«№9 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналды мемлекеттік мекемесі Анықтама Сейдахметова Гулбану Есенгелдиевна «№9 жалпы білім беретін мектебі»



Дата19.01.2023
өлшемі1,18 Mb.
#165939
түріӨмірбаяны
Байланысты:
гулбану муг


«№9 жалпы білім беретін мектебі»
Коммуналды мемлекеттік мекемесі

Анықтама

Сейдахметова Гулбану Есенгелдиевна
«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына
125 жыл толуына орай қыркүйек-желтоқсан айларындағы атқарылған жұмыстар


Кемеңгер жазушының ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарында
Мұхтар Омарханұлы бұрышын жасалып, оқушыларға жазушының өмірбаяны мен атқарған игі істері туралы ақпарат берілді

«М.Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты жазушының кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Білім алушылар Мұхтар Омарханұлы туралы өздерінің білетіндерін ортаға салып, өздеріне тансық жайттар туралы кеңінен мағлұмат алды


«М.Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» , «Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл» атты сынып сағаттары ұйымдастырылып, кітапханадағы «Мұхтар Омарханұлы» бұрышымен қосымша таныстырылым жұмыстары жүргізілді. Сынып сағаттарының басты мақсаттары:


1. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу;
2. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту.

«Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл», «Мұхтар Әуезов» әлемі тақырыптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, оқушыларға Мұхтар Омарханұлының өмірбаяны мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі туралы мағлұматтар берілді. Мақсаты:




Білімділік: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүниесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет