1-дәріс. «Модель» және «моделдеу» ұғымдары. Математикалық моделдердің классификациясы. «Модель» және «моделдеу»



бет1/9
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#120420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-дәріс Модель және моделдеу ұғымдары
Семинар 4, Семинар 4, Семинар 4, Семинар 4, Семинар 4, Семинар 4, 1-дәріс Модель және моделдеу ұғымдары, Улугбек Нурматов

1-дәріс. «Модель» және «моделдеу» ұғымдары. Математикалық моделдердің классификациясы.

  1. «Модель» және «моделдеу» ұғымдары.

Математикалық моделдеудің әр түрлі элементтері дәл ғылымдар пайда болуымен қатарласа қолданылғанына, олардың Ньютон, Эйлер сияқты дарындардың есімдерін иеленуі куә болса керек. ХХ ғасырдың ортасында кәдуілгі әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес қыруар есептеу жұмысынан ғалымдырдың шаруасын мейлінше жеңілдеткен компьютерлер пайда болысымен, математикалық моделдердің арқасында қойылған есептер жылдам шығарыла бастады. Бірінші кезеңде ядролық жарылыстар мен зымырандар ұшыру ЭЕМ арқылы моделденіп, содан соң практикада жүзеге асты. Қазіргі шақта зерттелетін технологиялық, экологиялық, экономикалық тағы басқа жүйелерді бұдан әрі кәдуілгі теориялық әдістермен зерттеуге болмай қалды. Тікелей жаратынды эксперимент жасауға мұндай жүйелердің көпшілігі жалғыз дана болғандықтан тәуекелге бара алмаймыз, немесе қымбатқа түседі, немесе қауыпты. Сондықтан, математикалық моделдеу – ғылыми-техникалық прогресстің негізгі құраушысы деп айта аламыз.
Әдістеме ретіндегі математикалық моделдеу математика, физика және биология сияқты ғылыми пәндерде аспап ретінде қолданылып, олармен бәсекелеседі. Практикадағы зерттеушіден бастап әскер басшысына дейінге барлық саладағы шығармашылық қызметте моделдеу қолданылады. Математикалық моделдеу келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет: негізгі ұғымдар мен ұсыныстардың айқын қалыптастырылуы, қолданылатын моделдердің адекваттығының талдамы, есептеу алгоритмдерінің кепілді дәлдігі және т.б. Қиын қалыптасатын нысандарды моделдегенде математикалық терминдер мен бей-матемикалық терминдердің ара-жігін қосымша анықтап, сонымен қатар зерттелетін нысанға белгілі математикалық аппараттарды қолданудың ерекшеліктерін ескеру қажет.
Математикалық моделдеу әдістемесін жасаудың кезеңдерін атап өтсек:
• Дәл ғылымдардың туындауы. Есептеу әдістері Ньютон мен Эйлер сияқты ғұламалардың аттарын иеленсе, «алгоритм» сөзі ортағасырдағы араб ғалымы әл Хорезми есіміне байланысты.
• ХХ ғасырдың ортасы.

  • Компьютерлердің пайда болуы.

  • Ядролық технологиялардың жасалуы.

• Ақпараттық қоғамның өмірге келуі. Математикалық моделдеудің әдістемесі ақпараттық технологиялардың интеллектуалды өзегіне айналды. Қазіргі уақытта математикалық моделдер қолданылатын салалар:
• дәстүрлі облыстар – физика, химия, биология ;
• жаңа облыстар мен жаңа пәндер – техникалық, экологиялық, экономикалық т.б. жүйелер. Мұндағы қиындықтар:

  • тікелей жаратынды эксперимент қауыпты немесе мүмкін емес.

  • жүйе жалғыз дана;

• әлеуметтік үдерістер.
Модель. Бұл латынша «modulus» – өлшем (өлшеуіш, үлгі, норма)
сөзінен шыққан. Модель деп түсінетінімі мыналар:
•сериялы немесе жаппай қолданысқа шығарылатын заттардың (автомобиль, киім түрлер)стандарт этолоны қызметін атқаратын үлгі немесе қайбір бұйымның типі, маркасы;
• ағаштан, саздан, құмнан, гипстен тағы басқалардан жасалған бұйымдардың екінші бір материалдағы (металл) қалыбы;
• кескінделетін нысандар:
•ғылыми, практикалық немесе спрорттық мақсатта басқа бір құрылғының құрылымы мен қызметін жүзеге асырушы құрылғы.
Модель ретінде әдетте түп нұсқаның маңызды сипаттарын сақтайтын материалдық түрде немесе ойша рәсімделетін нысан алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет