Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім берудің мазмұны. Арнайы түзету сабақтар



бет19/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#94278
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Есту қабілеті

Есту жағдайының екінші деңгейі – кереңдік. Бала барлық дыбыс белгілеріне көңіл бөледі, бірақ дыбысталу қашықтығы тұрақсыз 0,5-5м көлемінде өзгеріп тұрады. Максимальды қашықтықта айқын төменгі жиіліктегі дыбысталу қабылданады. Егер балалар 1м кем емес қашықтықтан шыққан дыбысты еркін қабылдай алса, онда олар дыбысты локализациялауға қабілетті. Сәл кереңдігі бар балалар 0,3 – 1м, қатты сөйлегенде дауысты ести біледі. Синтетикалық белгіні 4000-600 Гц диапазонында 45-100 дб қарқында қабылдай алады; бұл белгілердің бағыты анықталмайды. Есту жағдайының үшінші деңгейі – ауыр кереңдік. Бұндай балалар сөйлеу тіліне жатпайтын белгілердің бірең-сараңын ғана қабылдайды. Айқын жоғары жиіліктегі дыбыстар есебінде олардың саны азаяды. Жоғары жиіліктегі белгілерді қабылдау қашықтығы 0,1-0,3м дейін, ал орташа және төменгі жиіліктегі белгілерді қабылдау, үнемі өзгеріп тұратын тұрақсыз қашықтығы 2,5-5м дейін. Егер бала 1м кем емес қашықтықта шыққан дыбыс белгісін қабылдай алса, онда ол дыбысты локализациялауға қабілетті. Көптеген балалар қатты сөйлеген дауысқа мән бермейді. Синтетикалық белгіні шектелген диапазонда (2000 Гц дейін) 50-100 дб қарқында қабылдай алады. Бұл ынталандырылушы белгі локализацияланбайды. Есту жағдайының төртінші жағдайы – саңыраулық. Саңырау бала бірнеше дыбыстарды ғана қабылдай алады (негізінде төменгі жиіліктегі дыбыстар — даңғара). Дыбыстың шығу жеріне дейінгі қашықтық 2,5-5м дейін болуы мүмкін, кейбір саңырау балалар ынталандыру белгілерін мүлдем қабылдамайды. Синтетикалық белгіге 500-1000 Гц диапазонында 70-100 дб қарқынында синтетикалық белгіге реакциясы болады. Бұл балалар дыбыстың шығу тегін анықтай алмайды. Есту қызметін бағалауға берілген бұл әдіс педагогикалық әдіс деп аталады. Бұл әдіс негізінде аңғарым қоюға, баланың есту қызметін біздің елімізде қабылданған жүйе арқылы жіктеуге болмайды (Б.С.Преображенский, Л.В.Нейман, Е.Н.Харшак). Бұл әдістеме есту қызметінің бұзылу түрін (кондукативті немесе нейросенсорлы), есту сезімталдық деңгейін, сүйек өткіздігішін анықтай алмайды. Бұл зерттеулер баланы зерттеуге дайындауды, немесе объективті әдстерді пайдалануды ұсынады. Баланы мектепке дейінгі мақсатты есту қызметінің деңгейін нақтылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет