Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім берудің мазмұны. Арнайы түзету сабақтар



бет16/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#94278
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Есту қабілеті

Ол ашық түсті ойыншықты баланың көз алдында 30-40 см қашықтықта оңға, солға аыстырып, баланың көңілін аударады. Көмекші сол сәтте оң немесе сол жағына қашықтықта шарманка дауысын шығарады. Сурдопедагог баланың реакциясын бақылайды. Егер балада ешқандай реакция болмаса, көмекшісі 0,5 м жерге жақындап, қайтадан дабыл береді. Реакциясы болмаған жағдайда тағы да қашықтық азайтылады, естімеген жағдайда баланың құлағынан 5-10 см қашықтыққа жеткенше жақындатыла береді. Қандай қашықтықта алынған дыбысты болмасын тексеруші белгілеп, баланың дыбысты қабылдайтын қашықтықтығын анықтайды. Содан кейін сол дыбысты басқа жағынан шығарып, реакциясын тексереді. Хаттамада баланың реакциясының болмауын, қай қашықтықта пайда болғанын, дыбыс бағытын анықтай алатын қабілетін белгілейді. Содан кейін осындай әдіспен сылдырмақ, сыбызғы, сырнай, ысқырық ең соңында даңғара беріледі. Бұл зерттеулерден кейін тексеру сөйлеу тіліне, дауыстың қаттылығына реакциясы тексеріледі. Егер балада 1 метрден артық қашықтықта дауысқа реакциясы байқалса, белгіні сыбырлап беруге де болады. Сәл ересек бала үстел басында шешесінің алдында отырады. Сурдопедагог қарсы алдында отырып, баланың көңілін ойыншықтарға аударады. Бұл кезде оның көңілін ойыншыққа толық аудармау керек. Бұны баланың желкесіне сәл үрлеп тексереді. Егер бала оған бұрылмаса ойыншықты ауыстырады немесе мүлдем алып тастау қажет. Ең алғашқы дабылды көмекшісі артқы жағынан 5 м қашықтықта береді, 1 м қашықтықта естілген дабылды оған оң жағынан, сонан кейін сол жағынан қайталайды. Бала дыбысты қандай қашықтықта естиді, бағытын анықтай ала а сонны білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет