«Қайназар ауылындағы орта мектебі»кмм тәрбие сағатының тақырыбы: Қонақ күту әдебі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,95 Kb.
#97319
  1   2   3   4
Байланысты:
Қонаққа бару, қонақ күту әдебі


«Қайназар ауылындағы орта мектебі»КММ


Тәрбие сағатының тақырыбы:
Қонақ күту әдебі


7 «Ә»сынып жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі: Түйебаева Айман Құрманбайқызы


2015-2016 оқу жылы

Сынып сағаты 01.02.2016ж
Мақсаты: Оқушылардың жеке танымдық, еріктілік, тәртіптілік ерекшеліктерін ұштау, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихынан сынып сағатында мағлұмат беру. Халық дәстүрлерін неғұрлым таза сақтап, қонақты күту дәстүрін ой елегінен өткізіп, өнеге алатындай етіп үйрету.
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.
Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған.
Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.
Қонақжайлылықтың негізгі белгілері
Адамдардың арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықты білдіретін,үй иесінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын ұлттық салт-дәстүріміз – қонақжайлылықтың негізгі белгілері бар.Олар: адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, құрметпен қарсы алып, достық ықылас көрсету, адал ас-дәмін ұсыну.
Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті мен дәстүрі қай заманда да шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қалдырғаны тарихта жазылып қалған ақиқат. Этнографтардың, көне-көз қариялардың айтуынша, дәстүрлі қазақ қоғамында, әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі «енші». Қасиетті қазақ даласындағы кез -келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, шөлін қандырып, тынығып алуына құдайы қонақ ретінде қақысы бар. Ал әрбір үй қонақты ақ пейілімен қарсы алып, сыйлап, құрметтеп шығарып салуға тиісті. Бұл – қазақ даласында ежелден келе жатқан моральдық – этикалық қалып, қазақ тұрмысының айнымас шарты.

Қонақ деп кімді айтады?
Үйге келген мейманды – қонақ деп атайды. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы бойынша үйге келген адам ішке баса көктеп кірмейді, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын ең бірінші шарты шаңыраққа сәлем беріп кіру. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келген қонаққа үй иесі қонақасы береді. Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады. Үй иесі болмаса келген қонақ ұсынылған астан дәм татқан соң басқа, үй иесі бар отбасына барып түнейді. Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады.
Олар кетерде үй иесі есікті ашып, шығарып салса, бұл қонақтарды қуған болып саналады.
Қонақтың түрлері
 Қазақ халқы қонақтарды:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет