Күні Артикуляциялық аппараттарын дамыту. Лексикалық тақырып: Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі313,16 Kb.
#94429
түріСабақ
Байланысты:
1587995105

Күні _____________


Артикуляциялық аппараттарын дамыту.


Лексикалық тақырып:
Мақсаты: Топқа алынған оқушылардың артикуляциялық аппараттарын дамыту жаттығуларын үйрету арқылы дайындау.
Танымдық процестерің дамуына әсер ету, тілді және жалпы моториканы дамыту, сөздік қорын молайту, фонематикалық қабылдауын дамыту. Затқа деген танымдық қызығушылықты арттыру арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілік: Артикуляциялық аппараттың кескіні, ойын қуралдары, айналар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезені: Психологиялық дайындық жүргізу.
Мен оқушымын. Сабақты жақсы оқимын. Тыныш отырамын. Мұғалімді мұқият тындаймын. Бестік баға аламын. (балалар бірге қайталайды)
ІІ. Арткуляциялық жаттығулар: (статистикалық және динамикалық)
«Күрекше» - ауызды ашып, ерінді жымиып ашып, жалпақ тілді астынғы еріне тигізіп, осы қалыпта (5-10-ға) ұзақ ұстап тұру.
«Ине» - ауыз кең ашық. Тілді жіңішкертіп, ауыздан шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Аттыбақан» - тілді жіңішкертіп ұстап, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. 10-15 рет қайталау керек.
«Сағат тілі» - Ұзын тілді шығарып оң жақ құлаққа және сол жақ құлаққа кезектесіп қозғалту.
Осы сияқты т.б жаттығу түрлерін көрсету арқылы бірге жасау. (Арнайы артикуляциялық логопедиялық жаттығуларға арналған «кешенді артикуляциялық жаттығулар» папкасынан)
ІІІ. Логопедиялық бес минут
1 кешен – Бұлшықеттерді босату. «Логопедические пятиминутки» 4 бет
ІҮ. Лексикалық тақырып бойынша жұмыс:
- Жыл мезгілдерін атап беріңдерші.
- Қазір қандай мезгіл?
- Күз туралы не білесіңдер?
- Күз мезгілін тағы қалай атауға болады?
- Мына суретте қандай мезгілді көріп тұрсыңдар?
Сурет бойынша жұмыс. Әңгіме құрастыру.


Ү. Сергіту сәті :
Жасаймыз біз орындық (қолдарымен жасап көрсету)
Бір отырып, бір тұрып (отырып тұрады)
Мысықты да жасаймыз
Керіліп те созылып (керіледі)
Жылқыны да құраймыз
Ерртеп алып шабамыз (шабады)
Ешкіні де жасаймыз
Байқамасан сүземіз
Қайталаймыз тағы біз
Орындықты, мысықты
Жылқыны да ешкіні.
ҮІ. Ойын: «Орнын тап»
Мақсаты: Балалар сурет бойынша жыл мезгілінің белгілеріне байланысты білімдерін машықтандырады.


ҮІІ. Фонематикалық қабылдауын дамыту.
«Қателеспе» ойыны: Л: бірнеше дыбыс, буын, сөз айтады, балалар дауысты (а,о...) дыбыстарын естігенде, қол көтереді.


ҮІІІ. Ойындар:
А) «Дыбыссыз телефон»
Логопед дауысын шығармай дауысты дыбыстарын айтады, балалар
қандай дыбыс айтылды тауып атайды.
Б) Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Тақтаға сөздердін схемалары беріледі, балалар сөз тауып айтады.
ІХ. Рефлексия

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет