Деонтология Медициналық деонтология медицина қызмет-керлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауап-кершіліктерін, науқастармен, олардың туыстары-мен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамти-ды. Бұған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқас-тардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын алу мекеме-лерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігер шеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс. Медициналық деонтология термині 1803 жылға қарай ағылшын жазушысы және дәрігері Томас Персиваль медициналық мекемелердегі дәрігер мамандардың талаптарын және қабілеттерін сипаттайтын құжатты жариялағанда дүниеге келді.
Медициналық деонтология-науқасқа зиян тигізу мүмкіндігін болдырмайтын және науқасты емдеу және аурулардың алдын алу тиімділігінің артуына септігін тигізетін барынша көмек көрсетуді тұспалдайтын кәсіби міндеттерді орныдау кезінде меджұмыскердің мінез-құлқының этикалық нормалары мен принциптерінің жиынтығы. Ол медицина қызметкелерінің науқастарды емдеу және сауықтыру шараларының тиімді нәтижелеріне қол жеткізуі үшін, этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауға бағытталған.
Этика мен деонтологияның бірқатар негізгі принциптері бар. Олар:
пациентке оның құқықтары жайында ақпарат беру;
пациентке оның жағдайы туралы ақпарат беру;
пациентпен ізгі қарым-қатынас жасау;
пациенттің адамдық қасиетін құрметтеу;
пациентке моральдық және денелік зақым келтірмеу (зиян тигізбе);
пациенттің медициналық араласуды жүргізуге не одан бас тартуға құқығын құрметтеу;
пациенттің автономиясын құрметтеу;
пациенттің саналы және уақытылы көмекке құқығын құрметтеу;
өлім аузындағы пациентке ұқыпты қарау (дистрибутивті әділдік);
кәсіби құпияны сақтау;
өзінің кәсіби құзыретін жоғары деңгейде ұстау;
пациентті құзыретсіз медициналық араласудан қорғау;
өзінің кәсібіне құрметпен қарау;
әріптестерін сыйлау;
халықты медициналық-санитарлық ағартуға қатысу.
Медициналық деонтология мораль мен этика туралы ғылымның бір бѳлігі ретінде коғамдық-саяси және экономикалық жағдайлармен, үстемдік құрушы идеологиямен, сондай-ақ медицинаның ғылыми және тәжірибелік даму деңгейімен тығыз байланыста.
Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-қатынасының моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды тармағы болып табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді.
Бөлімшедегі жалпы жай ахуалдың да маңызы зор. Егер науқас ұқыпты да, мұқият жұмыс істеп отырған медицина қызметкерін көрсе, көңілі орнығып, табалдырықтан сеніммен аттайды. Егер де, науқас тек жоғары білікті маманды ғана емес, сонымен қатар жаны жайсаң, жүрегі ізгі жанды керсе, қамкор пейілін сезінсе, онымен бүкпесіз байланыс жасайды, ал мұның өзі емнің шипалы болуына септігін тигізеді.
Аурухананың хирургиялық бөлімдері, ѳзге бѳлімдерге қарағанда, өзінің қаталдау сипатымен ерекшеленеді. Мұндай қаталдык, әдетте, тазалықты, асептикалық және антисептикалық қағидаларды сақтау қамынан туындайды. Әлбетте, тазалық барлық жерде, әсіресе, хирургияда керек. Алайда, нақ сол тазалықты науқастар жүріп тұратын орындардын - бөлмелердің, холлдар мен тынығу мүйістерінің интерьерлерін көңіл жұбанып, көз қуанарлықтай әсем де, жылышырай безендіру аркылы да, сақтауға болады ғой. Операция жасайтын, жараны таңатын бѳлмеде, ем кабылдау бѳлмесінде, т.б. медициналық ем шаралары қолданылатын орындарда асептикалық және антисептикалық шарт қатаң сақталуы тиіс. Ал басқа орындарда, мейлінше оңтайлы ахуал орнатып, кәдуілгі үйшілік жағдайға жақындатып қойған жөн. Мәселен, декоративті өсімдіктер, аквариумдар науқастардың уайым-мұңын сейілтіп, сырқатын бір сәтке ұмытуына, көңілін сергітуіне әсер етеді. Ѳздігінен жүріп тұратын науқастардың тынығып, келушілер-мен жолығуы үшін, әсем безендірілген холлға жұмсақ кілем төсеп, жайлы дивандар мен креслолар, аласа үстелдер, гүлдер қойса артық болмайды.
Бөлмелер науқастардың жүріп-тұруына, мазасыз демалуына қолайлы, үйреншікті тұрмысын еске саларлық әдеппен жасақталуы тиіс. Тұрмыстық жағдай жасаумен қатар, науқастардын психикасына эстетикалық, сезімдік тұрғыдан да әсер етіп, олардың көңіл-күйін көтеруді, сезімін сергітуді де ұмытпаған жөн.
Хирургияда микробқа қарсы асептикамен қатар, психологиялық асептиканы да сақтау кажет; ол тікелей жараның аскынуына әсер етпегенімен, науқастың психогенді жарақаталуына себепкер болуы мүмкін. Бұрынғы науқастардан қалған қаннын дақтары, іріңі баттаскан мақта, дәке кесінділері кейін келген ауру адамға кері әсер етіп, қозу күйіне ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, келесі науқасты бөлменің ішін жиыстырып, тиісті тәртіпке келтірген соң, шакырған жөн.
Науқас бөлімшеге түскен бойда оны емдеуші дәрігер қарсы алып, бүкіл медициналық тексеруден ѳткізеді, ем қолданып, оның нәтижесіне жауап береді. Сондықтан, емдеуші дәрігер науқас адам туралы, онын ѳмірі мен түрмысы, жүргізілген диагностикалық тексерулердің нәтижелері, өзінің сырқатын сезінуімен ой толғанысы туралы бәрін біледі. Осындай жағдайларға орай, емдеуші дәрігер стационарға келген кезінде, ауру адам үшін ең жақын жанға айналады, оған әлгі науқас жан тәнімен сеніп, өзінің уайымы мен ой күдігін жасырмай айтады.
Емдеуші дәрігер кез-келген мекеменің буыны, бетке ұстар беделі болып табылады. Сондықтан, дәрігерге құрметпен карап, жоғары беделге жетуіне колдау корсету аурухана әкімшілігінің де, клиника басшылығының да, маңызды міндеті саналмақ. Әрине, емдеуші дәрігерлер әркилы болады, олар бір-бірінен жеке, кәсіби қаситтерімен ерекшеленеді. Олардың кейбіреулерінің кателік жіберетін кездері де кездесіп қалады, сонда олардың қызметін объективті түрде бағалау, тіпті әділ жазасын беру қажеттігі туындауы мүмкін. Бірақ мұның бәрі науқастар назарына жетуге, палата дәрігерлерінің беделіне нұқсан келтірілмеуі тиіс. Осынау өзекті деонтологиялық кағиданы барша жұрт барлық жер, әсіресе клиникалар мен ауруханалардың басшылары қатаң сақтауы тиіс.
Дәрігерлік құпия
1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.
3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.
4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:
1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде;
3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;
4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;
5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі.
5. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтандырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға жол берілмейді.
Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.