Мектепжасына дейінгі естімейтін, сөйлеу тілі дамымаған баланы отбасында тәрбиелеу. Егер баланы туылғанан кейін 5-6айында гуілдеуі байқалмаса, 7-8 айында әртүрлі дыбыстар шыққан жаққа қарап, көрсету керек. Егер, «балалардың есту қабілеті төмендеген немесе, мүлдем естімейді» деген анықтама берсе, ата аналар уайымдамай, дұрыс тәрбие беруді, есту қабіліндегі кемістіктердің орнын толтыруды қалауы, баланың болашағына тікелей байланысты.
Көптеген ата аналар балаларының тәрбиесімен дер кезінде айналысумен байланысты, есту қабілетінен айырлған баланың сөйлемей қалуынан сақтап, білім алуына және еңбек етуіне жағымды ықпалын тигізеді. Естімейтін, тілі дамымаған баланы отбасында тәрбиелеу, шыдамдылықты, төзімділікті, өте көп күш жігерлікті талап етеді.
Егер есту қабілетіндегі бар балаларды қандай да бір себептермен дер кезінде, арнайы мектептерге орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, балаға отбасында тәрбие беруд ұйымдастыру керек. Бұл мақсат үшін келесілер қажет: -Балаға жақсы физикалық дамуды қамтамасыз ету және сергектік, сауық сүйгіштік жағдайн болдырмау;