Сөйлеу тілін тексеру, үш түрлі тексеріс түрі бар әдістеме бойынша жүргізіледі. Сөйлеу тілінің дағдысын тексеруге екі тапсырма енеді: нұсқауды орындау және сұрақтарға жауап беру. Берілген екі тапсырма сөздік қорын тексеруге арналады: дыбысталу ерекшеліктерін белгілей отырып, белсенді сөз қорын бағалау мен пассивті сөздік қорын тексеру. Балалардың грамматикалық тіл құрылысын меңгеру деңгейін және байланыстыра сөйлеу дағдыларына үш тапсырма берілген: суреттер бойынша сөйлем құрау, өзінің іс-әрекеті туралы хабарлау және сюжетті сурет бойынша байланыстыра әңгіме құрастыру. Тапсырманың барлық түрі балалармен жеке – дара жүргізіледі. Келесі талаптарға сүйене отырып, таңдалған сөздік материал бағдарлама талаптарына сәйкес болуға міндетті. Сөздердің тізіміне қосылатын сөздер: