Эстетика туралы орта ғасырдағы ғылыми пайымдаулар



Дата14.10.2023
өлшемі31,46 Kb.
#185382
Байланысты:
1-СРСП
медиапедагогика Тест, ТЖКА силлабус КТА, OUVlxPpImDsYdTiwYuXHtnOcy9zcJozoDxMbtCZg

Эстетика туралы орта ғасырдағы ғылыми пайымдаулар

Зерттеуге тиіс ғылыми аялар мен проблемалар. Әдебиет қағидаларының басқа әдебиеттану ғылымдарының нақты зерттеу жұмыстарына әдіснамалық тұрғыдан жетекшілігі. Фольклортану мен әдебиеттану арасындағы ортақ әдістемелер мен дара ұстанымдар. Әдебиет теориясының эстетикамен тыңғыз байланысы. Әдебиет пен өнер - өмір шындығын тану, игеру, жемісі, сұлулық пен әсемдік мұраттарын орнықтырушы. Әдебиет теориясы қарастыратын нысанның молдығы, кеңдігі, ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығы.


Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік, достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы. Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және объективті, субъективті идеализм. Дүниетанымның тарихи, әлеуметтік, философиялық алғышарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель. Поэзияның табиғатқа еліктеуіштік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк. Пизондарға арнау атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылыққа және нанымдылыққа айрықша мән беру.
Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский. Әсемдіктің объективтілік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: тұтастық, үйлесім, айқындық. Құдай - абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің бірі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, X-XII ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер саларының теориясына қосқан үлесі. Музыканың ұлы кітабы. Әуеннің үш түрі. Муызыкалық қабілет. Дарын. Ұстаздық. Батыс Еуропадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі іргелі жаңалықтарға бастауы. Қоғам өміріндегі алғышарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы.
Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсыну. Лессингтің Гамбург драматургиясының, лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шекжиегі атты еңбектері. И.Г.Гердердің ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық. И.Кант. Табиғат әлемі мен адамзаттық әлемі. Мәдениеттің ең жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. Г.В.Гегель -эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық ойлау принциптерін қалыптастырушы. Абсолюттік идея теориясы. Абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. Өмір философиясы. Интеллектінің ерекше бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау әсеріне билігі. Объективті сулулықтың субъектімен сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор. Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. Субъективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы.
ХҮІІІ ғасыр ағартушы дәуір эстетикасы өз заманының алдыңғы қатарлы көркемдік әдісі болып табалды.
Қоғам өміріндегі экономикалық өзгерістер идеологиялық мәселелерде де әр алуан өзгеріс, әр түрлі көзқарастарды туғызды. Айналасында болып жатқан өзгерістерге, өмір құбылыстарына қалай қарау мәселесі, әсіресе көркемөнер, әдебиетте анығырақ байқалды.
Дамып, өсіп келе жатқан капитализмнен қысымшылық көре бастаған ұсақ буржуазия, бір жағынан, өткен күнді аңсап, өткен күнді асыра дәріптесе, екінші жағынан, қандай болары белгісіз алдағы күндерін де қиял етті. Бұл сықылды идея және кеңіл күйлері ол кездегі қоғам құрылысындағы зор қайшылықтар және белгілі бір қоғамдық құрылыстың әлі толық үстемдік ете алмауымен байланысты еді.
Романтизм классицизммен, оның түр мен мазмұнға белгілі бір мөлшер қоюшылығымен және жазу жөніндегі тәртіптерімен күресе отырып қалыптасты. Романтизм кім қай тақырыпты таңдайды, оны қалай суреттеп береді, бұл жағынан суретшінің ерікті болуын талап етті.
Шындық өмірден алыстап, болған нәрседен гөрі болуы керек деп аңсаған нәрсесін суреттеуші романтик жазушылардың шығармаларында дағдыдан тыс тарихи, не географиялық жағдайларды, немесе өзгеше бір жаратылыс, не әлеуметтік орталарды алатындары өте жиі кездеседі.
Бірақ осы тұрғыдан қарағанда, бұған XIX ғасырдың бірінші жартысында Махамбетті, оның айналасын, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Абай және оның жолын қуушылардың шығармаларын мысалға келтіруге болады.
Ағартушылық эстетикасының классицизмді сынауы заңды да. Өйткені классицизм қоғамды түгел көрсете алған жоқ. Сондықтан да қоғамдағы, санадағы өзгерістер, адамдардың хал-ахуалы шектеулі түрде көрсетілді. Махамбет өлеңдерінде романтизмнің элементтерін біз мол кездестіреміз. Ақын өз кезіндегі хандық-феодалдық құрылысқа жай, әлсіз түрде ғана наразылық білдіріп қойған жоқ, соны өзгерту үшін көпшілікті қарулы күреске шақырды. Оның өлеңдеріндегі романтикалық сарынның негізінің өзі халық көтерілісінің рухынан туған болатын. Халық көтерілісі де, оның жыршысы Махамбет те жеңіліске ұшырады. Бірақ ақын күштің халықта екендігіне көзі жетіп, оның келешегіне нық сеністік білдірді. Махамбеттің «Ұл туса», «Бағанылы терек жарылса», «Ұлы арман» дейтін өлеңдері осыны көрсетеді.
Орыс не Еуропа әдебиетіндегідей сюжетке құрылған поэмалар бізде XIX ғасырдың соңғы кезінде ғана туа бастады. Егер қазақ әдебиетінің өз материялы негізінде романтизм стилінде жазылған поэма, оның құрылысы, адам мінездерінің қалай жасалу жолдары жағынан келгенде, Абай балалары Ақылбай мен Мағауияның «Қисса Жүсіп», «Медғат, Қасым» поэмаларын ұсынуға болады.
Романтизм методына тән ерекшелік тек айналасына риза болмаушылық қана емес. Оның басқа да толып жатқан ерекшеліктері бар.
3 Д. Дидро , И. Гердер, А. Лессинк еңбектерінде ағартушылық бағыт басым болды. Олар өнердің бұқаралығын ерекше атап айтты. Көркем шығарма олардың ойынша өмірмен байланысты болуы шарт. Шығарма шынайылығы мен еркшеленуі қажет. Бірінші, романтикалық шығармаларда Реализм әдісімен жазылған шығармалардың кейіпкерлері оқиға дағдыдан тыс мекен, өмірде кездесе бермейтін жағдайда болады. Екінші, қаһармандары болған адамнан гөрі, болуы керек не өте бір сирек кездесетін және қорынан жақсылық та жамандық та келерлік, сөзіне ісі сай, қатардағы жай адамдардан дараланып, ерекше көзге түсерлік болып келеді. Үшінші, романтикалық каһармандарға тән мінез -мейлінше бір бет, қайсарлық; нені болсын олар жеріне жеткізе істейді. Ең ақыры бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, бұрынғы әдетін мүлде қайталамай, мықтап түзеледі. Жақсы көрсе құлай, беріле жақсы көреді де, жек көрсе, енді көрмес, қайрылмас шекке шейін барады. Төртінші қаһармандардың портреттерін, не мінездерін қарама-қарсы қоюшылық, сұлулық пен сиықсыздық, ерлік пен қорқақтық, мейрімділік пен қаталдық тағы басқа осылар тәрізді екі шектегі мінез, көрік, іс-әрекеттерді суреттейді.
Орта ғасыр эстетикасында діни, құдайшылық сарындар жетекші сипатта 
болды.
Көне грек тіліндегі эстетика сөзінің бастапқы мағынасы есту және көру 
арқылы сезіну дегеннен туындайды.
Эстетиканың екі аспектісі бар: объективтік (заттық) және субъективтік 
(эмоционалдық). XYIII ғасырдың ортасында эстетика ғылыми-философиялық 
пән ретінде танылды. Оның негізін салған неміс философы А.Баумгартен 
болды. Оның екі томдық “Эстетика” (1750, 1758) деген трактаты бар. Ол 
эстетиканы сезімдік таным түрінде, сұлулық жөніндегі ілім деп таныды.
Эстетикалық ойлар Еуропада ежелгі дүниеден бастап қалыптасты. Ол 
Платоннан Аристотельге дейін, одан Гегельге дейін әмбебап (универсалды) 
сипатымен танылды. Сұлулықтың күнделікті (онтологиялық) мағынасы, ең 
алдымен айқындылық, реттілік болып табылады. Одан кейінгі дәуірлерде ол 
жарасымдылық (гармония), теңгермелік, тыныштық болып таныла бастады. 
Яғни, сұлулықтың астарында реттілік категориясы, әр заттың өз орнында 
болуы түрінде көрініс берді.
Әдемілік теориясы (теория прекрасного) Германияда XYIII-XIX ғасырларда 
орнықты. Бұған байланысты екі көзқарас болды: Гегель көне және орта ғасыр 
эстетикасына сүйене отырып, “әдемілік пен шынайылық” бір деп қарастырды. 
Ал, Кант Гегельге дейінгі бірнеше ондаған жылдарға дейін басқаша пікірде 
болды. Оның пікірінше “әдемілік затқа оның формасы арқылы беріледі. Яғни, 
эстетиканың мазмұны мен формасы айқындалды.
Ежелгі және орта ғасырларда асқақтық қасиеті орнықты. Асқақтық Э.Берк 
пен Канттың ойынша күштілік болып табылады. Шиллер болса, Кантты 
толықтыра отырып, оны адамзат дүниесімен, оның көзсіз ерліктерімен 
байланыстырды.
Ал, XX ғасырда асқақтық ұғымы форма түрінде беріліп, неғұрлым 
қарапайым тұрмыстық, сезімдік реңк алды. Шиллердің ұғымында асқақтық 

жекелік сипат алса, дионистік көзқарас соған ұқсай отырып, халықтың 


қайғысымен, әрекетімен көрінеді. XX ғасырда дионистік көзқарас 
(подвластность человека силам стихийным) Ницшенің еңбегінің арқасында 
маңызды эстетикалық категорияға айналды.
“Өмір, әлем суреті” категориясы түсініктер жүйесінің күрделі түрдегі 
бөлшектенуін көрсетеді. Өмірді танудың классикалық үлгісі ол тұрмысты 
реттелген, жарасымды, үйлесімдік түрінде көру. А.Потебняның анықтауынша
(“Слово и миф” еңбегі, М., 1989) адам әу бастан барлық жерден бүтіндікті, 
дайын, жетілген затты көргісі келеді.
Әлемді классикалық тұрғыда тану мәселесіне романтизм дәуірінің 
ойшылдары мәнді өзгерістер енгізді. Шлегель “Драмалық өнер мен әдебиет 
туралы оқу” (“Чтение о драматическом искусстве и литературе”) еңбегінде 
қазіргі заман мен өнер қарама-қайшы, ежелгі замандағы “гармониялық 
ашылымдар” “хаосқа деген құпия тартылуды” байқаған. Яғни, физика 
ғылымындағы жаңалықтар, дүниежүзілік соғыстың қасіреті, тоталитарлық 
режим, экологиялық дағдарыс осының бәрі қоғамның назарын тұрмыстық 
қозғалыс пен үйлесімділіктің (гармония) бұзылуына аударды. Осыдан келіп 
тұрақсыз, ұсақталған, бос, адамға жау көзқарас белең алды. Сөйтіп, Ницшенің 
пікірінше, тұрақталған тұрмыс жоқ, ол ойдан шығару деген пікір туындады.
Сонымен, көптеген ғасырлар бойы эстетиканың объективтік, тұрмыстық 
жағы ғана философтар мен ғалымдардың назарын аударып келсе, XYIII-XIX 
ғасырдан бастап, ғылыми-философиялық ойшылдыққа, одан субъективтік, 
гносеологиялық (таным туралы), психологиялық қабылдауға ойыса бастады 
да, эстетикалық түрде баға беру, талқылау, эмоция мәселелері белгілі болды. 
Эстетикалық эмоцияны алғаш рет қарастырған Кант болды. Ол “Талқылау 
қабілетіне сын” (“Критика способности суждения”,1790) трактатының бірінші 
бөлімінде “талғам”, “пікір”, “баға”, “эмоция” сияқты ұғымдарды ашады. Кант 
эстетикаға назар аудара отырып, алдыңғы зерттеушілерден өзгешелігі 
эстетикалық қабылдаудың субъективті белсенділігін алдыңғы кезекке 
шығарды. Бұл XIX-XX ғасырлардағы мәдени-тарихи даму ағымына толық 
сәйкес келді. Канттың концепциясы Жаңа заман эстетикасы тарихында 
бетбұрыс кезең болды. XX ғасырда көптеген теоретиктер эстетиканың 
субъективтік жағын барынша қолдады. Бұрын сұлулық, асқақтық, 
аполлондық, дионистік деген терминдер басым болса, енді эстетикалық 
қатынас, көру, эстетикалық тәжірибе, көзқарас, функция дегендер қолданыла 
бастады.
Орта ғасырда Азия, Африка, Үнді жерлерінде мұсылман мәдениеті 
жасалды. Мұсылман философиясының бастауы жалқы болған жоқ. Ол 
алдымен, YI ғасыр соңындағы араб мәдениеті, христиан және иудистік 
идеялардың алмасуының нәтижесі болса, екіншіден, ислам дінінің 
интеллектуалды деңгейі, үшіншіден, парсы, түрік тілдес ұлттық мәдениеттің 
қалыптасуы және жетілуімен бірлікте болды.
Орта ғасырда Сирия мәдениетінің өкілдері әлемдік өркениетте өз орнын 
иеленді. Сирия мемлекеті Византия мен Иранның саяси күресінен өзін алшақ 
ұстап, біртіндеп Шығыс пен Батыстың арасын жалғастыратын мәдени ортаға
айналды. Сириялықтар арқылы арабтар антикалық ғылыми мұраларымен, 
әсіресе, Платон, Аристотель, Гален, Гиппократ және басқа белгілі 
ойшылдардың еңбектерімен танысты. Орта ғасыр эстетикасында діни, 
құдайшылық сарындар жетекші орын алды. Ислам философтары құдайға 
қандай да бір келбет беруге қарсы болды. Олардың ойынша, “құдайда дене де, 
рух та, түр де, субстанция да жоқ. Ол бөлінбейді”. Ежелгі грек ілімдерінің 
таралуы ғылымды өркендетіп, оның жаңаша жетілуіне әсер етті. Түркі тектес 
тайпалардан білім, ғылымға ұмтылған адамдар шықты. Әл-Фараби (950-1870) 
адамды болмыстың төртінші сатысына жатқызады. Адамның жетістігі оның 
ойлау қабілетінде. Ойлану объектісі іске асса, ол жетістік. Жетістікпен адам 
жетіледі, бақытқа жетеді Мәселен, Ибн-Сина (980-1037) “бірінші парасатты 
субстанцияны жаратты. Парасатты субстанция аспан заттарын жетілдірді. 
Парасатты субстанцияның болмыс желісі сезімтал, саналы жанмен бітеді” 
дейді. Ибн Халдун (1332-1406) Тунисте, Египетте медреседе мұсылман 
құқығы бойынша дәріс берген. Ол өмірге бейімделе білуге ерекше назар 
аударған. Оның ойынша дін ғылымы мен рәсімін игермей, адамды өмір сүру 
тәсіліне үйретпей, тарихты жергілікті табиғи байлықпен және мәдениетпен 
ұштастырмай өркениетке жетуге болмайды. Ахмет Иассауи (XII ғ.) ақын, 
ойшыл, сопылық ағымның ірі өкілі. “Диуани Хикмет” кітабында жан 
тазалығын, діни имандылықты, ізгілікті насихаттайды. Ахмет Иүгінеки (XII-
XIIIғ.) “Ақиқат сыйы” кітабында адам бойындағы әр түрлі қасиеттерді 
саралап, білімпаздық мен надандықты, жомарттық пен сараңдықты, дос пен 
дұшпан туралы кеңес айтып, адамгершілікке үндейді. Осы еңбектерде және 
М.Қашғаридің “Диуани лұғат ат түрк”, Ж.Баласағұнның “Құтадғу біліг” 
еңбектерінде жалпы адамға тән асқақ ой, кемелділік, биік әсердің көрінісі, 
ізгілік секілді ұғымдар кең көрініс берді. 
“Халықшылдық” деген жалпы өнердің халықтық мүддені қозғауы, 
халықтық көзқарасқа жақындауы. Григорьевтің әдеби-сын еңбектерінде 
халықшылдық мәселесі көрнекті орынға ие болды. Оның 1861 жылы жазылған 
“Пушкин өлімінен бастап, біздің әдебиетіміздегі халықшылдықтың дамуы” 
деген мақалалар тізбегінде ол ең алдымен, халықшыл сипаттағы туындылар 
отандық дәстүрден, халықтық салт-ғұрыптардан, отбасылық, туыстық 
бастаудан нәр алған туындылар” дейді. Шындығында сонау фольклор 
туындыларынан бастасақ, фольклор мұралары синкретті өнер түрінде халық 
шығармаларынан бастау алады. Мәселен, халқымыздың ежелгі шежіресі 
секілді байырғы әдеби жәдігерлер негізінде қазақ эпосының түп төркінін 
зерделеу, көне түркі жазба әдебиет үлгілерімен тарихи сабақтастығын 
түркітану, этнография, археология, этногенезбен байланыстыра отырып, 
жанрын, типологиясын, генезисін айқындаған іргелі зерттеулер туды.
Өнер - адамның іс-әрекеті мен қоғамдық сананың ерекше түрі. Болмысты 
нақты деректер арқылы танып-білуді мақсат ететін ғылымнан өнердің баста 
ерекшелігі, ол өнердегі шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, 
бейнелейді. Ерте заманғы адамдардың өмір туралы ұғым, түсінігі, көзқарасы, 
жаратылыс жұмбағын түйсіну ерекшелігі, сәбилік сана, сезім, әсіресе, ауызша 
тарап, жеткен аңыз-әңгімелерден, мифологиялық үлгілерден тарайды.

Мифология табиғатты үрейлі құбыжық, алыптар, жын-перілер түрінде 


тәңірдей табынар сұрапыл күш, құдіретте ғана саятын алғашқы қауымдық 
қатынас кезіндегі дүниетаным болып табылады.
Адамзат қоғамы жаратылыстан, жануарлар дүниесі, ғарыш тылсымынан 
ажырамаған кез еді. Жер бетіндегі тіршілік тең қарастырылған. Жанды, 
жансызды тәңір тұту (тотемдік), жануарлар дүниесімен сабақтастық, сәбилік 
түсінік, бәріне сену, ырымшылдық пайда болды. Табиғатқа адами қасиеттер 
(антропоморфистік) өрістеді, жер құдайы, көк тәңірісі, су тәңірі, жер асты 
әлемінің құдыреті деген ұғымдар орнықты. Мәселен, гректердің әйгілі Орфей 
аңыздарында әнді орман, өзен, жасыл алқап ұйып тыңдаған. Әншінің жыр, 
сазымен жартас, тауларды жылжытып, жыртқыш хайуандарды жуасытуға 
болады делінген. Сөйтіп, анимистикалық (жан бітірушілік), тәңірлік 
(тотемдік), киелілік (фетишизм), сиқырлылық өрістеді. Сонымен қатар оғыз 
және қазақ эпостарында ежелгі арнасы бір мтивтердің қатарында болашақ 
қаһарманның дүниеге келуі және оған ат қоюмен байланысты туралы 
түсініктер бар. Бұл мәселелерді В.М.Жирмунский, Б.Н.Путилов, Х.Короглы 
зерттеулерінде жан-жақты қарастырады.
Ұлт 
әдебиетінің тарихи бастаулары ежелгі дәуір мұраларымен 
сабақтастықта зерттеу бағытындағы келелі істердің рухани түлеудегі кемел 
маңызы филология ғылымы, соның ішінде қазақ фольклористикасының озық 
әдістер ұстанып, кешенді зерттеулер жүргізу барысында соны сипатқа ие 
болды. Әдебиетші ғалымдар қазақ фольклористикасының даму жолдарын, 
халық ауыз әдебиетінің жанрлық табиғатын, фольклорлық мұралардың тарихи 
бастауларын, генезисі мен типологиясын (Е.Тұрсынов) айқындай бастады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет