физикалық – моделдің нақты аппараттар мен технологиялық процестердің кішірейтілген көшірмесі ретінде кескінделуі;
аналогтық – әртүрлі физикалық табиғатты болғанымен бірдей математикалық теңдеулермен өрнектелетін, аналогияға сүйенген моделдер.
Моделдеу Қай бір ғылымның мейлінше дәл болуына қарай, ондағы зерттелетін нысандар мен құбылыстардың математикалық өрнектелуі кеңінен қолданылады.
Моделдеу кезінде моделдің қолданылатын типтері:
нысанның қалпын бейнелейтіннемесе құбылысты бақылау нәтижелері;
осындай қалып пен осындай нәтиже алудың себебін түсіндретін типі:болашақтағы қалып пен нәтижелерді болжауға мүмкіндік беретін тип.
Моделдеу – таным әдістерінің бірі. Онымен методология саласы айналысады.
Моделдеу – танымның жалпы-ғылыми әдістер қатарын жататын ерекше әдісі. Ол тәжірибелік деңғгейде де, теориялық деңгейде де қолданылады.
Моделдеу ұғымы– нысанды зерттеуді біздің ықыласымыз ауған нысанның өзі емес, қайбір қосалқы жасанды немесе жаратынды жүйе яни модель зерттелетін теориялық немесе практикалық жуықталған
зерттеу кезінің ақыр аяғында моделденуші нысан туралы ақпарат беретін
зерттеулер арқылы анықталады (А.А Ляпунов).
Моделдеу теоряның немесе эксперименттің кеңеюі емес. Оны теория мен эксперимент арасындағы жеке позиция ретінде қарастыру қажет.