бір түріне зиянды нәрсе басқасы үшін де солай болады. Бір организмді жоятын кез келген физикалық-химиялық агенттер (мысалы, зиянкестермен күрес құралы пестицидтер) басқа организмдерге зиянды әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Мұндағы барлық айырмашылық тек қана түрлердің агентке төзімділік дәрежесінде. Бұл заңнан шығатын тағы бір салдар - қорытынды – жалпы тірі заттардың ішінде күрделі өзара байланыс болады.

Бұл заң ортаның жекеленген заттармен ластануын картографиялау кезінде әртүрлі түсіндіруге мүмкіншілік жасайды: антропоцентрлік тұрғыдан, нақтылы түрлердің немесе жалпы экожүйенің тұрақтылығы жағынан.



Биосфераның физикалық-химиялық бірлесуі заттардың айналымы арқылы қол жетеді, былайша айтқанда биосфераның физикалық-химиялық бірлесуі заттектердің айналымымен дәлелденеді. Биосфераның қазіргі биохимиялық концепциясы тіршілік пен геохимиялық ортаның бірлестігіне негізделген. Қоршаған ортаның ластану процесі - бұл техногендік ағындар мен шашырау әкиектер (ореолы) немесе сәулелер процесі. Қоршаған ортаға түсетін ластанушылар көпфазалы (газтәрізді, сұйық және қатты фазалы) және көпқұрауышты (табиғи жағдайларда химиялық таза заттар болуы мүмкін емес, ал өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға қатысы тіпті жоқ) болады. Поллютанттар (ортаны техногендік ластаушылар) қоршаған ортаға түскеннен кейін геохимиялық ағындылар құрамында тасымалданады және өздігінен тазару процестерінде бұзылады. Көздері бір болғандықтан поллютанттар мен әкиектер арасында геохимиялық корреляциялық байланыстар құрылады. Бұл жағдай экологиялық картографиялауда өте маңызды, себебі объектерді зерттеуде ағындылардан көрі әкиектер өте қолайлы болады.

Барлық тіршілік шарттарының тең мәнділік заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы (закон равнозначности всех условий жизни). Бұл заң бойынша, ортаның тіршілік үшін қажет барлық табиғи жағдайлары тең мәнді рөл атқарады. Мысалы, адамның өмір сүруі үшін негізгі қажетті шарттар – дем алатын ауа, сусын, тамақ. Адам бұның бірінсіз өмір сүре алмайды. Ауасыз 4-5 минут, сысынсыз 5-6 күн, тамақсыз 25-30 күн өмір сүруге болады екен. Басқа тіршілік етушілерге де осыған ұқсас қажеттілік шарттар бар. Міне, осы қажеттілік шарттардың біреуі жетіспесе тіршілік болмайтындықтан, олар тең мәнді делінеді. Бұл заңды есепке алу ортаның жай-күйі жайында интегралдық сипаттамаларды алу мақсатында синтетикалық картографиялауда жүргізуде қажетті. Барлық тіршілік шарттарының тең мәнділік заңы экологиялық факторларды маңызды, екінші дәрежелі деп бөлуге жол бермейді.

Минимум заңы бойынша кез келген фактор шектелген болуы мүмкін. Сонымен қатар организмдердің әртүрлі факторларға деген төзімділік интервалдары да әртүрлі болады, оның ішінде олардың өзгеру ауқымдарына (диапазон) қатысты.



Таралу аймағының/ареал/ топографикалық шілтері/кружева/ және олардың географиялық өзгеру ережесі жайындағы заңының э. картографиялаудағы маңызы (правило топографического кружева ареала и географической изменчивости кружева ареала). Бұл биогеографиялық заңшылықтар ландшафттық мәлеметтерді пайымдау туралы нақтылы кеңестер ретінде қарауға болады. Мысалы, белгілі түрлерге қолайлы учаскелердің орналасуы географиялық заңдарға бағынады: жылу сүйгіш түрлер оңтүстік беткейлерде жылысады, ылғал сүйгіштер ойпаң жерлерде болады және с. с. Таралу аймағының әртүрлі бөлігінде сол бір түрге деген учаскелердің орналасуы бірдей болмайды: таралу аймағының солтүстік шекарасында – оңтүстік беткейлерде, оңтүстік шекарасында – солтүстік беткейлерде.

Инстинктивтік теріске шығару-мойындау және оқиғаның алыстығы принциптерінің экологиялық карторграфиялаудағы маңызы (принципы инстинктивного отрицания – признания и удаленности события). Бірінші принцип бойынша, туындырушының немесе жасаушының концепциясына қайшы фактылар мен заңшылықтар моделден саналы түрде шығарылады, ал концепциядағы фактыларға шынында мәні болмасада зор баға беріледі. Екінші принцип бойынша, уақыт пен кеңістік жағынан алыста қалған құбылыс өмірде болмаған сияқты әсер қалдырады және елеулі емес болып көрінеді. Табиғатты пайдалануда бұл принцип жаңсақ практикалық іс-қимылдардың негізіне айналып жатады.

Бұл келтірілген принциптерді карталарды әзірлеушілер материалдарды талдау процесінде ғылыми-эксперттік жұмыстар психологиясының эмпириялық заңшылықтары ретінде ескеруі керек.


Бақылау сұрақтары:

1 «Экологиялық картографиялау» және «экологиялық карта» деген ұғымдарды қашан және кім енгізді?

2 Экологиялық жағдайды бағалау мен картографиялауда биоцентрлік әдіс-амал нені қарастырады?

3 Экологиялық жағдайды бағалау мен картографиялауда антропогендік әдіс-амал нені қарастырады?

4 Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы

5 Экологиялық корреляция немесе үйлесімдік және төзімділік заңдарының экологиялық картографиялаудағы маңызы.

6 Тірі заттардың физикалық-химиялық бірлесу заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы.

7 Барлық тіршілік шарттарының тең мәнділік заңының экологиялық картографиялаудағы маңызы.


Әдебиет:

1, 12-20 б; 2, 142-167, 348-393, 397-403 б; 3, 637 б; 5, 191-200 б; 6, 38 б; 7, 224-236 б;


3 Тақырып Тематикалық картографияны экологияландыру

Мақсаты: тематикалық картографияны экологияландыру мен экологиялық карталарды жіктеудің жалпы мағыналарын білдіру.

Жоспар:

3. 1 Тематикалық картографияны экологияландыру

3. 2 Экологиялық карталарды жіктеу
3. 1 Картографияны экологияландырудың жалпы мәні мынада: табиғи ортаның жай-күйін дәстүрлі қайта құру түрінде көрсетуден адамның іс-әрекетінің мазмұнын және зардаптарын көрсетуге көшу. Экологиязациялау немесе экологияландыру қазіргі ғылымның даму барысында жалпы тенденциясы ретінде тематикалық картографияның көптеген салаларында байқала бастады.

Геологиялық картографиялау міндеттері мен зерттеулік суретке түсіру тәсілдері облысында көп өзгерістерге ұшырады. Геологиялық іздестірулердің жалпы бағыты өзгерді және бұрынғыдай пайдалы қазбаларды табудан геологиялық ортанының қазіргі жай-күйі мен оның өзгеру тенденцияларын зерттеуге бағытталған жаңа әдістемелік ңұсқаулар дайындалған болатын. Геологиялық картографияны экологияландыру жиегінде жалпы және арнаулы карталарда негізінен техногенді-пайдаболған, техногенді-қайта түзілімдер және техногенді-өзгерген таужыныстарын көрсетуге, сонымен қатар олардағы физикалық және химиялық өзгерістерге көп көңіл бөліне бастады.

Геоморфологиялық картографиялау да ақырғы жылдары экологиялық проблемаларды зерттеуге және шешуге бағытталған. Егер бұрын геоморфологтар негізінен жер бедерінде бейнеленетін геологиялық мәселелерге көңіл бөлетін болса, ал қазір жер бедерімен бақыланатын географиялық жағына көңіл бөлінуі керек. Ландшафттың литогендік негізі (геологиялық құрылысы және жер бедері) көп дәрежеде топырақ түршелері мен биотоптардың және олардың сыртқы шекарасының кеңістікте таралуын немесе бөлінуін алдын ала айқындайды. Осыған орай әртүрлі экологиялық жағдайлардың аумақтарының шекаралары көптеген жайдайларда геоморфологиялық шекараларымен үйлестіріледі.

Жер бедері геодинамика процестеріне тікелей әсер етеді, оның ішінде экологиялық қауіп-қатер факторлары (опырылымдар, жылжымаар, көшкіндер, селдер, су басулар) болатындарға. Сондықтан геоморфологиялық карталар жер бедері мен жер үстіндегі түзілімдермен бақыланатын әртүрлі қауіпті құбылыстарды бағалауда пайдалана бастады.



Климаттық картографиялау экологиялық жай-күйді метеорологиялық факторлармен бейнелеу бағытында эволюцияланады: атмосфераның ластану потенциалы мен шашырату немесе таралу қабілетін. Бұл жағдайда айта кету керек, әдеттегіше ғаламдық және аймақтық экологиялық жағдайларды талдау және болжау кезінде атмосфералық процестерді ұсақ масштабты карталарды құрау немесе жасау кенттенген аумақтардың ластануын көрсетуге жеткіліксіз болады. Осыған орай қала шарттарында циркуляциялық процестерді математикалық моделдендіру негізінде компьютерлік, оның ішінде оперативтік карталарды жасау кеңінен орын алды.

Гидрологиялық картографиялау су қорларының жай-күйін бейнелеуге бағытталған, сонымен қатар үлкен тасқындар, сулардың таусылу және ластану аспектері жайында.

Топырақтық картографиялау әдеттегіше топырақтардың түрлері мен түршелерін қана емес, сонымен қатар олардың жай-күйін және өзгеру тенденцияларын (шайылған және шайылып әкелінген топырақтарды бөліп көрсету) бейнелеуге бағытталған. Экологиязацияландыру бағытында топырақты картографиялау жер ресурстарының мониторингіне айналады. Олардың негізгі міндеттері: топырақтың эрозиясын, гумус және микроэлементтер мөлшері, рН-тың өзгеруін, пестицидтердің қалған концентрациясын, ауыр металдар және мұнай өнімдерімен ластануын қадағалау.

Топырақтық картографиялау объектері болып техногендік және антропогенді-қайта құралған топырақтар (агросұр, агроормандық және т.б.) саналады.

Топырақтардың қасиеттері ластаушы заттардың таралу және өздігінен тазару процестерінің қарқындылығына, коррозиялық активтілігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан топырақтардың түрлері мен түршелерінің поллютанттардың таралуына әсерін арнаулы топырақ карталарында бейнелеу кең орын ала бастады. Сонымен, топырақтық картографиялау экологиялық-геохимиялықпен қабысады.

Геоботаникалық картографиялау (ормандықты қоса, оның қолданбалы бағыты ретінде) қазіргі экологиялық картографиялаудың бір көзі болып саналады. Геоботаникалық картографиялаудың қазірзі тенденциясы болып өсімдіктердің динамикасын, олардың жай-күйін қауымдастықтардың сукцессиялық ауысуын есептей отырып болжауды қоса көрсету саналады. Өсімдіктер жамылғысының жай-күйі экологиялық жағдайдың бір көрсеткіші болып саналады, осыған орай биоиндикаторлық картографиялау кең орын ала бастады.

Әлеуметтік-экономикалық картографиялауды экологияландыру шаруашылық іс-әрекеттердің зардаптары: ластаушы шығарындылар мен төгінділердің көлемі мен құрылымы, оның ішінде экономика салаларына байланысты, тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану масштабтары және т.б. көрсетуге арнаулы карталарды жасауға бағытталған. Картографиялаудың объектері болып салыстырмалы көрсеткіштер де болуы мүмкін. Мысалы, шығарындылар мен төгінділердің бір адамға, аумақ бірлігіне, шығарылатын өнімнің натуралды немесе ақшамен көрсетілген көлеміне шағылған мөлшері. Сонымен қатар экологиялық салық немесе ластауға байланысты төлемдер және т.б.

Ортаның жай-күйі кадастрлік бағалауда да негізгі фактор болып саналады, былайша айтқанда жылжымайтын мүліктің құнын анықтауда. Бұл үшін арнаулы экологиялық жағдайларды экономикалық тұрғыдан бағалау карталары жасалады.



3.2 Экологиялық карталарды жіктеу сұрақтары әртүрлі шешіледі және жіктеудің негізі не болады соған қарай жүргізіледі. Мысалы оларға жататындар: бар картографиялық материалдарды талдау және жинақтау немесе теориялық алғышарттар,жорамалдар Вопросы классификации экологических карт решаются по-разному, в зависимости оттого, что положено в основу классификации: анализ и обобщение фактически существующих картографических материалов пікірлер. Сондықтан жіктеу белгілер саны, жалпы экологиялық проблемалар саны секілді шегі жоқ деуге болады.

Зерттеу тәсілдеріне қарай экологиялық карталар аналитикалық (салалық), синтетикалық (интегралдық) және комплексті немесе кешенді болып бөлінуі мүмкін.

Аналитикалық немесе салалық карталар қазіргі кезде ең көп таралған. Олар қоршаған ортаның жекеленген құрауыштарының қазіргі жай-күйін сипаттайды. Мұндай қарталардың тематикасы тіптен алуан-түрлі. Бұлар: өзендер мен көлдердің өндіріс қалдықтарымен ластану карталары, топырақтардың ластану карталары, геологиялық-экологиялық карталар және с. с. Әр жеке алынған салалық карта өзінің тақырыбына сәйкесті толық немесе жинақтап табиғи ортаның бір құрауышының экологиялық жай-күйін бейнелейді.

Синтетикалық немесе интегралдық экологиялық карталар ластанудың жергілікті халықтың денсаулығына қауіптілік дәрежесіне немесе қоршаған ортаның бұзылу дәрежесіне қарай аумақты экологиялық зоналау нәтижелерін бейнелейді. Бұндай карталардың негізгі мазмұны болып картографияланатын аумақтың ластануының қауіптілік дәрежесінің кейбір кешенді көрсеткіші саналады. Сонымен қатар картографияланатын аумақ шегінде әрбір экологиялық фактордың ластану қауіптілігі жалпы бағалау негізінде дайындалады.

Кешендік экологиялық карталар осы аумақтағы барлық экологиялық қауіптілік көздерін бір мезгілде бейнелеуге, олардың қоршаған ортаға деген әсерін бағалауға, қалыптасқан экологиялық жағдайды талдауға және қоршаған ортаны қорғауда нақтылы шараларды қабылдау барысында қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Бұл карталардың кешенділігі экологиялық картографиялаудың түп негізімен байланысты, ол теориялық ұғымдар мен табиғатты қорғау, медициналы-географиялық, рекреациялық (тынығу) және табиғатты пайдалануды картографиялаудың үйлесуі. Мұндай карталарды құрастыру қазіргі экологиялық картографиялаудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Экологиялық карталар әртүрлі масштабта құрастырылуы мүмкін. Ұсақ масштабты экологиялық карталар көлемі үлкен аумақтың экологиялық жағдайын бейнелейді (жалпы тұтас ел, географиялық аудандар, үлкен әкімшілік субъектілері, жекеленген әкімшілік бірліктер жиынтығы). Олар байтақ аумақтарда генералдық табиғатты қорғау шараларын дайындау негізінің ақпараттың базасы болып саналады. Орта масштабты немесе аймақтық экологиялық карталар жекеленген әкімшілік бірліктерінің (облыстар, облыс аудандары) қазіргі экологиялық жағдайын бейнелейді. Қазіргі уақытта аймақтық экологиялық карталар ең сұрамы көп карталар болып саналады, себебі олар көптеген мәселелерді шешуге мүмкіншілік жасайды.

Үлкен масштабты экологиялық карталар ең көп ластанған және экологиялық жағынан ең қауіпті көлемі шамалы аумақтарды (үлкен өндіріс орталықтары, қалалық агломераттану, пайдалы қазбалар шығару бассейндері ) бейнелейді.

Қазіргі кезде экологиялық карталардың ғылыми-қолданбалы бағытта жалпы танылған және тұрақталған жіктеу түрлері:

- түгендеу (табиғи объектілерді есепке алуға және сипаттауға бағытталған)

- бағалау (табиғи ортаның жай-күйі мен шарттарын белгілі бір критерийлерге сәйкестілігін сипаттау);

- болжам жасау (тікелей зерттеуге қол жетпейтін немесе жорамалды табиғи объектілерді және олардың қасиеттерін бейнелеу);

- ұсынылатын (табиғи ортадағы қатынастарды оңтайлау және қолайсыз құбылыстарды болдырмау және олардың зардаптарын жеңілдету немесе алдын алуға бағытталған)..

Экологиялық карталар ақпараттар көздеріне байланысты да бөлінеді:


  • қашықтықтан (дистанциялық) зондылау;

  • статистикалық мәліметтер және оларды өңдеу;

  • танаптық немесе далалық картографиялау мен мониторинг

  • биоиндикаторлардың жай-күйін зерттеу;

  • әртүрлі көздерден түскен мәліметтерді жалпылау.



Бақылау сұрақтары:

1 Картографияны экологияландырудың жалпы мәні неде?

2 Топырақтық картографиялауды экологияландыру барысында не қадағаланады?

3 Геоботаникалық картографиялауды экологияландыру барысында не қадағаланады?

4 Экологиялық карталарды жіктеу неге негізделген?

5 Қазіргі кезде экологиялық карталарды қай бағытта жіктеу жалпы танылған?

6 Экологиялық жағдай туралы төрт ақпарат көзін атаңыз.
Әдебиет:

1, 24-29 б; 3, 367 б; 8, 13-19 б; 9, 305-520 б; 10, 83-103 б.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1 Стурман В.И. Экологическое картографирование: Учебное пособие. - М.: Аспект Пресс, 2003. - 251 с.

2 Реймерс Н.Ф. Природопользование: Словарь-справочник. - М.: Мысль, 1990. – 637 с.

3 Реймерс Н.Ф. Экология (теории, законы, правила, принципы и гипотезы). - М.: Россия Молодая, 1994. – 367 с.

4 Фокина Л.А. Картография с основами топографии: Учебное пособие. М.: Владос, 2005. - 335 с.

5 Озенда П. Экологическое картографирование //Картография, Вып. 2. Использование карт в практических целях в зарубежной картографии. – М., 1983. - с.191-200.

6 Сочава В.Б. Растительный покров на тематических картах. – Новосибирск, 1979. - с. 38.

7 Вернадский В.И. Живое вещество. – М., 1978. - с.224-236.

8 Бурдэ А.И. Геологическая карта нового поколения // Природа, 1990, №9. - с. 13-19.

9 Муха В.Д., Картамышев Н.И., Муха Д.В. Агропочвоведение /Под. ред. В.Д.Мухи - М.: КолосС, 2003. – 528 с.

10 Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии. – М.: КолосС, 2007. – 319 с.

11 Экологический мониторинг: Учебно-методическое пособие./ Под редакцией Т.Я.Ашихминой.М.: Академический Проект, 2006. - 416 с.

12 ҚР Экологиялық кодексі: Ресми мәтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. –496 с.

13 Панин М.С. Экология Казахстан: Учебник для вузов. – Семипалатинск: Семипалатинский гоударственный педагогический институт, 2005. - 548с.

14 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. – Алматы: Мектеп, 2007. - 352 б.

15 Экологиялық энциклопедия / А.Ж.Ақбасова және т.б.. – Алматы, 2007. - 303б.

16 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. – Алматы:



Экономика, 2002. - 405 б.





Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет