Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы.
ЭССЕ.
Тақырыбы: 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры.
Дайындаған:Әбибулла Г.Б
Қабылдаған:Берлибаев Е.Т
Алматы 2021
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры.
Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын Қастерлейді, оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих Халықтың мыңжылдан жинаған тәжірбиесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстан Ұлттық бірегейлі және біртұтас болу үшін оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт. Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұсарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парысы. Себебі, тарих ғылымы жарқын болашақтың негізі. Ұрпақ арасындағы білім мен біліктілікке негізделген тарихы сабақтастықты жалғастыру, дамыту арқылы ұлттың рухы биікке түседі. Тарих дегеніміздің өзі бір ұрпақтың жасаған құндылығының екінші ұрпаққа ауысуы. Кеңестік қоғам тұсындағы қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтың жеткілікті Қазақ елінің заңғар ойшылы Әбіш Кекелбаев айтқандай адам да қоғам да ешқашан өз тағдырына өзі енжар қарап көрген емес, сондай ақ халықта өз тағдырына өзі еш уақытта немқұрайлы қарай алмаған небір ғасырлар өтсе де соның тұла бойында болған тұлғалар мен тарихи құбылыстардың ел санасында мәңгілік сақталуының сыры да осында жатса керек.
Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе «алпауыт əлеуметтік эксперимент» жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға «халықтар достығының зертханасы» деген анықтама беріледі.
1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында И.Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50–100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет», — деп мəлімдейді. «Барлық халықтар көсемі» осы «жүгіріп өтуге» қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.
1937–1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.
Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды деп ойлаймын. И.Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.
Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды.Иә,бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз.Сол жылдары қан ішіп,қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасымыздың өзі де ашық айтқан болатын. Кеңестік тарихтағы ауыр қасіретті оқиғалар,соның ішінде Қазақстан тарихындағы 1937-1938 жылғы жаппай саяси репрессияның алар орны ерекше. Сонау 1920 ж орныққан мемлекеттік репрессивтік машина бұл кезеңде тоқтаусыз және белсенді жұмыс істейтін механизмге айналды. Уақыт өтуде.Барлығы өзгерді,адамдар басқаша өмір сүруде,бірақ тарихтың сталиндік парақтарын Қазақстан тарихынан жұлып тастауға болмайды.Ол тоталитарлық жүйенің арқасында іске асты,миллиондаған адамның тағдырына әсер етпей қойған жоқ. Өткеннен қорқуға болмайды,тарихты бәрі білуі тиіс.Өйткені ол бүгінгіні қорытып,болашақты болжайды. Тәуелсіз Қазақстанда 1998 ж - "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы " деп жарияланып,игі шаралар ұйымдастырылды,тоталитарлық идеология әшкереленді. Қорыта айтар болсақ,біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид салдарынан,тағы басқа өміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерменизм,яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол демографиялық кәсіпті жеңіп,сол дертті бір жола жазайынша қазақты ұлт ретінде ұрпаққа шығара алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |