Практикалық сабақ 9.
9. Ұлттық экономика жүйе ретінде
9.1 Макроэкономикалық көрсеткіштер
9.2 Экономикалық өсу түрлері мен факторлары
Практикалық сабақтың мақсаты: Макроэкономиканың негізгі көрсеткіштерінің анықталу жолдарын қарау және экономикалық өсу факторларын жіктеу.
Практика сабағы сұрақ-жауап алмасу, макроэкономиканың негізгі көрсеткіштерінің анықталу жолдарына мысалдар қарау арқылы жүргізіледі.
Мына берілгендер бойынша (млрд.долл) : Жеке тұтыну шығындары (С)-5494
Жалпы ішкі инвестициялық шығындар-(І)-1256
Тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мемлекеттік шығындар (G)-1455
Таза экспорт (экспорт-импорт) (Хn) - -94
Басқа елден түсетін факторлық табыстар- -8
Капитал тозуы (амортизация) А- 872
Бизнес-фирмаға жанама салықтар 585
Анықтау керек: ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ-?
Тапсырма: Жалпы ішкі өнім туралы
Өз шешіміңізді түсіндіріңіз.Мына төменде берілгендер бойынша ЖІӨ есептеуде қайсысы қолданылады?
1.Студенттің оқуына берілген бір айджағы мемлекеттік стипендия чегі Иә---- Жоқ------
2.Фермер жаңа трактор сатып алды Иә---- Жоқ------
3.Су жүйесіне қолданыста болған жүк көлігі сатып алынды. Иә---- Жоқ------
4.Мемлекеттік облигацияны ақшаға айналдыру Иә---- Жоқ------
5.Өз автокөлігінің радиаторын жөндеуші механик қызметі Иә---- Жоқ------
6.Дүкен сатушысының зейнетке шыққаны үшін мемлекет төлейтін әлеуметтік қамсыздандыру чегі Иә---- Жоқ------
7.Бизнес-фирманың қорының (запас) артуы Иә---- Жоқ------
8.Әскери-теңіз флоты үшін жаңа су асты кемесін мемлекет сатып алды. Иә---- Жоқ------
9.Шаштараздың шаш қырқудан түскен табысы Иә---- Жоқ------
10.Nike компаниясының акциясын сатудан түскен табыс Иә---- Жоқ------
Әдебиеттер:
1.Баймуратов У.Б. Национальная экономичекая система. -Алматы, 2000г
2. Смагулова Ш.А., Баспакова А.Д. Макроэкономика. -Алматы «Жеті Жарғы»1999ж.
3. Ивашковский С.Н. «Макроэкономика»,- М., 2000ж.-196 с
4 Фишер С., Дорнбуш Р. «Макроэкономика», - А., 1997-205с
5. Ақиқат, Саясат, Қаржы қаражат, Аль-Пари, Экономист, Транзитная экономика, Мировая экономика и международные отношения және т.б журналдар мен басылымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |