ІІІ топ. Биохимиялық әдіс.
Бұл әдіс арқылы кейбір тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу
процесінің бұзылуынан болатынын анықтайды. Мысалы, қант диабеті
алкантонурия (оксидаза ферментінің жетіспеуі), фенилкетанурия (кемақыл),
альбинизм (меланин түзілмейді). Осы әдісті қолдану нәтижесінде 500 аурудың
түрі анықталды.
IV топ. Егіздік әдіс.
Егіздер
БЕ ЕЕ
(монозиготалар) дизиготалар)
Оқушылар егіздерді анықтау критерийлерін ашып айтады.
Егіздерді анықтаудың өз жобаларын әзірлеу.
V топ. Гендік дактилоскопиялық әдіс.
Топпен жұмыс талданып болған соң кестемен жұмыс.
1.
Сәйкестікті көрсет.
Абай
Ақылбай
Шәкәрім
Құнанбай
Құдайберді
Мағауия
60
Генеалогиялық әдіс
Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау
Цитогенетикалық әдіс
Шежірелік карта құру арқылы зерттеу
Гендік дактилоскопиялық
ДНК – ның құрамын зерттеу
Егіздік әдіс
Генотиптің сыртқы ортада бірдей не әртүрлі көрінуі
Биохимиялық әдіс
Талдауға қажет материал өте аз мөлшерде алынады.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Ой толғаныс: топпен жұмыс.
1. Кесте толтыру.
Әдістер
Негізгі мәні
Практикалық маңызы
2. Есептер шығару (Жыныспен тіркес тұқым қуалау).
H сау адам (гемофилиямен ауырмайтын адам) , һ гемофилия гені. Есептің
шарты бойынша анасы сау бірақ гемофилия генін тасымалдаушы, әкесі сау.
Ұрпақтарында гемофилияның гені кімге беріледі?
V. Үй тапсырмасын беру. §31.
(Өз жанұясының шежірелік картасын құру).
Оқу пәні: Физика. 7-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы, ауа
температурасының таралуы [13].
Сабақтың
мақсаты:
оқушыларға
атмосфераның
маңызы,
ауа
температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғындыру, топтық
жұмыста жолдастық көмекке баулу.
Күтілетін
нәтиже:
оқушыларға
атмосфераның
маңызы,
ауа
температурасының таралуы, климаттық карталар жөнінде ұғынады, топтық
жұмыста жолдастық көмектің маңызын түсінеді.
Түйінді идеясы: атмосфера жердің қорғаныс қабаты.
Сабақтың әдіс-тәсілдер, жұмыс түрі:
ыстық орындық,
мағынаны таны,
электронды оқулық,
бес жолды өлең.
Ресурстар: интерактивті тақта, ұялы телефон, оқулық, маркер, шығу
парағы, үлестірме қағаз т.б.
Бағалау: жұптардың өзара бағалауы, топтық бағалау.
Сабақтың барысы:
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
К
ір
іс
пе
1.
Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,
сиқырлы микрофон арқылы сабаққа ізгі тілек
айтқызады.
2. Үй тапсырмасы «Ыстық орындық» әдісі
арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырады.
3.
Рефератпен жұмыс жүргізеді.
1.
Оқушылар амандасады, ізгі тілек
білдіреді.
2. «
Ыстық орындық» әдісімен
топтарға сұрақ қою арқылы үй
тапсырмасына шолу жасайды.
3.
Үйге орындауға берілген
рефераттарың
тексеріп
маңыздылығына тоқталады.
61
Тұ
сау
кеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың
тақырыбын «Мағынаны таны стратегиясы»
бойынша мақал-мәтел арқылы анықтайды,
мақсатын айқындайды.
Бөрі айтып келмес, боран айтып соқпас.
Жақсы туса, елдің ырысы жаңбыр жауса
жердің ырысы.
Қазанда соққан дауылдан не пайда, қарашада
соққан жауыннан не пайда? Қарылғаш төмен
ұшса жаңбыр жауады, аяз ұзаққа созылса аң
ауады.
1.
Оқушылар
мақал-мәтелдің
мағынасы бойынша өз ойларын
қорытындылайды.
2.
Атмосфераның жердегі тіршілік
үшін
маңызы,
ауа
температурасының
таралуы
мағлұматтар
жинастырыпөз
ойларын түйіндейді.
2.
Ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік
жасайды.
Қосымша мәлімет береді.
2.
Ақпарат көздерімен танысып,
жаңа сабаққа қатысты деректер
жинақтайды, мәтінмен жұмыс
жасайды, қорытынды шығарады.
Н
егі
згі
б
өл
ім
Атмосфера бес жолды өлең.
1.
Атмосфераның маңызы:
1) __________________
түсіреді.
2)
__________________ қорғайды.
3) __________________
пайда болады.
4) __________________
білдіреді.
5) __________________
тұрады.
2.
Зерттеу жұмысының нәтижесін тыңдайды,
пікір білдіріп, қорытындылайды.
1.
Атмосфераның жердегі тіршілік
үшін
маңызы,
ауа
температурасының таралуы туралы
өз ойларын құрастырады.
2 «
Қазақ халқының ауа-райын
болжау
негіздері»
жобасын
әзірлейді.
Талқылайды,
пікір
білдіреді, қорытындылайды
Қорытынды.
Оқушылар
әзірлеген
жобаларымен
сыныпты
таныстырады,
қорытындылайды.
Адамзат үшін ауаның қажеттігі туралы ойларын айтады.
Үйге тапсырма. Ауа райы картасын оқу жолдарын ұсыну.
Сабаққа қатысты қосымшы мәліметтер:
1) Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»;
2) Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»;
3) Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»;
4) Изотерма «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық».
Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің барлық пәндерінде
жобалық тапсырмаларды қолдануға болады. Тақырыптың мазмұнына жобалық
тапсырмаларды кіріктіру арқылы мұғалім оқушыларды өз іс-әрекетін, уақытын
жоспарлауға, шешім қабылдауға және одан шығатын нәтижені болжауға, өз іс-
әрекетіне талдау жасаумен қатар, өз ойын қорғауға үйретеді. Оқушы жобалық
тапсырмаларды қорғаудың нәтижесінде сөйлеуге, өз ойын жеткізіп айтуға,
дәлелдеуге үйренеді, аталған бұл қасиеттер кез келген пәнді оқу барысында,
жалпы өмірлік тәжірибеде қажет болып саналады. Төменде «Математика» және
«Қазақ әдебиеті» пәндерінен жобалық тапсырмаларды қолданумен өткізілген
сабақ үлгілерін ұсынамыз.
Оқу пәні: Математика.
Сынып: 5-сынып.
Пән мұғалімі: Мухамедьярова Бакыт Махаметкалиевна «Математика»
пәннің мұғалімі.
62
Өтетін орны: Астана қаласы, №64 мектеп-лицей.
Сабақтың тақырыбы: Сандардың бөлінгіштік белгілері.
Сабақтың
мақсаты
Сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып
жаттығу есептерін шығару
Алдыңғы
меңгерілген
білімдер
Сандардың 2-ге, 3-ке, 5-ке, 9-ға және 10-ға бөлінгіштік
белгілерін біледі
Күтілетін нәтиже Басқа да бөлінгіштік белгілерін іздестіре отырып
жалпы заңдылықтарын түсіндіру
Сабақ барысы
Сабақтың
кезеңдері
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Оқыту
ресурстары
Сабақтың
басы
(Ұйымдасты
ру кезеңі)
Сабақтың
ортасы
Сабақтың
соңы
Оқушыларды түгендеу, дайындық, сабаққа
жұмылдыру.
Қызығушылықты
ояту,
жағымды көңіл-күй туғызу;
Өткен тақырыптарды қайталау
Оқушылар бір – біріне өткен тақырыптар
бойынша ойын түрінде, яғни допты бір-
біріне
лақтыра
отырып
кезектесе
бөлінгіштікке мысалдар келтіреді. Доп
ұстаған оқушы келтірілген мысалдың
«жалған» не «ақиқат» екендігін айтады.
Жауабы алынған соң келессі оқушыға өзі
сұрақ қояды. Мысалы: 1256 саны 3-ке
бөлінеді, дұрыс жауап «жалған» және т.с.с
Оқушылардың
негізгі
қарапайым
бөлінгіштік
белгілерді
жақсы
менгергендіктеріне көз жеткізе отырып,
оларды үш топқа бөлеміз (Өте жақсы
менгергендер бір топ, жақсы жауап
қайтарғандар бір топ, қателіктер жібергендер
бір топ).
І топ
ІІ топ
Тапсырмалары:
11-
ге
бөлінгіштік
белгі
Тапсырмалары:
25
пен
4-ке
бөлінгіштік белгілер
Әр топ өзінің ізденіс жұмыстарымен
сыныптастар арасында ой бөліседі және
жұмыстарын баяндап қорытындылайды.
Үйге тапсырма: әр оқушыға бүгінгі сабақта
қарастырылған белгілерден тыс басқа да
заңдылықтарды іздестіріп келу тапсырылады
«Атамұра»
баспасы
Алдамұратова
Т.А.
«Математика»
5 сынып
63
Қосымша ақпарат
Дифференциациялап
оқыту – Оқушыларға
көбірек
қолдау
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Қабілеті
жоғары
оқушыларға қандай
міндеттер
қоюды
жоспарлайсыз?
Бағалау
–
Оқушылардың
білімін қалай
тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ні қолдану
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие элементі)
Қабілеті
жоғары
оқушыларға күрделі
деңгейдегі
тапсырмаларды бере
отырып
қызығушылықтарын
арттыру және жеке
ізденіс жұмыстарын
жүргізуге
дағдыландыру
Сұрақтардың
дұрыс
құрылуы және
негізгі
теориялық
білімінің
болуы. Беріліп
отырған
тапсырмалард
ы уақытылы
және сапалы
орындап
отыру
Құндылықтар:
Оқушыларда
коммуникативті
қасиеттерін
дамыта
отырып
мұғаліммен және өз тұстастарымен
диалог жасау мүмкіндігі болады.
Белсенді
қатысушылар
өз
зерттеулерінде жауапты оқушы
ретінде қолдау қажеттігін сезінетін
болады.
Рефлексия
Сабақ
мақсаты/оқу
мақсаты қаншалықты
жүзеге асты? Бүгін
оқушылар
нені
үйренді?
Оқыту
ортасы қандай болды?
Дифференциациялап
оқыту өз мәнінде
жүзеге асты ма? Өз
уақытымды ұтымды
пайдалана алдым ба?
Жоспарыма
қандай
өзгерістер
енгіздім
және неліктен?
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға
рефлексия
жүргізу
үшін
пайдаланыңыз.
Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген
сұрақтарға жауап беріңіз.
Пәні: Қазақ әдебиеті. Сыныбы: 8-сынып.
Астана қаласы №64 мектеп-лицейінің жоғары санатты қазақ тілі және
әдебиеті пәнінің мұғалімі Табыспаева Жанат Абеновна.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақ тақырыбы: Көркем әдебиет – ел тарихының шежірелі шындығы
64
(Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері бойынша әдебиет пен тарихтың байланысын
тану).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ежелгі дәуір әдебиеті үлгілеріндегі тарихи шындықты таныту.
Оқушыларды зерттеушілік ізденіс жұмыстарына баулу.
Дамытушылық: көркем шығармалардағы тарихи шындықты тануда
халықаралық PISA бағдарламасына негізделген тапсырмалармен жұмыс жасай
білуге, оқу барысында алған білім, дағдыларын түрлі жағдайларда қолдана
білуге машықтандыру, ізденіске дағдыландыру.
Тәрбиелік: ежелгі дәуір әдебиеті үлгілеріндегі негізгі идея арқылы ел
тәуелсіздігі, бірлігі, ынтымағы жолындағы бабалар ерлігін құрметтеуге, ел
тарихын адалдыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және шынайы пікір
айта алатын шыншыл тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, слайдтар.
Сабақ технологиясы: Ш.Б. Әбуованың Сараптамалық технологиясы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Жаңа білімді игеру: көркем әдебиет – ел тарихының шежірелі шындығы.
Талдауға алынған әдебиет үлгілері:
1.
Түркі халықтарына ортақ әдебиет – «Алып Ер Тоңа»;
І Зерттеу: оқушылар берілген кесте бойынша зерттеу жұмысын екі топ
болып жүргізеді.
Тарихшылар тобы
Әдебиетшілер тобы
Оқушылар тарихи кезеңге сипаттама жасау
үшін:
•
тарихи кезеңнің қоғамдық сипаты
•
қоғамда болып жатқан оқиғалар
тарихи кезеңнің белгілі тұлғалары жайлы
мәліметтер жинау арқылы зерттеу жүргізеді.
Оқушылар тарихи кезеңге қатысты жазылған
шығарманың әдеби сипатын жасау үшін:
•
мазмұнына
•
тақырыбына
•
идеясына
талдау жасайды, көркем туындылардан
тарихи белгілерін анықтайды.
2.
Зерделеу. Топтық жұмыс.
Тарихшылар тобы
Әдебиетшілер тобы
Оқушылар тарихи кезең туралы зерт-
теулерден,ғалымдардың еңбектерінен тарихи
деректер жинайды, оларды жүйелеу, саралау
арқылы сараптама жасалып отырған тарихи
кезеңнің қазақ халқы, қазақ қоғамы үшін
тарихи маңызын айқындайды.
Оқушылар тарихи кезеңге қатысты әдеби
шығармалар туралы еңбектерден, әдебиетші,
сыншы ғалымдардың зерт-теулерінен нақты
әдеби
дәйектер,
пі-кірлер
жинап,
шығармалардың қазақ әдебиеті тарихындағы
әдеби маңызын анықтайды.
3.
Түйіндеу.
Түйіндеу.
Оқушылар өздері зерттеген, зерттеу мәліметтерін зерделеу арқылы ой
елегінен өткізген мәліметтерге сүйене отырып, ой қорытындылайды, белгілі бір
тұжырымға келеді.
65
Ежелгі дәуір әдебиеті.
1.
Тәңірлік дәуір әдебиеті.
Тарихи кезең
Әдеби мұра
Сақтар дәуірі
Сақтардың қаһармандық дастандары
«Алып Ер Тоңға» дастаны
Ғұндар дәуірі
Ғұндардың батырлық жырлары
«Оғыз қаған» дастаны
Түркі қағанаты
Түркі жазба жәдігерліктері
«Күлтегін» жыры
«Тоныкөк» жыры
«Қорқыт ата кітабы»
2. Ислам дәуірі әдебиеті.
Тарихи кезең
Әдеби мұра
Х - ХІІ ғасырлар
Махмұт Қашқари (ІХ ғасыр)
«Жавохирун – нахв фи луғоит турк» (Түркі
тілдерінің синтаксисі, қағидалары»).
Бұл еңбек бізге жетпеген.
«Диуани лұғат – ат түрк» (Түркі тілдерінің
жинағы»)
Бұл еңбек 1047 жылы жазылған.
Жүсіп Баласағұни (ХІ ғасыр)
«Құтадғу біліг» («Құтты білік»)
Талдау үлгісі бойынша басқа шығармаларға сараптамалық талдау
жасалады.
Орхон ескерткіштері – «Күлтегін» жыры;
Қорқыт ата кітабы;
Ахмет Йүгінеки «Ақиқат сыйы» дастаны;
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» трактаты;
Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік».
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері бойынша орындалатын тапсырмалар жүйесі:
Сараптама жасауға Тарихшылар тобы мен Әдебиетшілер топтары
қатысады.
І Сараптамалық жұмыстың Зерттеу бөлімінің тапсырмалары:
Түрлері
Тарихшылар тобы
Әдебиетшілер тобы
Топтық
жұмыс
1.
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілеріне
арқау болған тарихи кезең сипатын
анықтау.
1)
Орхон
ескерткіштері
–
«Күлтегін» жыры;
2)
Қорқыт ата кітабы;
3)
Ахмет Йүгінеки «Ақиқат сыйы»
дастаны;
4)
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»
трактаты;
5)
Махмұт Қашқари «Диуани лұғат
ат-түрік» еңбектерінің мазмұнында
66
суреттелетін тарихи кезең сипатын
анықтау.
Жеке жұмыс 2. Тарихи кезеңге талдау жасау:
Қоғам. Оқиға. Тұлға
2. Әдеби шығармаларға талдау
жасау:
Мазмұн. Тақырып. Идея.
Ұжымдық
жұмыс
3. Зерттеу нәтижелерін кестеге түсіру
ІІ Сараптамалық жұмыстың Зерделеу бөлімінің тапсырмалары:
Түрлері
Тарихшылар тобы
Әдебиетшілер тобы
Топтық
жұмыс
1. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілеріне
арқау болған тарихи кезең туралы
тарихшы ғалымдардың зерттеу
еңбектерінен тарихи деректер,
мәліметтер жинайды.
1.
Орхон ескерткіштері – «Күлтегін»
жыры, Қорқыт ата кітабы, Ахмет
Йүгінеки «Ақиқат сыйы» дастаны,
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»
трактаты, Махмұт Қашқари «Диуани
лұғат ат-түрік» еңбектеріне қатысты
әдебиетші ғалымдардың зерттеу
еңбектерінен
әдеби
дәйектер,
мәліметтер жинайды.
Топтық
жұмыс
2. Жинақталған деректер мен
пікірлерге
сүйене
отырып,
шығармадағы тарихи кезеңнің қазақ
тарихындағы орнын, маңызын
таниды, танытады.
2. Жинақталған деректер мен
пікірлерге
сүйене
отырып,
шығармалардың қазақ әде-биетінің
тарихындағы
маңызын
таниды,
танытады.
Ұжымдық
жұмыс
Зерделеу нәтижелерін кестеге түсіру
ІІІ Сараптамалық жұмыстың Түйіндеу бөлімінің тапсырмалары:
Ұжымдық жұмыс.
Түйіндеу.
Қорытындылау
Орхон ескерткіштері – «Күлтегін» жыры, Қорқыт ата кітабы, Ахмет Йүгінеки «Ақиқат
сыйы» дастаны, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» трактаты, Махмұт Қашқари «Диуани лұғат
ат-түрік» еңбектеріне арқау болған тарихи кезең туралы әдеби, ғалымдардың тарихи зерттеу
еңбектерінен тарихи деректерге, әдеби дәйектерге, мәліметтерге сүйене отырып, ой
қорытады
Тұжырымдау
Қорытынды ойды негізге ала отырып, белгілі бір тұжырымға келеді.
Түйіндеу
Қорытыды ой мен тұжырым арқылы әдебиет пен тарихтың өзара ортақ мақсат-мұраттарын,
идеяларын айқындап, ой түйіндейді.
ІV. Сараптамалық жұмыстың нәтижесі:
Әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін таниды:
Сараптама жасаудың бірінші бөлімінің тапсырмасы – Зерттеу.
67
Оқушылар Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілеріне арқау болған оқиға желісі мен
тарихи кезең шындығына сипаттама береді, зерттейді. Шығармаларға талдау
жасайды.
Сараптама жасаудың екінші бөлімінің тапсырмасы - Зерделеу.
Оқушылар Орхон ескерткіштері – «Күлтегін» жыры, Қорқыт ата кітабы, Ахмет
Йүгінеки «Ақиқат сыйы» дастаны, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» трактаты,
Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектеріне қатысты пікірлер,
деректер мен дәйектерді топтастырады, ой елегінен өткізеді, зерделейді,
тарихи, әдеби маңызын анықтайды.
Сараптаманның үшінші бөлімінің тапсырмасы Түйіндеу.
Оқушылар Орхон ескерткіштері – «Күлтегін» жыры, Қорқыт ата кітабы,
Ахмет Йүгінеки «Ақиқат сыйы» дастаны, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»
трактаты, Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектеріне қатысты
пікірлерді, тарихи деректер мен әдеби дәйектерді жүйелейді, қорытындылайды,
ой тұжырымдайды, әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін табады, берілген
кестені толтырады.
Әдебиет пен тарихтың өзара үндестігі туралы ой тұжырымдары.
Тарих
Үндестік
Әдебиет
Сараптама нәтижесі
V
. Бағалау.
V
І. Қорытынды.
Қорытындылай келе, жобалық тапсырмаларды бағаудың жолдарын
ұсынамыз:
–
ең алдымен мақсат пен міндеттердің нақтылығы және тапсырманы
орындауға алынған тәсіл бағаланады;
–
тақырып мазмұнының толық баяндалуы (ашылуы);
–
қорытындының қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес жасалуы және
маңыздылығы;
–
жинақталған деректердің маңыздылығы және оларға жасалған
қорытындылардың нақтылығы;
–
жинақталған деректердің сарапталуы;
–
қосымша әдебиеттерді, ақпаратты қолдану;
–
нәтижені көрсету және қорғау;
–
жұмыста қорытындының және тәжірибелік ұсыныстардың болуы;
–
тапсырманың рәсімделу сапасы (кестелердің, сызбанұсқалардың,
фотоматериалдардың, суреттердің, қолданылған әдебиеттер тізімінің, табиғи
материалдардың болуы);
–
жобалық тапсырманы орындаудағы дербестік (өз бетінше жұмыс істеуі).
68
Жобаны қорғаушы баяндамашының сөйлеуін бағалау:
–
баяндама құрылымының негізделуі;
–
жобада қарастырылған негізгі мәселені бөліп көрсетуі;
–
қорғау барысында зерттеу тақырыбының толық ашылуы;
–
көрнекілік-иллюстративтік материалдың қолданылуы;
–
баяндамашының жұмыс бойынша қойылған сұрақтарға жылдам, нақты
және жан-жақты жауап беру шеберлігі;
–
жоба бойынша баяндаманы ұсыну деңгейі (баяндама жасау және
сұрақтарға жауап беру барысында зерттеудің нәтижесінде алынған
материалдарды қолдану шеберлігі), тақырып бойынша өздігінен істеген
жұмысының дәлелі болатын, баяндама барысында туындаған сұрақтарға нақты
және түсінікті жауап беруі.
Жобаны рәсімделуін бағалау:
–
жұмысты рәсімделуі белгілі стандартқа сәйкес, яғни: жұмыстың негізгі
(титул) беті; кіріспе; негізгі бөлімі; қорытындысы болуы тиіс, алайда жобалық
тапсырмалар бір немесе бірнеше сабақ көлемінде орындалатындықтан
рәсімдеуді оқушылардың шығармашылық шеберліктеріне қарай орындалуы да
мүмкін.
69
4
Жобалық тапсырмаларды құрастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кірігу
үдерісіне қажетті тұлғаның ең басты функциялық сапалары – белсенділік,
шығармашыл тұрғыда ойлау және шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдау,
өмір бойы білім алуға дайын тұру және т.б., осы функционалдық дағдылар
мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық дағдылар оқушылардың танымдық қабілеттері мен өнімді
жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей
өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім
мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне
негізделеді.
Сондықтан «Жаратылыстану» білім саласындағы оқушылардың
функционалдық сауаттылығын жобалық тапсырмалар арқылы келесі
жолдармен жүзеге асыруды ұсынамыз [14]:
–
химия, биология және физика ғылымдарының, инновациялық
технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу;
–
ұлттық компонентті кеңейту;
–
Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын негізге ала
отырып, оқытудың өндірістік, технологиялық үдеріспен байланысын ірілендіру
және жаратылыстану өндіріс саласындағы болашақ кәсіби кадрларды
дайындау;
–
оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, олардың табиғат пен
минералды ресурстарға, туған өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне
ұқыптылықпен қарау және өз елінің табиғи байлығын қорғау мен көбейту
негізінде жаратылыстану саласында білім берудің экологиялық құраушысын
кеңейту;
–
мектептегі жаратылыстану-ғылыми білімді жетілдіру оқушылардың
практикалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын
орындаудағы креативтілік ойлауын қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ
кәсіби қызметтерінде қолдана білуге дайындауға бағытталу;
–
өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан
түрлі әдістер мен технологияларды қолдану арқылы функционалдық
сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету;
–
жазбаша жұмыстарды, практикалық тәжірибелерді, құзыреттіліктерді
қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.
Осы айтылғандарды қалыптастыру үшін жаратылыстану пәндерінің
мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесі білімдерді кіріктіру қажет [14]:
–
күнделікті өмірде бізді қоршаған химиялық, физикалық, биологиялық
құбылыстарды, әртүрлі заттар мен азықтарды қауіпсіз және тиімді пайдалану;
–
химиялық технология және полимерлер өндірісі, жаңа құрылыс және
құрастыру материалдары, тұрмыстық химия, фармакология, ауыл
шаруашылығы және биотехнология және т.б. облыстарындағы алғашқы
практикалық дағдыларының болуы;
–
жаратылыстану пәні бойынша практикалық жұмыстарды жобалау,
70
моделдеу және орындау, диаграммаларды, реакция теңдеулерінің сұлбаларын
оқи білу;
–
байқау немесе өлшеу нәтижелерін кестелер, графиктер көмегімен
көрсету;
–
моделдердің көмегімен қоршаған әлемдегі табиғи құбылыстарды
түсіндіру, мәліметтерге талдау жасау негізінде қорытынды жасау;
–
жаратылыстану аймағындағы зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін
түсіну;
–
алған білімдері негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды
түсіндіру немесе суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау;
–
қорытынды шығару, оларды талдау және негіздемесін бағалау үшін
ғылыми дәлелдеулерді және мәліметтерді пайдалану.
Қазіргі таңда жобалық тапсырмалармен оқушылардың жұмыс істеуі адам
өмірінің түрлі салаларында кең таралған іс-әрекет түрлерінің бірі болып
табылады.
Жобалау – адам баласы қызмет ететін түрлі салалардағы іс-әрекеттің ең
көп тараған түрі. Мектеп жағдайында жобалық іс-әрекетке үйрену арқылы білім
алушылар әлемнің жылдам өзгермелі жағдайында, яғни қызмет саласының
жаңа түрлері мен беймәлім жағдайлар туындап жататын барлық нақты
жағдаяттар барысында ұтымды шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді.
Жобалық тапсырмалар нақты жағдайларда, сондай-ақ жаңа қызмет
салалары мен жаңа оқиғалар туындайтын қарқынды өзгермелі әлемнің
жағдайларында, мәселелерді тиімді шешу дағдыларын қалыптастырады.
Жобалық тапсырмаларды қолданудың мақсаты:
-
оқу қызметі мәдениетін қалыптастыру, білім алушылардың танымдық
қызметін белсенді ету;
-
түрлі ақпарат көздерімен жұмыстың білік, дағдыларын қалыптастыру
және оқу материалдарының өзіндік жұмыс дағдыларын өздігінен меңгеру;
-
абстрактылық ұғымдарды түсінуге ықпал ететін дидактикалық
материалдардағы сызба, карта, суреттер арқылы шығармашылық ойлауды
дамыту;
-
оқу ынтасын күшейту, өзіндік бақылау, өзіндік түзету;
-
оқу материалын игеру процесінде зияткерлік сапаларға жаттығу;
-
ойлаудың түрлерін дамыту (көрнекі-бейнелік, теориялық);
-
ойлаудың
түрлерін
дамыту
(көрнекілік-бейнелік,
теориялық,
логикалық);
-
есептеу жұмыстарын компьютерде орындау есебінен уақытты үнемдеу;
-
қызмет және бағалау нәтижесі бойынша (компьютерде сәйкес
түсіндірудің пайда болуы) қате диагностикамен, кері байланысты бақылауды
қамтамасыз ету;
-
зерттеушілік (шығармашылық) оқу міндеттерін бірігіп шешуде
зияткерлік және эмоциональдық қызметтердің өзара іс-әрекетін белсенді ету.
Жобалық тапсырмалар - оқу материалын игеруді ұйымдастырудың
маңызды элементі және түрлі функцияларды орындайды, алған білімді бекіту
мен жетілдіруге, өзіндік жұмыс дағдысын дамытуға ықпал етеді.
71
Оларды 3 топқа бөлуге болады: білімді бекіту функциясын орындайтын
тапсырмалар; логикалық және шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал
ететін тапсырмалар; алынған білімді қолдануды талап ететін тапсырмалар.
Бұл тапсырмалар жоғары технологиялық, бәсекелестік әлемде өмір сүруге
дайын белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Жобалық тапсырмалар оқушылардың:
•
сыни ойлау мен пайымдау;
•
логикалық тұрғыдан ойлау;
•
өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалау;
•
мәселелерді зерттеу;
•
коммуникациялық;
•
жобаларды басқару дағдыларын дамытады.
Оқушылар жобалық тапсырмалар арқылы әр түрлі мектеп пәндерін
меңгеру кезінде қажет болатын тек бастапқы білімді ғана алып қоймай, өз ой-
өрісін кеңейтіп, білімдарлығы мен өзіне сенушілігін көтереді.
Жобалық тапсырманы әзірлеу үшін пән мұғалімдері:
−
тапсырмалар мен қызмет түрлерін мұқият іріктеуді;
−
мәселелерді үлгілеуді;
−
пәннің міндеттерін шешу стратегияларын әзірлеуге септігін тигізуді;
−
зерттеу тәсілдемесіне және оқушылардың зерттеулеріне негізделген
белсенді оқытуды көтермелеуді;
−
оқушылардың логикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытуды;
−
өздігінен оқу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауды;
−
басқарушылық, коммуникативтік және кәсіпкерлік құзыреттіліктерді
дамытуды қамтиды.
Осы құндылықтар мен көзқарастарды дамыту оқушыларға өмірдің барлық
қырларынан көрінуге және қоғамды дамытуға үлес қосуға көмектеседі.
Жобалық тапсырмалар оқушылардың:
−
жаһанды мәселелер бойынша әр түрлі пікірлерге түсінік пен құрметті
қалыптастыруды;
−
хабардарлықты, басқа мәдениетке аяушылық пен төзімділік танытуды;
−
басқа адамдардың тәжірибесі мен мәдениетін назарға ала отырып,
бағалаушылық және білім алу дағдыларын;
−
өзгерістерге дайын және икемді болу қабілетін;
−
тиімді және сенімді дәлелдерге негізделген ой-пікірлерге құрметпен
қарауға ықпалдасуды;
−
әдеп сақтауға және зерттеу тақырыптары мен тәсілдері (мысалы, адамды
клондау, жабайы аңдарды аулау тиімділігі туралы мәселелер) бойынша
мәселелерде моральдық дәлелді таңдау жасауды қамтиды.
Жобалық тапсырманы орындауды барысында кең ауқымды дағдыларды
қалыптастыруға жағдай жасалады.
«Жобалық тапсырмаларды пәнінің мазмұны бойынша дайындау
дидактикалық материалдардың маңызды бөлігі болып табылады, біріншіден
қолданылатын оқыту әдістері мен ғылыми дидактикалық қағидалары,
72
екіншіден білім алушылардың психологиялық қабылдау ерекшеліктері
ескеріледі. Оқытудың жетекші дидактикалық қағидалары: жүйелілік,
сабақтастық, қолжетімділік, белсенділік, көрнекілік болып табылады. Олар
барлық дидактикалық материалдарды құрастыру кезінде негізге алынады.
Оқытудың басты әдісі, осы қағидалардан шыға отырып, адамның сезіміне
мағлұмат беру болып табылады.
Дидактикалық материалдар функциясы әр түрлі: олар оқылатын пән
түсінігінде көмекші болып табылады, қажетті білім, білік, дағды оқушылардың
таңдаған тақырыбы білім көлемін игеруді тексеру үшін тапсырмалардың
стандартты құралдары; зерттеу өткізу құралдары және оқушылардың жаңа
шығармашылық жұмысын құру үшін қор; оқушылардың оқу, ізденушілік
шығармашылық және зерттеушілік қызметінің қорытындысын өткізу
құралдары болып табылады. Дидактикалық материалдардың қажетті сапасы;
материалдарды берудің түрлері мен әдістері вариативтілігі; мазмұнның
тартымдылығы; ойлау қабілетінің дамуына бағытталған. Оқу материалы
оқушының жеңіл игеруіне ыңғайлы болу керек. Оқушылардың білім сапасы оқу
процесінің қызығушылығына байланысты. Тапсырмалар қызығушылықпен
орындалу керек. Мұғалім оқушылардың ойлау, зерттеушілік қабілетін дамытуға
ерекше мән береді.
Заманауи дидактика ұстанымы негізінде оқушылардың танымдық
дағдысын дамыту, ақпараттар кеңістігіне бағдарлана алу білігі, сын тұрғысынан
және шығармашылық ойлауды дамыту болып табылады.
Жоба әдісі дидактикалық мақсаттарға жету проблемалары (технология)
арқылы әзірлеуді ұсынады. Жоба әдісі негізіне «жоба» ұғымы мағынасын
құрайтын идея енгізілген, теориялық немесе практикалық маңызды мәселерді
шешуде оның прагматикалық бағыты нәтижеге бағытталған.
Бұл нәтижені көруге, зерделеуге, шынайы практикалық қызметте
қолдануға болады. Бұған түрлі таңдалған дидактикалық материалдар
оқушыларға салыстыру, талдау, қорытындылау, үлгілеу, макеттер жасауға
көмектеседі.
Нәтижеге жету үшін, оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларды
тауып шеше білуге үйрету керек, бұл мақсатқа жету үшін білімді түрлі
салалардан алып, нәтижені болжау білігі және шешудің түрлі нұсқаларының
мүмкін зардаптары, себеп-салдар байланыстарын тағайындау білігі. Жоба әдісі
оқушылардың өзіндік жұмысына бағдарланған - жеке, топтық, белгілі уақыт
көлемінде тапсырмаларды орындайды.
Жоба әдісін педагогикалық технология ретінде айтатын болсақ,
зерттеушілік, ізденушілік, проблемалық әдістері, шығармашылық, әр түрлі
жақсы өңделген дидактикалық материалдары бар білім беру мақсатына жетуге
ықпал ететін технология. Жоба-бұл мұғалімнің арнайы ұйымдастырған және
оқушылардың өздігінен орындайтын іс-әрекет кешені. Жоба әдісі - оқу-
танымдық, сараптамалық тәсілдердің жиынтығы, оқушылардың өз бетінше іс-
әрекеті нәтижесін презентациямен көрсетеді.
Жобалық тапсырмаларды құрастыру мен қолдану процесінде мұғалім
келесідей педагогикалық технологияны қолданады:
73
-
мақсаттарды анықтау;
-
оларды сабақ жүйесіне қолдану мақсатын анықтау;
-
оқу тапсырмаларының мазмұнын, тақырыптарын (немесе нақты бөлімді)
таңдау және талдау;
-
оларды сабақта қолдану жүйесін әзірлеу; таңдап алынған сабақ үшін
компьютерлік жобалау және таңдалған сабақ үшін басқа дидактикалық
материалдар;
-
оқу нәтижелерін бағалау критерилерін әзірлеу;
-
білімді бағалау құралдарын және оларды қолдану әдістерін әзірлеу;
алынған
нәтижелердің
интерпретация
процесінде
дидактикалық
материалдарды қосу.
Өзінің құрылымдық ерекшеліктері бойынша оқу дидактикалық
материалдарының түрлері классификациясы мен қолдану параметрлері
(функция, талаптар, рәсімдеу); карталар; презентациялар; схемалар; кестелер;
құжаттар үлгілері; суреттер; фотографиялар; моделдер; макеттер; бақылау
парағы мен журналдар; инструкциялар мен жаднама; компьютерлік
бағдарламалар; шартты белгілер; пиктограммалар; карточкалар; оқу мәтіндері;
постерлер мен плакаттар; аудио ресурстар; видео ресурстар; приборлар мен
тренажерлар; инструменттер; муляждар; реквизиттер; дидактикалық
материалдарды әзірлеу мен рәсімдеу бойынша нұсқаулар.
Жобалық тапсырмаларды құрастыру мен қолдану процесінде мұғалім
келесідей тәсілдерді қолданады:
1. карточкалар-кеңес беру және нұсқаулар, түсіндіретін суреттермен,
тапсырмаларды орындау жоспары, жаттығу түрлерін көрсету, барлық мүмкін
тапсырмалармен
карточкалар,
тапсырмалардың
үлгілік
шаблондары, презентациялар мен мақалалар;
а. салыстыру, талдау, дәлелдеу білігін қалыптастыру бойынша
тапсырмалар, себеп - салдар байланыстарын тағайындау, қайталау;
б. түрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалар: репродуктивті, қайта
ұйымдасқан, шығармашылық;
в. проблемалық, практикаға бағдарланған мәселелермен тапсырмаларды
таңдау;
г. қиял мен шығармашылықты дамытуға арналған тапсырмаларды таңдау;
д. эксперименттік және зерттеушілік тапсырмалар.
2. оқушылардың түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге оқушыларды
үйрету үшін дидактикалық мәтіндер (оқулық, карталар, схемалар, анықтамалар,
сөздіктер, электронды ресурстар);
3. жаңа материалды зерделеудің логикалық схемалары және оқу жұмысына
қажетті әдістер көрініс тапқан нұсқау карточкалары;
4. түрлі тапсырмалар мен қызметті орындау алгоритмдері;
5. теоремалар, ережелер, формулалар көрсетілген карточкалар, негізінде
тапсырмалар орындалады;
6. жаднамалар (нұсқаулар) ойлаудың логикалық операцияларын
қалыптастыру бойынша: салыстыру, қайталау, классификация, талдау, синтез;
7. өзіндік бақылау мүмкіндігімен құрылымы бойынша түрлі тесттер;
74
8. оқушылардың үй жұмысы (өзіндік) үшін оқу материалдары кешені;
9.
көрнекі құралдар мен карточкалар наборлары, нағыз көрнекі құралдар,
иллюстрациялар, картиналар репродукциясы, фотографиялар, оқу карталары,
кестелер, схемалар, кроссвордтар т.б.;
10. танымдық қызмет түрлерін өткізу жоспарлары: ғылыми фактілерді
зерделеу, эксперимент және зерттеуді дайындау және өткізу;
11. анықтамалық материалдар;
12. ғылыми-техникалық зерттеулерді өткізу кезінде құралдарды қолдану
бойынша жадынама, өлшем, есептер, кестені талдау, диаграмма, кесте
ақпараты, схема, карталарды қосу;
13. зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу жоспары, шынайы
тәжірибе немесе эксперимент компьютерлік бағдарламада имитация
жағдайында;
14. ұжымдық зертханалық, тәжірибелік және басқа жұмыстар,
эксперименттер және тәжірибелер;
15. моделдер, макеттер, зерделеу және зерттеу нысандарын бейнелеуге
мүмкіндік беретін диограмалар, процестер немесе құбылыстар;
16.
түрлі материалдар: статистикалық, периодикалық және периодикалық
емес басылымдар, авторлық басылымдар, мақалаларға сілтеме.
Жобалық
есептер
белгілері
бойынша:
зерттеу,
ақпараттық,
шығармашылық, практикалық болып бөлінеді. Олар электронды, қағаз, дыбыс,
сәуле-түсті және оған төмендегідей талаптар қойылады:
-
ғылыми және дидактикалық материалдар мазмұнының қолжетімділігі;
-
ең ашық, сипатты және мәнерлі параметрлерді таңдау;
-
түсіну және әдістемелік тиімділік үшін қолжетімділік;
-
қарым-қатынас жасау мен қолдану қауіпсіздігі;
-
рәсімдеуге әдемі және эстетикалық талаптар.
Әсіресе оқушылар үшін тартымды және креативті дидактикалық
материалдар нәтижелі. Олардың негізгі сапалары мен сипаты келесідей, олар:
-
ерекше тапсырмалар мен идеялардан тұрады;
-
зияткерлік қиял мен фантазияларды қосуды талап етеді;
-
ерекше мәтіндер, кестелер, графиктер, диаграммалар, суреттер,
схемалар,басқа құрылымдар бар;
-
ерекше түсінуді талап етеді және оны қалыптастырады;
-
жаңа тапсырмалар, болашаққа бағытталады;
-
этикалық ұғымдар мен эстетикалық сапалар түсіністікпен орындалды;
-
«идеялар фонтаны», мазмұнмен байланысты көптеген идеялардың пайда
болуына ықпал етеді;
-
жаңа идеялардың диверсификациясы мен дамуына ықпал етеді;
-
түрі, түсті таңдау, дыбыстық, жарық компонентінің болуы түрі бойынша
ерекше болуы мүмкін.
Мәтіндік редакторлар электрондық кесте, бағдарламалар мен жүйені
оқытатын оқу бағдарламаларының ортасындағы графикалық редакторлар,
сонымен қатар интернет мүмкіндігін пайдалануға болады. Электронды
жабалық тапсырмалар мағынасын есептеу кезінде, түрлі формулдарды
75
қолдануда, мәліметтерді өзгеру кезінде формулдарды қайта есептеуде,
диаграмма мен графиктерді құруда, кестедегі бағаналарды толтырудың түрлі
әдістерін қолдануда, формулдарды жазу мен көшіруде ыңғайлы. Оқушылар
жобалық тапсырмаларды қозғалысын көре алдады. Олар қиялдағы
нысандардың жұмысын жеңілдетеді, олардың құрылымын, нысандарды
редакциялау (орналастыру, құю, бөлу, көшіру, бұрылыс); нысандар тобын
редакциялау; түрлі ақпараттың өзіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
белгілі тақырып бойынша қажетті ақпаттар мен иллюстрацияларды тез іздеу
мүмкіндік береді; түрлі бөлім мен қызмет түрлері бойынша интернетте тұрған
қолданыстағы әдістемелік құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Олар
оқушылардың проблемаларға бағдарлану мүмкіндігі мен оларды шешу
жолдары білігін қалыптастырады. Ең тиімді дидактикалық материалдар
белсенді оқыту әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ықпал етуші
факторларды талдау мен есептеу әдістерін қолдануда, дағдыларды
қалыптастыруға; ақпараттарды басқаруға; біріккен жұмыстарға; проблемаларды
талдауға, шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Талдау және есептеу әдістерінің
мәні, ол тиімді механизмді ұсынады, оқушыға жоспарды әзірлеуге мүмкіндік
береді және оны жүзеге асыру бойынша сәйкес дидактикалық материалдар
көмегімен іс-әрекетке кіріседі, сонымен қатар тапсырмаларды шешу үшін
маңызы бар факторлардың толық тізімін анықтайды.
Оқу материалы мазмұнын таңдау дидактикалық материалдарды жасаудың
түйінді сәттерінің бірі болып табылады. Педагог, білім беру бағдарламасы
контексінде білім алушыларға мазмұнын жеткізе отырып, тез қабылдауға
мүмкіндік беретін көрнекілік пен тапқыштықты қамтамасыз ету керек. Білімді
бақылау құралы дидактикалық материалдарды қолдануда білім беру
мақсаттарына тікелей байланысты.
Педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі үш дидактикалық
қағидаларын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін қарастырады: кіріктіру,
саралау, даралау, түрлі дидактикалық материалдарды қолдану кезінде оқу
қызметінде жүзеге асырлады. Жаңа тәсілдер педагогикалық процесті
ұйымдастырудың үш негізгі дидактикалық қағидаларын жүзеге асырудың
тиімді жолдарын қарастырады: кіріктіру, саралау, даралау, түрлі дидактикалық
материалдарды қолдану кезінде белсенді жүзеге асады.
Сонымен қатар жобалық тапсырмалар – оқушылардың жобалау және
зерттеу іс-әрекеті бойынша арнай білімі мен дағдыларын қалыптастыратын
және дамытатын оқыту және тәрбиелеудің интегративтік дидактикалық құралы
болып табылады. Ол мыналарға үйретеді:
−
проблемалық мәселелерді (проблемалардан туындаған мәселелерді қоя
білу);
−
мақсатты тұжырымдау және оқушының мазмұнды іс-әрекетін
жоспарлауды;
−
өзін-өзі талдауды және рефлексияны;
−
өз іс-әрекетінің нәтижесін және жұмыс барысын көрсетуді;
−
арнайы дайындалған жобалаудың өнімін әртүрлі жағдайда көрсетуді;
76
−
маңызды ақпараттты іздеу және жинауды, қажетті білімді меңгеруді;
−
мектептегі білімді әртүрлі жағдайда, оның ішінде типтік емес жағдайда,
практикалық тұрғыда қолдана білуді;
−
жобалау өнімін дайындаудың керекті технологиясын таңдай білу,
қолдана білуді;
−
зерттеу жүргізуді (талдау, жинақтау, болжам ұсыну, нақтылау және
жалпылау) көздейді.
Тапсырмалар көбіне оқушылардан шыққан нәтижені талдап қорыту,
түсіндіру немесе негіздеу заңдылықтарын білуді талап етеді.
Жобалық тапсырмалар көмегімен қалыптасқан білім, білік пен дағдылар
оқушылардың жоғары оқу орындарында ойдағыдай оқуына ықпалдасып, қазіргі
заман талаптарына сәйкесуге мүмкіндік береді.
Оқушыларды өмір бойы білім алуға дайындап, оларға:
•
ақпаратпен жетік жұмыс істеуге;
•
өз пікірін білдіруге, қорғауға, сондай-ақ басқа адамдардың ой-пікірін
құрметтеуге;
•
топта тиімді жұмыс жасай алуға;
•
өз істері үшін жауапты болуға және басқа көзқарастарға төзімділік
танытуға;
•
әр түрлі салалардағы білім мен дағдыларды пайдалана отырып,
мәселелерді шешуге;
•
зияткерлік-әлеуметтік ортаға өз үлесін қосуға көмектеседі.
Оларды болашақ өмірге дайындап олар зерттеу, сыни ойлау дағдыларын
пайдаланып, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай алатын әлемнің белсенді
азаматтары ретінде танылады.
77
|