Бұл тексеру нәтижесінде баланың дыбыстар мен дыбыстарға деген реакциясы анықталады:
Бұл тексеру нәтижесінде баланың дыбыстар мен дыбыстарға деген реакциясы анықталады:
1) Баланың қандай ойыншықтың дыбысын және қандай қашықтықтан еститінін, дыбыстың бағытын анықтай білетінін білу.
2) Баланың сыбырға және дауысқа деген реакциясын анықтау.
3) Баланың синтетикалық дыбысқа (аудиометр екпіні), қандай жиілік пен қарқынға деген реакциясын білу. 1,5 жасқа дейінгі балаларда есту қызметінің төрт деңгейі ерекшеленеді: Бірінші деңгей жас ерекшелігіне қарай есту қызметі қалыпты мөлшерде. Есту қызметі қалыпты мөлшердегі балалар сөйлеу дыбыстарына жатпайтын дауыстар жинағын 3-5 м қашықтықтан естиді. Баланың барлық дауыстарды (шарманкадан даңғараға дейін) қабылдауы оның жас ерекшелігіне тәуелді, оның жасы кішкене болса, белгі жақын жерден берілу керек. Үш айдан асқан бала дыбыстың оң, сол, артынан естілуін аңғаруы қажет.Сөйлегендегі дауысты, сыбырды 5м қашықтықтан естиді. Синтетикалық дыбысқа барлық тексерілетін жиілік диапазонында 30-70 дб қарқынында реакциялары байқалады. Кейбір жағдайларда балаларда аудиометр екпініне реациясы болмайды. Тексерушілер бұл балалардың өмірінің бірінші жылдарында болатын жағдай деп есептейді, реакциясының болмауы баланың есту қызметі кемшілігіне емес, жас ерекшелігіне байланысты. Басқа белгілерге – дауысқа, дыбысталатын ойыншықтарға – реакция түрін білу маңызды.