Бала қаншалықты кіші болса,оның арнайы сабақ «өтілі» соншалықты аз, сондықтан да жіберетін қателері де көп болады. Сөйлеу тілінде синтаксистік құрылымдарды пайдалану, оның сөйлеу тілінің дамуына тәуелді болады. Нашар еститін балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты, айқын емес,көңілсіз болады. Балалар жиі қайталап сұрайды, айтқан адамның артикуляциясын бақылайды. Балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс қоя алмайды. Ұсынылған әдістеме нашар еститін мектепке дейінгі балалардың сөздік қор көлемін, өзіне айтылған сөзді түсінуін, байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған. Сөздік қор көлемін анықтау және өзіне айтылған сөзді түсінуін бағалау. Сұрақтар мектеп жасына дейінгі нашар еститін балаларда жиі кездесетін қиындықтарды талдау үшін таңдалып алынған. Сұрақтар мазмұны нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеруіне қиындық туғызатын тақырыптарға негізделген. Түсініктерді жинақтауы, адамдардың кәсібін, туыстық қатынасы, табиғат құбылыстары мен заттардың белгілері туралы білімі тексеріледі. Сұрақтың әр түрлі лексикалық – грамматикалық құрылуы, өзіне айтылған сөзді түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.