Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері


Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру



бет3/3
Дата23.06.2022
өлшемі22,58 Kb.
#147004
1   2   3
Байланысты:
Естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Көрмейтін және нашар көретін балалармен түзету жұмысы педагогикалық үрдіс жағдайында кешенді, жан жақты ықпал ету түрінде жүргізіледі. Түзету жұмысы жалпы дидактикалық және арнайы қағидаларға сүйеніп ұйымдастырылады. Арнайы қағидаларға түзете оқыту, бірінші реттілік екіншіреттілік ақаулықтар, сақталған анализаторларға сүйену және полисенсорлы негіздерін құруға жағдай жасау, қоршаған орта туралы ұғымын қалыптастыру, сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі мен сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру, сөйлеу іс-әрекетінің сақталған (компоненттерін) бөліктеріне сүйену, сөздік материалдың жаңалығын, көлемін, күрделілігін ескеру жатады.
Түзету жұмысында арнайы ұйымдастырылған логопедиялық сабақтардың орны ерекше. Көбінесе жеке сабақтар жүргізіледі. Топпен сабақтарда баланың көру деңгейін, сөйлеу қабілеті, қабылдау тәсілдері және жеке басының ерекшеліктері ескеріледі.
Тәрбиешілер мен тифлопедагогтар логопедпен бірге сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету жұмыс бағыттарын анықтайды. Сөйлеу мәдениетін дамыту жұмысын барлық сабақтарда жүргізу керек.
Логопедиялық сабақ барысында нашар көретін балалардың сақталған көру мүмкіндіктерін пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін рельефті суреттер, «сиқырлы қапшық», дыбысты, буынды, сөзді белгілеуге қажет кубиктер, т.б. көренкіліктер пайдаланады. Түзету жұмысында мына бағыттар қарастырылады:
- есту зейінін дамыту;
- сөз қорын дамыту және молайту, сөздің мағынасын анықтау;
- тиісті ұғымдар мен түсініктерін қалыптастыруға байланысты сөйлеу-қимыл дағдыларын, координациясын, кеңістікті бағдарлауын жетілдіру;
- жалпылама түсініктерін қалыптастыру;
- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын меңгеру;
- байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- дыбыс айтуын және фонематикалық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар, көруі бұзылған балаларда кездесетін ринолалия, тұтықпа, дауыстың бұзылуын түзету жұмыстары жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет