126-38
Сапар Бақдәулет
Философия
Эстетика ұғымын кім, қашан енгізді?
Жеке ұлттық және жалпы адамзаттық арналардан нәр алатын әдеп тамыры тым әрі де жатыр. Біздің бүгінде әдеп, инабат нормалары деп жүргеніміз, сайып келгенде, адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым – қатынастарды жарасымдылық, ұнамдылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік - имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады. Осыларды тұтас күйінде атайтын әдеп ұғымы, келе-келе, философия ғылымының адамгершілік құлықжөніндегісаласы –әдептанудың (этиканың) арнайы зерттейтін пәніне айналды. Бұл термин (ethike - этика) тұңғыш рет осы мағынада ғылымға ежелгі заманның ұлы философы Аристотель тарапынан енгізілген. Соған дейін де, одан бері де қоғамдық сана мен қарым-қатынастың, мінез-құлықтың аса маңызды формасы ретінде әдеп жайында төрткүл дүниенің шартарабында талай-талай әдеби, дидактикалық жәдігерліктер дүниеге келген.
Этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейтін, философиялық ілім – эстетика. Кейбіреулер философияны ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркемөнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.
Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.
Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.–Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У.Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер), сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар (Шиллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын орнықтырды.
Кант эстет. пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын–идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абс. рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады.
Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғ. орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі.
Өнер – мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, «өнер – мәдениеттің айнасы» деген қанатты сөздің қалыптасқандығы...
Өнердің шынайы мәнінің діңгегі – сұлулық, әсемдік болып табылады. Сұлулық, әсемдік адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде,өнер көңіл-күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты – қандайда бір жетілу, кемелдену үлгісін,мұратын беру әрі соған дамды талпындыру, құштар ету.
Эстетика мен этика, өнер мен өнегелік қалай байланысты болса олай тығыз байланысты, өйткені өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие – имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Достарыңызбен бөлісу: |