Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу, қоғамдық тәрбиеден де ерте дамыған. Естімейтін баланы отбасында жеке оқыту тәрбиесі орьа ғасырларда белгілі болады


- Ойлауын, тілін,зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту



бет3/4
Дата24.02.2022
өлшемі95,91 Kb.
#133050
1   2   3   4
Байланысты:
14 апта Бектасова Б ТП-18-2к1

- Ойлауын, тілін,зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- Баланы қоршаған ортамен қарама қайшылыққа түсу қажеттілігіне тәрбиелеу,
-Жігерлікке әділеттілікке, батылдыққа,достық сезі мге тәрбиелеу.
- Баланы өзін өзі күтуге, мәдени гигиеналық дағдыларға үйрету.
Мұны іске асыру үшін не істеу керек? Ең басты, баланың тұрмыстық жағдайын ұйымдастыру керек. Оның жасына сай, күн тәртібін қою керек. Бала белгіленген уақыт бойынша тамақтануын, серігуін және ойнауын, таза ауада серуендеуін (балалар ауруханасындағы) өадағалау керек; балаларды тазалыққа үйрету керек: тамақтанар алдында, ойынан кейін қол жуу, өзінің сүлгісін, бет орамалын білу, олармен қолдана білуі тамақ ішу барысында ұқыпты болу және т.б.
Баланың қозғалыс тәрбиесіне үлкен көңіл аудару қажет. әсіресе, минингитпен ауырған баланың жүрісіне, өйткені осы аурудан кейін, балалардың жүрісішұғыл өзгереді: бала өрмелеуге, белге қою,алдыға, ортақ жылжу қимылдарын қоса пайдалы. Сонымен қатар қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. барлық қимылдарды юала ауыздан оқу арқылы жасау керек. Мұндай жаттығулар балаларды қалыпты жүрістіқалыптастыруға, қимылдары ұйымдастыруға және нығайтуға көмектеседі. Инфекциялы және т.б. ауруларын алдын алатын арнайы шаралар өткізу қажет. Осы мақсатпен баланы жиі дәрігерге көрсетіп, тағайындаған шараларды орындау керек. Балалардың сапасы, физикалық жағдайы оның ақыл ой дамуына және тәртібіне, мінезіне әсер етеді.
Баланың әр түрлі сергектік кезінде, жесттерді қолдануға жүгінбей, қалыпты еститін балалармен сөйлескендей түсінікті, нақты, қаттық мәнерлі түрде, балалардың бетіне қарап сқйлеу керек. Сөздерді буынға бқлмей, толық, бала дұрыс еліктейтіндей, шынайы ырғақты сақтай отырып айту керек. Қатты және нақтылап айту, баладағы есту қабілетінің қалдығы болса, қатты айту баланың есту қабілетін қабылдауын дамытуға әсер етеді.
Кішкентай балалар әр нәрсеге жеңіл және оңай еліктейді. Еститін балалар қоршаған ортаға есту қабілеті арқылы еліктейді, ал естімейтін балалар – көру арқылы, сөйлеушінің сөйлеу тілімен ауызынан оқу арқылы еліктейді. Осы балалар ең алдымен, сөйлеу тілін түсінуді үйренеді, кейін қолдануға кіріседі. Егер отбасы мүшелері күнделікті қолданатын сөздерді бірнеше рет бетпе-бет қайталап айта берсе, бала ауыздан оқу арқылы түсініп, өзі де сөйлей бастайды. Әрине, естімейтін балалар сөзі түсініксіз, мағынасыз болуы мүмкін, бірақ уақыт өте, арнайы педагогикалық әсер ету салдарынан күнен-күнге түсінікті бола бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет