«ет 1201- экономикалық теория» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Бекітуге арналған сұрақтар



бет29/42
Дата03.10.2022
өлшемі1,34 Mb.
#151484
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар
1. Экономикалық өсу және оның өлшемдері
2.Экономикалық өсудің түрлері
3.Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар
4.ҚР-ның экономикалық өсу үлгісі
5.Экономикалық ауытқу себептері: сыртқы және ішкі
6.Экономикалық ауытқу түрлері
7.Экономикалық ауытқуды реттеу
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:



  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.


13-ДәрісАқша-қаржы-несие жүйесі. Инфляция теориясы

1. Ақша жүйесі және оның элементтері


2 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет
3 Несие және оның түрлері мен қа жеттілігі. Несие-банк жүйесі


Дәріс мақсаты: Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы шолу жүргізу, студентке өзіндік жұмысқа бағыт беру.
Негізгі сөздер: Бюджет тапшылығы; Сыртқы қарыз; Ішкі қарыз; Мемлекеттік бюджет; Мемлекеттік қарыз; Лаффер қисығы; Салық; Салық салу; Қаржы жүйесі; Қаржылар; Фискалды саясат.
1. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады. Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

  1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

  2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

  3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

  4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

  5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

  6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

  • металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

  • несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді.
Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:
M · V = P · Q
мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;
V – ақшаның айналыс жылдамжығы;
Р – бағаның орташа деңгейі;
Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

  1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.

  2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.

  3. М2= М1+мерзімді салымдар.

  4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.

2. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.
Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.
Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

  • мемлекет және оның институттары,

  • компаниялар, кәсіпорындар,

  • үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды. Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

  1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

  2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

  3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

  4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары. Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

  • ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

  • субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

  • сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

  • дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

  1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.

  2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.

  3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.

  4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.

  5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.Несие функциялары:

  1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.

  2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.

  3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

  4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.

  5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет