«Қайназар ауылындағы орта мектебі»кмм тәрбие сағатының тақырыбы: Қонақ күту әдебі



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,95 Kb.
#97319
1   2   3   4
Байланысты:
Қонаққа бару, қонақ күту әдебі

Ерулікті қонақ. Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атаған.
Қонаққа шақыру, қонақ болу
Қонақжайлылық, қонаққа шақыру – өзіңдегі несібе, ризықпен бөлісу, қолыңнан келген құрметті, бақытты қайтарымсыз сыйлау. Бұл іс екі жақтың арасындағы татулықты нығайтады. Пейілі ақ әрі кең адамдардан ғана қонақжайлылықты күтуге болады. Қазақ – «қонақпенен бірге құт келеді», – деп ойлаған, соған сенген халық. Біздің ата-бабаларымыз, әке-шешелеріміз қонаққа шақыруды да, оларды күтуді де, өздері қонаққа баруды да әрі жақсы көрген, әрі қызық, қуаныш санаған.
Қонақтың орыны – қашанда үйдің төрі. Қонақтар үйге сәлем беріп (шаңыраққа сәлем беріп) кіргеннен кейін қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, аяқ киімін оң жақ босағаға шешіп, төрдегі жаюлы тұрған сырмақ үстіндегі көрпеге барып отыруға тиіс. Өзін таныстыруға асықпайды, үй ішіндегілер де оның аты-жөнін, жұмысын тергеп сұрамауға тиісті.
Өйткені ол – көргенсіздік болып саналады.
Келген қонақ аты-жөнін айтқанымен, жұмысын айтқысы келмесе, оны ешкім де жазғырмауға міндетті.
Қазақтар ұл-қыздарына қонақ күту әдебін жас кезінен бастап үйреткен. Оны жырға қосып үнемі айтып отыратындықтан, қонақжайлылық балаларының жас кезінен-ақ сана-сезіміне сіңіп, жүрегінен орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет