Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім берудің мазмұны. Арнайы түзету сабақтар



бет13/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#94278
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Есту қабілеті

Баланың есту қабілетін өмірінің екінші-үшінші апталарынан, ешқандай арнайы құралсыз оның дыбысқа деген реакциясын бақылауға болады. Есту қызметін жұмылдыру дегеніміз –бұл бала ағзасының сыртқы тітіркендіргіштерге деген реакциясы. Бұл реакция балаға жақын жерден шыққан қатты дыбыс пен айқай кезінде пайда болады. Бірнеше секундта (кейде 15-20 сек.) бала қозғалмай тына қалады. Кейде дабылдың дауысы тоқталғанша созылады. Бұнда реация алғашқыда дыбысталатын ойыншыққа, кейіннен дауысқа пайда болады. Нәресте өмірінің екінші айының бірінші аптасында сөйлеп тұрған ересек адамға қарап жымияды, содан сәл кейінірек (2 ай 2 аптадан соң) дауыс реакциялары пайда болады. Бала ересек адаммен сөйлескен сияқты болады. Баланың бұл жымиуы мен гуілдеуін ата-аналары баланың өздеріне Берген жауабы деп ойлайды. Бірақ бұндай реакция естімейтін балаларда да болады. Бұл реакция балаға қараған жылы жүзден, көзқарастан туындайды. 2-3 айда (шала туған, әлсіз балаларда 3,5-4 айда) еститін нәрестеде дыбыс шыққан жаққа басын бұру, көзін аудару сияқты дыбысқа реакция пайда болады. Зерттеушілер бұл реакция алғашқы реет Адам дауысына пайда болатынын байқады. Бала басқа дыбыстарға назарын кеш аударады. Реакциялардың жылдам пайда болуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір балалар дауыс шыққан жаққа сол сәтте, екінші бірі дыбыс тоқталғанда, ал басқалары тоқталғаннан кейін 0,5 минуттан соң ғана басын бұрады. Нәресте ең алдымен дыбыс бағытын оң және сол жағынан, кейіннен артынан шыққан дыбысты ажырата алады. Ең кішкентай бала 3 м аспайтын қашықтықтағы дыбысқа басын бұрады, тек алты айдан ақанда ғана 5-6 м жердегі дыбысқа көңіл аударады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет