2011 жылдың шілдесінде Германиядағы Гамбург-Эппендорф Университет клиникасында қуық асты безіне операция жасатқан. Оның алдында ол Австриядағы Rudolfinerhaus Вена клиникасында емделген.[5] Отбасылық жағдайы Назарбаев Сара Алпысқызы Назарбаевамен үйленген.
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[6]