Ахлақ ілімі негізінен теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді.
Теориялық ахлақ – ахлақтың негізгі қағидалары, үлгі алатын әрекеттер және де ішкі дүниемізді басқару жолын үйретеді.
Практикалық ахлақ – адамға жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, жанұядағы, қоғамдағы міндеттерімізді үйретумен қатар олардың дұрыс жағын алып, іске асыруымызда бағыт бағдар береді. Жақсымен шындыққа бет бұрған адам материялдық және рухани тұлғасын белгілі бір жүйемен тәрбиелейді. Нәпсісін жамандықтан арылтып, өзгелермен тату-тәтті өмір сүруге бейімдейді. Мәнді өмір сүргенде он екі мүшесі сияқты жан дүниесі де сау болады. Әдептілікке жеткен адам осы дүниеде тіпті ахиретте де бақытқа бөленеді. Осылайша ахлақ ілімі өз көздеген мақсатына қол жеткізеді.
Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан