Аудандық білім бөліміне
Нарқызыл негізгі орта мектебінен
ХАБАРЛАМА
Сыныбы: 8
Сынып жетекші: Әміржан Күміс Қанатқызы
2022-2023 оқу жылының басында мектептің тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, бекітілді.Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтиды:
1) Қазақстандық патриотизм және азаматтыққа, құқықтық тәрбие.
2) Рухани -танымдық адамгершілік
3) Ұлттық тәрбие
4) Отбасы тәрбиесі
5) Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие
6) Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие мәдениет тәрбиесі
7) Зияткерлік тәрбие,ақпараттықмәдениеттітәрбиелеу
8) Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты.
Биылғы І оқу тоқсаны Қазақтың көрнекті ағартушысы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы,жазушы М.Әуезовтың 125 жылдығы, Республика күні мерекесімен тұспа тұс келгендіктен осы іс-шаралармен байланысты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағытында, қыркүйек айының 1-і күні «Білім күні.Мен елімнің патриотымын» атты жалпы жылдың алғашқы тәрбие сағаты болып өтті. Оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, оқу және тәрбие жұмыстарымен қысқаша таныстыру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта 28.10.2022 күні «Мамандық таңдау-ертеңді ойлау» атты тақырыпқа эссе жазу болып өтті. Мақсаты, жоғары сынып болғандықтан мамандық таңдаудың маңыздылығы мен алдағы жаңа кезеңге қадам екендігін түсіндіру.
Рухани-танымдық адамгершілік тәрбиесі бағытында 1қазан Қарттар күніне орай “Қарияға құрмет-мұсылмандық асыл қасиет” және «Ұстаз ұлық емес,ұлы қызмет» атты ұстаздар мерекесіне орай тәрбие сағаттары болып өтті.
09.09.2022 күні Отбасы күніне орай «Отбасы құндылықтары-бақытты отбасының кілті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында танымдық сөздер, ойындар мен тапсырмалар беріліп, отбасы құндылығы дәріптелді.
Ұлттық тәрбие бағытында 23.09.2022 күні «Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін» тақырыбында тілдер мерекесіне орай тәрбие сағаты болып өтті.
Мектеп тәлімгері ұйымдастыруымен «Күзгі балл-2022» болып өтті. Іс-шараға 8 сыныптан Қасқарбай Рамазан мен Жұмажанқызы Нұрдина қатысып, бас жүлдені иеленді.
Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие бағытында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай танымдық сабақ жүргізілді. Мақсаты, ақын әрі жазушы А.Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстыру, мысалдары мен өлеңдерін оқу, жалпы шолу жасау арқылы тәрбиелік маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, «М.Әуезовтың 125 жылдығы» атты жазушы өмірінен, шығармашылығынан ақпарат беру мақсатында танымдық сабақ өткізілді.
25-қазан Республика күніне орай қазан айының 21-і күні «Бірлігі жарасқан -Қазақстан» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Егемендік декларациясы туралы мәліметтер беріліп, Республика күнінің маңызы ашып түсіндірілді. Сұрақтар қойылып, ойындармен қорытынды жасалды.