Инновациялық технологияларды қолдану арқылы
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Елбасымыздың ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында инновациялық технологияларды қолдану қазіргі заман талабы. Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі жаңа технологиялары бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұнын тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құралдар, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық сайт жатады. Оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану тіл үйренушілердің білім алуға деген қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге өзге тілде де еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек. Мұндай мақсатқа жету үшін, алдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Инновациялық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтар. Барлық білім беру мекемелерінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Көптеген білім беру ордаларында интерактивтік тақта орнатылған.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазіргі кезде технологиялардың түрлері өте көп. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу), ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді. Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырады. Сұрақ қою, ой шақыру, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, топтастыру, салыстыру стратегиясы, джигсо әдісі т.б, стратегиялар мен әдістерді қолдану тыңдаушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз және де бұл стратегиялар тіл үйренушілердің қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету барысында көптеген сайттарға жүгінеміз. Сабақта жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылау барысында тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материалдарды қолданамыз. Сол сияқты тіл үйренушілердің ойлануына және қызығушылық қабілеттерін арттыру мақсатында ықпал ететін технологиялар жеткілікті. Соның бірі RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан, әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту болып табылады (2 - слайд).
Жоғарыда аталған стратегиялар мен әдіс-тәсілдерден мысал келтіретін болсақ (3-слайд):
1.Миға шабуыл стратегиясы – бұл жеке талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандай да бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
(4-слайд)
Берілген тақырыптар бойынша ой қозғаңыз.
Музыка әлемінде
Театр әлемінде
Қолөнер шеберханасында
Жалғастырыңыз:
Менің ойымша, .............................. (өз ойы)
Себебі ............................................ (дәлелдейді)
Мысалы, ...................................... (мысал келтіру)
Осыған сүйене отырып, ........................ (ойын қорытындылау)
(5-слайд).
2.ДЖИГСО әдісі – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені ұжымда талқылау. Тапсырма: суретке қарап, ерлі-зайыптылардың отау тіккеннен бері тұрған баспаналары және армандаған үйі туралы айтып беріңіз. Үйдегі бөлмелерді өз қалауларыңыз бойынша сипаттаңыз. Әр тыңдаушы өз ойын айтады. Ұжым болып айырмашылықтары неде екендігін айқындайды .
(6-слайд).
3.«Ментальды карта» әдісі. Бейнежазбаны көріп отырған кезде қажетті сөздерді (сурет атауларын) дәптерлеріне жазып отыру тапсырылады. Тапсырма: ментальды карта дайындап, сол арқылы өз ұғынғандарын ортаға салу. (Қазақстан туралы бейнежазба ұсынылады).
(7-слайд).
4.RAFT стратегиясы – тыңдаушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда тыңдаушы сол зат туралы ойын ауызша түрде хабарлайды. Мысалы: домбыра. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.
(тақтада бірнеше суреттер көрсетіледі).
(8-слайд)
1)сандық
2)тұскиіз
3)алаша
4)кілем
5)құрақ көрпе
7)шашбау
8)сырға
9)алқа
10)тұмар
(9-слайд)
Білезік – білекке тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым.
Сандық –ағаш жиһаздарының бірі,оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады.
Тұскиіз – ол киізге кестелі барқыт, оюлы мата жауып, мейлінше әшекейленіп жасалады.
Тұмар – зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы.
Алқа –бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған мойынға тағылатын әшекей.
Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым.
Шашбау - қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей-бұйым.
(10-слайд).
5.Салыстыру стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де, жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.
Қолөнер түрлері
|
Бұрын
|
Қазір
|
Ағаштан бұйымдар жасау
|
|
|
Жүннен бұйымдар жасау
|
|
|
Киіз басу
|
|
|
Кілем тоқу
|
|
|
Зергерлік
|
|
|
Тастан,қыштан бұйымдар жасау
|
|
|
Ши тоқу
|
|
|
Ер-тұрман жасау
|
|
|
Кесте тігу
|
|
|
Киім тігу
|
|
|
(11-слайд).
6.Тірек сөздер стратегиясы .
апай
|
ағай
|
мырза
|
ханым
|
қарындас
|
балам
|
ботам
|
жігітім
|
інішек
|
досым
|
Банк, шаштараз, мейрамхана, киім дүкені, жанар-жағармай құю станциясы, дөңгелек жөндейтін орын, етікші, сағат жөндеушінің суреттері тақтада көрсетіледі. Тапсырма: сіз қоғамдық орындарда немесе қызмет көрсету орындарында мына тірек сөздердің қайсысын қолданасыз.
(12-слайд).
Қорытындылай келе, инновациялық технологияларды қолдану арқылы
сыни тұрғыдан ойлау келесі нәтижелерге қол жеткізеді:
1. Тіл байлығын дамытады;
2. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
3. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
4. Өз бетімен жұмыс істей алатын, инновациялық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
5. Белсенді сөздік қорды, ауызша және жазбаша тілді ұстартуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |