А). Әр түрлі қатынасты түсінуді талап ететін сұрақтар. Алмұрт, алма, апельсин – бұлар не? Сен қандай мамандықтарды білесің? Алматы, Мәскеу, Астана – бұлар не? Сен көліктің қандай түрін ұнатасың? Байланыстыра сөйлеу білу деңгейін анықтау. Бала тапсырманы орындай отырып, сюжетті суреттегі жағдайдың бірізділігін табуға міндетті. Байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалап қана қоймай, ойлай білуге үйрету. Балаға әр қайсысы біткен істі білдіретін 4 сурет ұсынылады. Тапсырмаға нұсқау: «Суретке қара. Суреттерді ретімен біріншісін, екіншісін, үшіншісін, төртіншісін қой. Мұнда ненің суреті салынғанын айтып бер». Сөйлеу тіл дағдыларын тексеру. А). Істелген іс туралы есеп бере отырып, тапсырманы орындау. Әрбір балаға алты-алтыдан тапсырма беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |