Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім берудің мазмұны. Арнайы түзету сабақтар



бет15/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#94278
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Есту қабілеті

3 айдан 6 айға дейінгі көптеген балаларда айқайға немесе бөтен дыбыстарға деген кері реакциялар пайда болады. Бала тітіркеніп, көзін кең ашып, тына қалады, содан кейін бетін тыжырайтып, қызарады, кейде 10-15 сек кейін айқайға басады. Бұл реакция тұрақсыз, бұл баланың жағдайына, әсіресе оның өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді. Бұндай реакция көп жағдайда қорқақ балалар бойында тіпті, сәл тітіркендіргіштерге де пайда болады. Сонымен балаларды мұқият бақылай отырып, есту талдағыштар дамуының қалыпты мөлшерден ауытқуын ерте жастан-ақ байқауға болады. Егер бала дыбыс шыққан жаққа басын бұрмаса, ешқандай реакциясы болмаса, баланың жымиып күліп, былдырлағанына алданбаған жөн. Осындай қауіпті белгілер байқалысымен, баланы жақын арадағы сурдолог дәрігерге немесе арнайы ғылыми орталықтағы мамандарға көрсету керек. Мамандар баланың есту қызметі жағдайының диагностикасын жүргізіп, қажетті жағдайда есту аппараттарын таңдайды, дефектолог педагог баламен жүргізілетін оңалту сабақтарының әдістемесімен таныстырады. Бала өмірінің алғашқы 1,5 жылдағы жас ерекшеліктері ескере отырып, есту қызметін ПМПК жағдайында объективті әдістермен, шартсыз бағдарлы реакциясын тіркеу негізінде жүргізіледі. Әлі отырмайтын баланың жөргегін шешіп, бөлейтін үстел үстіне жатқызады. Баланың жымиысын, аяқ,қол қозғалысын туғызу үшін сурдопедагог балаға еңкейіп, еркелете сөйлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет