Өмірбаянымен, Д. Мацуциннің «Зырлайды шанамыз»



Дата31.12.2019
өлшемі48,5 Kb.
#54858
түріӨмірбаяны
Пәні : Ән – күй

17



Сыныбы: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы : Шырқа, сырнай.

Д. Мацуцин «Зырлайды шанамыз» әні


Сабақтың мақсаты :

Білімділік : 1. Оқушыларға «Шырқа, сырнай» тақырыбы туралы мәлімет беру, Н. Бекежановтың өмірбаянымен, Д. Мацуциннің «Зырлайды шанамыз» әнімен таныстыру.

Дамытушылық : 2. Әнді сүйемелдеумен орындау әдісі туралы музыкалық сауаттылығын ашу, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың халық музыкасына деген ықыласын көтеруге ықпал ету, сахна мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту .
Сабақтың типі : Жаңа білім беру сабағы .

Сабақ әдісі : Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру, ҮҰБ стратегиялары .

Пән байланысы : Сурет , тарих, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі : Музыкалық нота , кітаптар, музыкалық аспап , бейнетаспа, интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа, буфер .
Сабақтың жоспары :

І. Ұйымдастыру кезеңі : 1) оқушыларды түгендеу .

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару .

3) жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру .

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту .

1. «Ой шақыру» сатысы.

2. Семантикалық карта толтыру.

3. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

4. «Зырлайды шанамыз» әнімен таныстыру.

5. Оқушыларға айтқызып , әнін үйрету.

6. Н. Бекежановтың өмірбаянымен таныстыру.

7. Музыка тыңдайық!

8. Сергіту сәті.


ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.


ІV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма .

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1. «Ой шақыру сатысы».

1) Балалар, біз өткен сабақтарда қандай музыкалық аспаптармен таныстық?

2) Ұрмалы аспаптар деген не ?

3) Ішекті аспаптарды ата ?


2. Семантикалық карта толтыру.


Аспаптар

Ішекті

аспаптар

Үрмелі

аспаптар

Ұрмалы аспаптар

Домбыра

+







Сазсырнай




+




Дауылпаз







+

Үскірік




+




Қобыз

+







Сыбызғы




+




Асатаяқ







+

Бұғышақ




+




Жетіген

+







Дабыл







+



3. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сырнай деп түймелі, жиырмалы музыкалық аспапты атаған. «Сырнай» деген сөз – «сыр» және «най» деген екі сөзден тұрады. Қазақ тілінде «сыр» деген сөздің мағынасы – сырласу, «сыр шерту» болса, «най» деп музыкалық аспаптарды және кейбір түтік заттарды атаған екен.Сырнайдың қазіргі түрін баян деп атайды. Баян аспабының бірнеше аспаптың дыбысын бере алатын мүмкіндігі бар.
4. «Зырлайды шанамыз» әнімен таныстыру.
Зырлайды шанамыз
1. Аязды келіп қыс,

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз

Ақ қырау жабысты.

2. Алғашқы ақша қар

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды

Қорытындылау.

5. Оқушыларға айтқызып , әнін үйрету.
6. Н. Бекежановтың өмірбаянымен таныстыру.
Нартай Бекежанов – ақын, композитор. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Нартай көптеген ақындармен айтысқа түскен. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де «Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме» атты әндер шығарған.

7. Музыка тыңдайық!

Сырнай аспабының сүйемелдеуімен «Нартай термесі».

Музыканы тыңдап, оған ауызша талдау жүргізу, сұрақтар қою.
8. Сергіту сәті.

Орыс халық әніне билеу.


ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.


ІV. Қорытындылау, бағалау.

Аққала бейнесін жапсыру арқылы сұрақтарға жауап беру.

1. Сырнай түрлерін ата.

2. «Сырнай» сөзі қандай мағына береді ?

3. Қандай музыка тыңдадық ?

4. Ол саған қандай көңіл-күй сыйлады?

5. Қандай ән үйрендік?

6. Әннің мазмұны не туралы?


V. Үйге тапсырма .

1. «Зырлайды шанамыз» әнін жаттау.



2. Баян аспабының суретін салып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 1069
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1069 -> Сабақтың тақырыбы: § 47. Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі Сабақтың мақсаты
1069 -> Күні: Бекітемін:№26 Пәні: Биология Сыныбы : 9
1069 -> Қысқа мерзімді жоспар: Сынып: 9 Күні
1069 -> Сабақ: қазақ әдебиеті Сынып: 11 «а» сынып Уақыты: Шаяхметова А. Е
1069 -> СабақТЫҢ тақырыбы: Ең суық айлар сабақТЫҢ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет