Эссе тақырыбы: Ежелгі Аравия өркениеті Орындаған



Дата19.03.2022
өлшемі14,11 Kb.
#136304
Байланысты:
Ежелги Аравия Оркениети СРСП




ЭССЕ

Тақырыбы: Ежелгі Аравия өркениеті
Орындаған:Сексенов Н.Р
Тексерген:Мәден А.Т (т.ғ.к)

Ақтөбе, 2022



Ежелгі Арабтардың тарихы тарих беттерінің ең мардымсыз зерттелген беті.Араб түбегіндегі тайпалардың изоляцияда өмір сүруі өркениетте өзіне тән ерекшеліктерін қалдырды.
Географиялық орналасуы:Араб түбегі-Азиядағы үлкен түбектердің бірі.Аумағы 3млн км.кв.Араб түбегі батысы Қызыл теңізбен,шығысы Парсы шығанағымен,оңтүстігі Араб теңізімен шектесіп жатыр.Аумағының көп бөлігін шөлді аумақ алып жатыр.Тек оңтүстік батыс,оңтүстік бөлігі ғана адамзат өміріне қолайлы аумақ.Сол себепті бұл аумақты ежелде “Бақытты Аравия” деп атаған.
Ежелден бұл аумақ Ежелгі Шығыста өзінің дәмдеуіштері мен хош иісті заттарымен танымал болды.Бұл заттар Финикия арқылы Греция,Римге таралды.Сонымен қатар Араб түбегі арқылы сауда жолдары өтті.Бұл сауда жолдарын “Хош иісті жолдар” деп аталды.Сауда жолы Араб түбегінің оңтүстік батысынан бастап Қызыл теңізді жағалай бірнеше бағытпен Жерорта теңізінің жағалауына келіп тірелді.Бір бағыт Газа,Аштод қалаларына,енді бірі Дамаск,Тир қалаларына келіп қосылды.Сонымен бірге теңіз сауда жолдары өтті.Қызыл теңіз арқылы Таяу Шығыс мемлекеттері Индиямен сауда байланысы Араб түбегіндегі портты қалалармен байланысып жатты.
Ежелгі Араб түбегіндегі адамзат тарихы ерте палеолиттен басталады.Ежелгі адамдар түбекке адамзат баласының бесігі аталған Шығыс Африка арқылы қоныстанды.Бірақ б.з.д 18 мыңжылдықта климат күрт өзгеріп адамзат баласы бұл аумақтан көшіп кетті немесе жойылып кеткен.Сол себепті бұл аумақта мезолит эпохасының ескерткіштері жоқтың қасы.10мың жыл өткесін климат жұмсарып Шығыс Жерорта теңізінің жағалауынан адамдар тұрақты қоныстана бастады.Б.з.д 6-5 мыңжылдықта Араб түбегіне семмит тайпалары қоныстана бастады.Араб түбегін өздерінің “ұстаханасына” айналдырды.
Алғашқы мемлекеттік құрылымына келсек:Сирия-Месопатамия даласында,Солтүстік Аравияда ариби,набатей,самуд тайпалары көшіп-қонып жүрді.Негізгі шаруашылығы-мал шаруашылығы.Мал шаруашылығында түйеге көп көңіл бөлді.Себебі түйе көшпенділерге барлығын берді:еті мен сүті тамақ,жүнінен маталар,терісінен былғары жасады.Түйе саудада сауда эквиваленті болды.Түйе шөл дала кемесі есебінде басты жылжу құралы болды.Көшпенділер ауа райына қарай көшіп жүрді.
Көшпенділер тайпалық одақтар құрып тіпті кейбірі княздіктер құрды.Мысалы ассирия жазбаларында бұл княздіктердің басшыларын “Шейх,Патша” деп атаған.Кейбір тайпаларды матриархат белгілері болуын орай патшайымдар болды.Көшпенділерде өздеріне тән әскери құрылымы,тактикасы,әскери өнері болды.Тұрақты армия болмады.Соғыс жағдайында барлық еркек кіндіктілер жауынгер болды.Кейде әйелдерде соғысқа қатысып отырды.Соғыста мініс құралы есебінде-түйені пайдаланды.Әрбір жауынгерде 2 түйеден болды.Кейде 1түйеде 1 жауынгер болды.Бірі айдаушы екіншісі садақпен найзамен жұмыс жасады.Араб көшпенділері өзіне тән тактикасы болды:тұтқиылдан шабуыл жасау.Көшпенділер гегемон ежелгі шығыс мемлекеттерімен көрші болуына орай әрбір дәуірде саяси аренаға шығып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет