Естімейтін және нашар еститін балалардың
тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері.
Жоспар:
Кіріспе:
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі
тәрбиенің мазмұны.
Арнайы мектептегі педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас
стилін тәрбиелеудің маңызы.
А) Сабақта оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастыру.
Ә) Еңбек сабақтарында еңбекке тәрбиелеу.
В) Арнайы мектептегі оқушылардың тәрбиесін табиғатпен
байланыстыру.
3) Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары.
Қорытынды.
Кіріспе
Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу.
Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.
Курстық жұмысымды мына жазған еңбектерден жаздым. Соның ішінде:
С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым.
Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек.
1. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны.
Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.
Тәрбие бұл- жағдайды ұйымдастырудың үрдісі, сондықтан жағдайды ұйымдастыру мақсатты түрде болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, тәрбиенің мөлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқушыға әсер ету процесі деп байқау, осындай жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, бұл тәрбиеден бас тартуға тура келеді.
Тәрбие- балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиелеп, тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да, тәрбиешінің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.
Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болады. Д.Локк: «Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі!» деген сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.
Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.
В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн деді
Локк пен Белинскийдің көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жорамалды ойға әкелді.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбие де алып шығады.
Енді арнайы мектептегі тәрбие мәселесіне тоқталсақ. Революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.
Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.
Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. Сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі бала- болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.
Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Есту кемістігі бар балаларды тәрбиелеудің мектептегі басты мақсаты- тәрбиелеу және білім беру болып табылады. Тәрбие беру табысты болу үшін анамальды балалардың есту және сөйлеу дамуын ескеру қажет. Осы балаларды тәрбиелеу балалардың даму ерекшеліктері дене дамуына, тәрбие әдістеріне байланысты. Есту кемістігі бар балалардың мінез-құлқы ерекше болады, балалар болған жағдайды ескермейді. Мұндай балалар сөздерін, ойларын толық жеткізе алмайды. Есту қабілеті зақымданған балаларға білім беруде және тәрбиелеуде, сонымен қатар түзету жұмыстарын жүргізуде, танымдық процестері дамиды. Есту қабілеті зақымданған қалыпты балалар бірдей заңдылықпен дамиды. Осыған байланысты есту қабілеттері зақымданған оқушыларға арналған арнайы мектеп жұмыстарының қағидалары мен тапсырмалары жалпы мектептердегідей. Бірақ арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін оқушылардың даму психикасының кейбір жақтары өзіндік формада қалыптасады. Сол себептен есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын балалардың жас және тұлғалық, есту зақымдықтарын ескере отырып құру қажет. Арнайы мектеп жалпы және арнайы тапсырмаларды шешу үшін есту мүшесі зақымданған балалардың тәрбиесін жалпы мектеп бағдарламасына сүйене отырып қолданады. Мектептің жалпы және басты мақсаты естімейтін және нашар еститін балаларды өз бетімен өмір сүруге және жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:
Күн тәртібін орындау.
Жекелеген қатынас
Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
Жүйелі қадағалау.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша « Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады.» Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп ұжымын ұйымдастыру үшін әрбір баланы жете танып, зерттеп, жекеше жұмыстар жүргізу керек. Тәрбие процесін жүргізу үстінде тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Есту кемістігі бар балалардың қарым-қатынасын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады. Есту кемістігі бар оқушылардың басты факторы- іс-әрекет болып табылады.
Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектептердегі тәрбиелеудің басты бағыты- еңбек болып табылады.
Еңбек жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырады.
1.Еңбек ету үшін оқи білу, жаза білу, санай білу, көп нәрсені үйрену қажеттігі жөніндегі мысалдармен танысады.
2.Үй шаруасындағы жұмысқа шамасы келгенше қолғабыс тигізіп отырады.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде мұғалімдер сабақта көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Естуі зақымданған балаларды және де басқа да ауытқуы бар балаларды мемлекет өз қарамағына алғанымен, олар мұндай балалардың білім алу дәрежесін көтеру қажеттілігін көрсетті.
Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі оқытады және тәрбиелейді. Сынып жетекшісі- өзінің сыныбына тәрбие жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс. Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп тәрбиешісінің алатын орны ерекше.
Арнайы мектептегі педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас
стилін тәрбиелеудің маңызы.
Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары, жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты. Арнайы мектеп педагогикалық ұжымдар, балалардан қоғамға деген қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Естімейтін және нашар еститін балаларды еңбекке тәрбиелеу басты мақсат болып табылады. Бастауыш сыныптарынан бастап, балалар өздерінше қызмет етеді: дене шынықтыру, төсектерін жинайды, сыныпта кезекшілік атқарады. Кейіннен өзіне қызмет ету қиындатылады: еден жуады, асханада кезекшілік атқарады, ыдыс жуады, мектеп ауласын тазартады.
Жоғарғы сыныптың балалары өзіне қызмет көрсетуді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына өздерінің тәжірибелерін үйретуге тырысады.
Естімейтін және нашар еститін рухани байлықтарды әртүрлі қабылдайды. Осының салдарынан психикалық даму ерекшеліктері байқалады. Қоғамдағы қарым-қатынасты игеру балалардың жанұядағы қарым-қатынасына, жанұядағы мәдениетіне, педагогикалық жұмыс жүйесіне байланысты. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы естімейтін балалардың негізгі іс-әрекеті- ойын.
Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша « Ойын арқылы іс-әрекет пайда болып, адамгершілік артады.»
Ойын әрекеті балалардың психикасын, тұлғасын дамыту үшін маңызды. Естімейтін және нашар еститін балалар ойын әрекеттерінде қоғамдық өміріндегі формаларымен және қоршаған ортамен танысады.
Өмірдің әртүрлі жағдайларын ойнай отырып затар, құбылыстар және адам турлы мағлұматтар алып, оларда ұжымдық, қоршаған ортамен және бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады.
Естімейтін балалар және нашар еститін балаларды тәрбиелеуде, мұғалімдер мен тәрбиелеушілер, олардың даму ерекшеліктеріне қарап, методтар мен тәрбиенің салаларына байланысты нақты формаларды өңдеп, қарастырған жөн. Осы мәселелерді арнайы мектептерде қарастыру үшін ең алдымен тәрбиені тәжірибелер арқылы зерттеп, жалпылап алу керек.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептерде балаларды, қоғам-еңбек іс-әрекетіне дайындап, оларға білім мен дағдыны ғана қалыптастыру емес, сонымен қатар, адамгершілікке, әлеуметтік ортадағы, ортадағы адамдардың жақсы қасиеттерін, яғни еңбек сүйгіштікке, коллективте және коллективпен жұмыс істеуге, тәртіптілікке, қоғамдық мүліктерді қастерлеуге көзқарастарын қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, табиғатты қорғауға, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, жан-жануарлармен өсімдіктерді қастерлеуге үйрету- мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің міндеттері.
Арнайы мектептегі тәрбиелеу мен оқытудың объектісі ол қалыпты жағдайдан және психикалық дамуы бұзылған балалар,яғни естімейтін және нашар еститін балалар.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жалпы және негізгі мақсаты- естімейтін және нашар еститін оқушыларды жан-жақты дамытып, өз бетімен өмір сүруін және еңбек етуіне даярлық жасау. Бұл міндеттерді шешу үшін жүйелі түрде коррекциялық шаралар жасау, есту кемістігі бар балалардың кемістігін жақсарту, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін жоспарлап жүргізу керек.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің мұғалімдері мен тәрбиелеушілердің негізгі міндеті, яғни тәрбиеленушілердің қоршаған ортаға деген көз-қарасын, іс-әрекетіне баға беруге қалыптастыру.
Тәрбие процесінің барлық түрінде естімейтін және нашар еститін балаларды коллективтік іс-әрекетке ұйымдастыру болып табылады. Мұндағы негізгі жағдай, ұстаздар мен тәрбиелеушілердің оқушылармен қарым-қатынасы жылы жүзді болуы керек.
Тәрбиенің басты міндеттері- проблеманың ойлау жүйесінің меңгеруі, оның саяси-идеялық, интернационалдық, патриоттық ой-өріс аясын кеңейтіп, естімейтін және нашар еститін балалардың сөйлеу қабілетін дамыту.
Естімейтін және нашар еститін оқушыларды тәрбиелеудің жауапкершілік принциптерін арттыруда, оны еліміздің қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланыстыру міндетті. Естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің өмірін жаңарту, әлеуметтік, әдептілік үшін күресте қандай да болмасын қиыншылықтарға мойымай, дұрыс берілген тәрбие арқылы жеңуге болады. Адамды қалыптастырудағы тәрбиенің, жауапкершіліктің рөлі туралы жаңа көзқарас болуы қажет.
Адамгершілік нормалар, ұғымдар мен мәселелер естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің мінез-құлқына терең әсер ете отырып, олардың сезімін оятып, рухани дүниесіне, танымына ықпал етеді. Естімейтін және нашар еститін оқушылардың абзал адамгершілік саналарын қалыптастыруда әлеуметтік орта, адамдармен қарым-қатынас, теледидар, әдебиет,өнер, тағы да басқалар әсер етеді. Әдетте бұл процесті орындауда жанұя, ата-ана, мұғалім, тәрбиешілер маңызды рөл атқарады.
Жанұя ортасы- әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Гүл күнге қарап өсетін сияқты, бала да тәрбиешінің мінез-құлқына қарап, ер жетеді.
Тәрбиешілер, ең алдымен, өзі үлгі болатындай етіп, өз-өзін тәрбиелеуі керек. Әр баламен жеке дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласу тәрбиешінің ғанибетті ісі.
Тәрбиешілер табиғи болуы қажет, олардың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүние танымы, өмірді танып білуінен басталады. Әр тәрбиешінің бойында, естімейтін және нашар еститін балаларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі, елеулі рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығының, өмірдің әр қырының жағымды үлгі-өнегесі болуы қажет.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқитын оқушылар тез шаршағыш болып келеді және де тілдері дамымаған, сөздері дамымаған, сөз қоры өте аз, дыбыс шығарулары дұрыс емес, айтқан сөздері түсініксіз болады.
Қоршаған ортаның сөздерін ұғынуға қиналады. Естімейтін және нашар еститін баланы коллективтің рухында тәрбиелеу, оның өз тәртібіне, жеке басының жауапкершілігіне тәрбиелеуді, барлық оқу міндеттерін орындауды талап етеді.
Әсіресе, есту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта қалыптасқан қарым-қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен оқушының сабақ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор. Гуманистік қарым-қатынас стилінің негізінде арнайы мектепте мұғалімнің оптимизмі, оның оқушы мүмкіндігіне деген шексіз сезімі, бала бойындағы жақсы қасиеттерге сүйеніп жатады. Есту кемістігі бар оқушылар, мұғалімдердің қарым-қатынас стилі ең алдымен, оның қояр талабының мазмұнынан, балаларды іс-әрекетке ынталандыру мен бағалай білу жүйесінен байқалады. Мұғалім әр сабақта балаларды өзара қарым-қатынастарын қалыптастыруға, балаларды бір-біріне ынталы болуға үйретуге, бірге еңбектенуге, бір-біріне көмек беруге, өзі мен өз жолдастарының жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білуге бағытталған талаптар қояды. Бұл үшін мұғалім әр түрлі тәсілдер қолданады. Мысалы, сабақ үстінде бір оқушының орындаған жұмысын бүкіл сыныпқа тексеру арқылы бағалатамыз. Жолдастары кеткен қателерін көрсетіп, нақты бағасын қояды. Тапсырманы тексерудің мұндай әдісі, балалардың өз-өзіне, бүкіл ұжым ісіне деген жауапкершілік қасиетін арттырады.
А) Топтық жұмыстың мәні-балаларды бір-біріне көмектесе отырып, өздеріне жүктелген ортақ тапсырманы бірлесіп, жемісті еңбек етуге үйрету. Тәрбие ісіндегі бірізділіктің,педагогикалық негізгі баланың мектеп жасына дейінгі игерген мінез-құлық формалары мен мұғалімге, жолдас құрбыларына қарым-қатынасы, адамгершілік жайындағы бастапқы білім мен сезімі бастауыш сыныптарда адамгершілік мінез-құлықтың, ой-сананың, сезімнің, қарым-қатынастың жаңа формалары дамитын іргетасы болып табылады.Алдыңғы өткен тәрбие осы кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отыра, болашақтың ерекшеліктеріне қарай бағыт алып, баланы соған дайындайды, ал келесі тәрбие ісі баланың өмір сүрген кезіндегі тәжірибесіне барынша сүйенеді.
Естімейтін және нашар еститін балалар үшін адамгершілік тәжірибелердің шешуші маңызы зор.
Тәрбие көбінесе ең алдымен кемістігі бар баланың адамгершілік ережелерін, нормасын және принциптерін қолдана білу қажеттілігіне көз жеткізіп, әдеттенетін күнделікті тұрмысына өтеді. Мұндай балалардың төңірегіндегі адамдардың қоғамдық мүддесімен қоғамдың өмірімен байланысқан кез-келген әрекеті, адамгершілік әрекеті болып табылады. Адамгершілік қасиеттердің дамуын анықтайтын тәрбиенің өзегі кеміс балалардың гуманистік қарым-қатынасы мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұны, методы және формаларына, соған сәйкес нақты мақсаттарға қарамастан, мұғалімнің алдында әрқашан есту қабілеті зақымданған балалардың адамгершілік қатынастарын ұйымдастыру міндеті тұруы тиіс.
Тәрбие жүйесіндегі тиімділік көрсеткіштерінің бірі- бала адамгершілігінің дамуы, оның рухани адамгершілік дүниесінде елеулі өзгерістер болуы тиіс.
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, оның дербес әрекеттері ерекше маңызды, мұндай оқушылар тек мұғалімнің нұсқауы және олардың бақылауы мен әрекет жасаған кезде, ең алдымен тіл алғыштыққа үйретеді.
Тәрбие процесі мінез-құлықпен қарым-қатынастың адамгершілік жағын балалардың мойындауын қамтамасыз етуі тиіс.
Балалардың басқалармен өзінің қылықтарын түсіне білуі- адамгершілікпен өз ісіне баға беруін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Адамгершілік қасиеттердің жетілуі- тәрбие жүйесінің нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі критерийі.
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыруы нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі баии түседі. Есту қабілеті зақымданған оқушылардың тебіреністері, олардың қуаныштары мен реніштері, ең алдымен оқуға байланысты. Сондықтан, арнайы мектептерде өтетін сабақта тәрбие процесінің барлық негізгі элементтері, мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы өзара әсер етеді. Сабақта мұндай оқушыларды тәрбие беру сәттері ғана емес, бүкіл оқыту процесі тәрбиелейді. Сабақта адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігі сабақ мазмұны, оның ғылымилығы, идеялылығы, мұғалімнің жұмыс әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-экономикалық қуаты, сабақта мұғаліммен оқушылардың арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынас стилі, мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиеттерінің бағыттылығы, оның оқытатын материалдарға қатынастарын қамтамасыз етеді.
Сабақ үстінде оқушылар арасында белгілі бір іскерлік және адамгершілік қатынастар үнемі туып, пайда болып отырады.
Арнайы мектептің сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойындардың да тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жағдайда, кемістігі бар балалардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру формасы тәрбиелеуші фактор болып табылады, мұнда оқушылар бір-бірімен араласып,ортақ жауапкершілікті көтеріп, бір-біріне көмектеседі, тапсырмаларды шеше алмай жатқанда бір-біріне жандары ашиды. Міне, осы жағдайды арнайы мектептегі педагог, балалар арасындағы жолдастық, ізгі ниеттік қатынастарды қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді тәрбиелеуге пайдаланады.
В) Еңбек сабақтарында дамуында кемістігі бар балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы өте зор.
Онда мұғалімнің міндеті- оқушыларды еңбекке қарым-қатынасын, еңбекке мәдениеттің, еңбекке дұрыс қатынасын және еңбек үшін жауапкершілік, бірлесе жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақта өздері жасайтын бұйымдар балаларға өте көп тәрбиелік ықпал жасайды. Бұл бұйымдардың әдетте, белгілі бір тәжірибелік құндылығы болуы тиіс, оқушыларға немесе басқа адамдарға пайда келтіруі тиіс.
Дамуында ахауы бар оқушы өз еңбектің нәтижесін, яғни жасаған бұйымдарын жолдастары немесе мұғалімі бағалайтынын білгенде, ол өз жұмысының сапасына жоғары талап қойып, өз жұмысын көрсетуге ұялмайтын болып істеуге ұмтылады, талпынады.
Арнайы мектептердің зерттеу жұмыстарынан, естімейтін және нашар еститін оқушыларды еңбек саласының әр түрлі қызметіне немесе іс-әрекеттеріне бейім екенін көруге болады. Естімейтін және нашар еститін оқушыларды еңбек тәрбиесіне араластырудың маңызы өте зор. Сондықтан, психологиялық және тәжірибелік көмекші мектептерде оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде қоғам үшін пайдасы өте көп, әр оқушыға мұғалім еңбектенудің қажет екенін, еңбек арқылы табысқа жететінін түсіндіру қажет.
Естімейтін және нашар еститін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, еңбек дайындығы керек. Еңбек оқушыға қоршаған ортаны танып білуге көмектеседі. Еңбекке тәрбиелеудің кең тараған методтарының бірі- еңбек жайында әңгімелесу. Мұндай әңгімелесулерді арнайы мектептерде тәрбиелеушілер өткізеді. Әңгіменің тақырыбын тәрбиелеуші өзі таңдайды. Мысалы: «Неге біздің мемлекетімізде барлық адамдар еңбек етеді?», « Еңбек сіңірген қызметкерлер туралы» және тағы сол сияқтылар. Сонымен қатар, мектептерде әр сыныптар арасында альбом, газет шығару көптеп кездеседі.
Еңбекке тәрбиелеуде оқушыларды өнеркәсіптерге, ауыл шаруашылығына апарып, еңбек түрлерімен таныстырудың маңызы зор. Бірақ, оқушылар еңбек түрлерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар, еңбек адамдарымен де танысады.
Осындай жағдайлардың арқасында оқушылар өмірдегі ең қажетті нәрсе , ол- еңбек. Еңбек- адамдарға бақыт әкеледі, әр адам адал еңбек етуі қажет.
Арнайы мектепте оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың көбі, бейнелеу өнеріне қабілетті болады. Бұл әрекет – балада әлемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады, сол арқылы бала бойында эстетикалық тәрбие қалыптасады. Бейнелеу әрекетінде баланың бақылағыштық, қиял, көру арқылы аз болса да , есте сақтауы, қабылдауы қалыптасады.
С) Сонымен қатар, эстетикалық, алғырлық, өмірден әсемдікті түсіну және бағалай білу қабілеті де қалыптаса бастайды.
Әсемдікті қабылдай білу баланың өмірін байытады, қоғамдық құбылыстардың кез-келген көріністеріне ынталарын арттыра түседі және әсемдікті бағалап, қорғау қабілеті арқылы оның әрекеті мен қылықтарын бағыттайды. Бейнелеу әрекетінің дамуында кемістігі бар балалардың рухани өміріне, адамгершілік саласына әсер ету олардың сезімдерді өзгерту және байыту жолымен өтеді. Бейнелеу сабағында табиғат әлемін оқушыларға эстетикалық тұрғыдан ұғынуды үйретеді.
Баланы тәрбиелеу үшін, бейнелеу өнерінің алуан түрі қажет. Заттың түп нұсқасынан сурет салу, декаративтік тапсырмалар, сурдопедагогтардың шығармалары туралы әңгімелер- осының бәрі дамуында ауытқуы бар балаларды жан-жақты дамытады.
Балалар суретінің мазмұны- бұл баланың бақылаулары, әсерлері мен тілектері.
Эстетикалық, тәрбиенің негізі- оқушылардың қабылдауын, сезуін, көптеген нәрселердің жақсы жақтарын өнерде, табиғатта, еңбекте, қоғамдық қарым-қатынаста, адамның іс-әрекеттерінде қалыптастыру.
Эстетикалық, тәрбие- саяси-идеялық адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесін кешенді түрде іске асырады.
Арнайы мектептерден эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері:
Балалардың сезім мүшелерінің дамуы және оның эстетикалық қабылдау қоршаған орта нақтылығына қабілетті қылу.
Оқушылардың бойында эстетикалық көзқарастың көркемдік талғамын қалыптастыру және дамуында әдемілікті көріп және де, оны түсіне білуге де үйрету.
Шығармашылық қабілеті мен эстетикалық бейімделген оқушылардың бойына дамыту.
Нашар еститін оқушылар, жалпы оқушыларға қарағанда эстетикалық дамуы баяуырақ жүреді. Эстетикалық тәрбие процесінде есту қабілеті зақымданған балалардың ой-өрісі кеңейеді, таным процестері белсендетіледі, ерік біршама жетіледі.
Естімейтін және нашар еститін оқушыларға арналған мектептерде балаларға бейнелеу сабағының маңызы зор. Сурет салғанда оқушының моторикасы дамып, есте сақтау қасиеті жақсарады.
Эстетикалық дамуы, бейнелеу өнері сабағында ғана емес, сонымен қатар, шығармашылық тәрбиелеу процесінде де орын алады. Оқушылар шығармашылық өнерлерімен, мысалы, әдебиет, драма, ән, би, өлең айты, сурет салу арқылы өз бойына эстетикалық тәрбиені қалыптастырады.
Арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін балаларды эстетикаға тәрбиелеу үшін, оларды көптеген мұражайларға, театр-концерттерге, табиғатқа серуендеуге, көрмелерге апару керек.
Серуендеуді арнайы мектепте оқитын нашар еститін оқушыларға жақын және түсінікті құбылыстардан бастау керек. Мысалы, мектеп мұражайларын, мектепке жақын көшелерде орналасқан- завод, фабрика, почта, магазин, кітапхана, дәріхана, балалар бақшасы, клуб, ауылдардағы шеберхана мен фермалардан серуендеуді бастау керек.
Д) Баланың байқампаздығын, қиялын, сезімдерін дамытуға- табиғаттың ықпалы өте зор.
Қазіргі кезде, арнайы мектепте оқытылатын нашар еститін оқушылардың оқу бағдарламасында балаларды әр түрлі серуендерге шығару енгізілген.
Программаларда, методикалық құрал-
дарда мұғалім назарын бәрінен де бұрын, дидактикалық міндеттерді: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың өздерін қоршаған әлем туралы түсінігі мен білімін, табиғаттың өзара байланысты және өзара сабақтас құбылыстарды білу туралы білімін байыту танымдық мүдделерін дамыту міндеттерін шешуге бағыттайды.
Кемістігі бар балалар үшін, табиғатта жасалатын серуендеудің маңызы зор. Табиғаттану бойынша серуендеу, оқушыларға өздерін қоршаған аймақтың жер бедерімен, өсімдіктерімен таныстырып, зерттеуді, оның ерекшеліктерін анықтауды мақсат етеді. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды тәрбиелеуде табиғатты қорғау, оған мейлінше ұқыптылықпен қарау керектігі туралы әңгімелесуі керек, әдетте, табиғатты қорғау дегенді қолдан отырғызылған жасыл ағаштарды кеспей, қамқорлық жасау туралы мәселемен ғана тірейді. Дұрысы, бұл мәселеге әлдеқайда кеңірек қарау керек. Табиғатқа серуендеу кезінде балалар, мысалы кемістігі және көзі жабылып қалған бұлақтарға кездесуі мүмкін. Мұндай бұлақтардың көзін ашып, қоқыстан тазарту- әркімнің міндеті.
Табиғатпен араласу- балаларда мейірімділік, қайырымдылық, сезімталдық қасиеттерін тәрбиелеудің тамаша мектебі. Кімде-кім бала кезінде табиғатқа немқұрайлы қарап, оның сұлулығын көре алмай, хайуандарға табиғаттағы әлсіз тіршілік иесі ретінде қарап, қамқорлық жасауды үйренбесе, кейін ондай оқушылардың адамгершілік мейірім күту қиын, өйткені, қайырымдылықтың жақын адамға деген нышаны адамға бала кезінен егіледі ғой.
Кейбір жекеленген жағдайларда байқауға болатын балалардың хайуанаттарға деген мейірімсіздігі көбінесе, оның түсінбеушілігінен туады. Мәселен, су қоймаларына суруен жасаған кезде, кейбір оқушылар бақаларды көре салып, дереу тас ата бастайтынын жиі кездестіруге болады. Мұғалім балаларға бақаларды, пайдалы хайуанаттарды адамдардың әрқашанда, оған қамқорлық жасайтынын түсіндіру керек.
3. Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары.
Қазіргі кездегі арнайы мектептің педагогикалық тәрбие әдісі, ұжымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде әр түрлі көзқарастар бар екені байқалуда.
Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша, бұл- педагог жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.Ал, И.С.Марианканың анықтамасы бойынша, бұл-жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісінің тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйене отырып, келесі тұжырымдама жасауға болады.
Тәрбие әдісі- тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына балалардың жас және дербес психологиялық ерекшеліктеріне, олардың тәжірибелік дәрежесіне байланысты.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің тәрбие әдістері, тәрбие жұмысының мақсаттарымен және мазмұнымен анықталады.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушылардың мінез-құлқын қоғамдық нормаға үйретуге, адамдармен қарым- қатынас жасауға және олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.
Қазіргі кезде, жалпы мектептер сияқты, арнайы мектептердің тәрбие әдістерін жіктеудің оннан астам түрі бар.1жіктеу (3 топ)
1-топ. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынастағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікірлер, үйрету-жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация. Мысалы: естімейтін немесе құлағы нашар еститін балаларды- борыштық сезімге, жауапкершілікке, белсенділікке жаттықтыратын өндірістік бригада, шефке алу жұмыстары болып табылады.
2-топ. Жеке адамның сапасын, мысалы, ұғым, баға беру, пайымдау, пікір айту, сендіру сияқты ұғымдарды естімейтін және нашар еститін балалардың санасында қалыптастыру. Бұл топтың әдістері:саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар т.б. Бұл әдістердің естімейтін және нашар еститін оқушылар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан естімейтін және нашар еститін балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қалыптастыру қажет. Ал, бұл балаларға осы нормалар жөнінде білімді пайымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай естімейтін және нашар еститін балалардың өмірлік поэзиясын, яғни көзқарасын сипаттайды.
Естімейтін және нашар естиітн оқушылардың санасын тұрақты қалыптастыру үшін, көбінесе педагогтармен тәрбиешілер- әңгіме әдісін қолдануды жөн көреді. Мұндай балалар, яғни, естімейтін және нашар еститін балалар әңгіме әдісінде саяси, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады. Олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді.
Әңгіме әдісін, естімейтін немесе нашар еститін балаларды іске асыру үшін, педагогтар мен тәрбиешілер, мына келесі талаптарды есте сақтауы қажет.
Тақырыптың көкейкестігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.
Әңгіменің мазмұны естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігіне сәйкес баяндалуы қажет.
Әңгіменің тақырыбына сәйкес, техникалық құралдар, тиімді көрнекілікті пайдаланған жөн.
Сөздік дайындық жұмысы, жоспар, уақыты мен өміріне байланысын, пікірталас әдісін, біз, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жоғарғы сыныптарындағы оқушыларға өз пікірін айтуын, баға беруін сенімін қалыптастыруға қолданамыз.
Пікірталас тақырып бойынша, естімейтін және нашар еститін оқушы өзінің көз-қарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге,басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлері де пайда болады.
Естімейтін және нашар еститін оқушыларға арналған мектептерде пікірталас оқушыларды қателікпен, жалған көзқарастармен күресуге , түзетуге бағытталған.
Естімейтін және нашар еститін оқушылардың ойлану сапасын жақсартуға, талаптануға, ойлау процесін түзетуге, тиіс кемістігін жоюға, сөз қорын байытуға мақсатталған бірден-бір әдіс- пікірталас.
3- топ. Мадақтау және жазалау әдістерін- естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектепте өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде адамгершілік тәрбиесішісінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау мен жазалау әдістері пайдаланылады.
Мадақтау- тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандыру.
Жазалау- бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалау үшін, оның шындығын толық білу керек, сонымен бірге, ұжым пікірі жазалау жайында болғанда ғана, баланы жазалауға болады.
Қорытынды
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептен тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, кемістіктің күрделілігіне, құрамына тәуелді. Сондықтан естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектепте жүргізілетін тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің тәрбие принциптері.
Тәрбие принциптері- тәрбиеші басшылыққа алуы тиіс тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Тәрбие принциптері бірнеше түрге бөлінеді:
Тәрбиенің идеялылығы, мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен қоғам құрылысының практикасымен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні- қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдау болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты таңдауға, толық дайындауының шынайы алғышартын жасайды.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.
Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптармен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
Тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі.
Тәрбиенің оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Осы естімейтін және нашар еститін балаларға арналған тәрбиенің мазмұны ерекше. Бұл тәрбиенің басты мақсаты- әлеуметтік сарыны кемтар балалардың кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп дайындау.
Қолданылған материалдар тізімі
1. « Сурдопедагогика» под.ред. А.И.Дьечкова.
2. « Специальная дошкольная педагогика» Н.И.Белова. Москва Просвещение
1985 год.
3. « История сурдопедагогики» А.Г. Басова, С.Ф. Егоров Москва Просвещение
1989 год.
4. « Обучение и воспитание глухих детей» под.ред. С.А.Зыкова Москва 1963 г.
5. «Слепоглухонемые дети» А.И.Мещеряков Москва Педагогика 1974 год.
6. « Развитие, обучение и воспитание глухих детей»
7. « Воспитательная работа» под.ред. С.Б.Хмырова Москва 1962 год.
8. «Музыкальное воспитание глухих дошкольников» Г. Яшунская Москва
Просвещение 1977 год.
9. «Дошкольное воспитание глухонемых» Н.А.Рау Москва 1947 год
10. « Перестройка воспитательной работы в школе интернат для глухих детей»
Б.Г.Левинсон Москва 1962 год
11. « Методы учебно-воспитательной работы с глухими и слабослышащими
детьми» Ленинград 1986 год
12. «Методы воспитания, обучения, изучения глухонемых детей и
подростков» под.ред. П.П.Почапина и Ф.А.Рау Москва 1931 год
13. « Воспитание детей в интернате школы для глухих» Москва 1963 год
С.А.Зыков
14. « Некоторые вопросы обучения и воспитания учащихся специальных
школ» Алматы Мектеп 1981 год
15. «Воспитание младших школьников с нарушением слуха» Санкт-Петербург
1996 год М.И.Никитина, Г.Н.Ленин,З.А.Пономорева.
Достарыңызбен бөлісу: |