Этика Этика – адамның іс-әрекеті сферасында өте жиі қолданылатын түсінік. Сондықтан этиканы философияның бір бөлігі ретінде бөліп алу қажет, яғни, философиялық ғылымды- және этиканы оның қосымша түсінігі ретінде



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі18,52 Kb.
#186139
  1   2   3
Байланысты:
Этика


Этика
Этика – адамның іс-әрекеті сферасында өте жиі қолданылатын түсінік. Сондықтан этиканы философияның бір бөлігі ретінде бөліп алу қажет, яғни, философиялық ғылымды- және этиканы оның қосымша түсінігі ретінде. Этика ғылым ретінде (грекше ēthiká от ếthos – дәстүр, міне-құлық) моральді оқытады. Зерттеу аймағы мағынасын білдіргендіктен бұл терминді алғаш рет Аристотель қолданды. Этика адам қоғамы дамуының әр түрлі этаптарында моральді принцптердің, бағалылықтың түзілу заңдылығын қарастырады.
Медициналық этика
Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасына, тән және жан тазалығын қарастырады.Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
Этиканың маңызы тәжірибелік қызметтегі, ғы-лыми жұмыстардағы адамдар арасындағы қатынас-тың нормаларын суреттеуде қолданылады. «Кәсіп-тік этика» түсінігі кең қолданылады. Сондықтан мамандық көзқарасына дәстүрлер, идеялар, тәжі-рибелер жиынтығы болады. Дәрігерлік және мей-ірбикелік этика туралы түсінік, ғылыми медици-налық зерттеулер туралы этика планетамыздағы медициналық қызметтің барлық тарихына кіретін принцптерді құрайды. Бұл жерде медицина қыз-меткерлерінің кәсіптік міндеті, кәсіптік компетент-тілік, деонтология сияқты категорияларға көп ор- ын бөлінеді.
Қазіргі кезде медициналық этиканың принцптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.
Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш түрде немесе модельде беріледі:
1. Гиппократ модельі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді. Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген.
2. Парацельс модельлі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен контактісі болып табылады.
3. Деонтологилық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі «міндетті орындау».
4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі «адамның құқығын және мәртебесін сыйлау».




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет