Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Тарих және Археология»
Кафедрасы «Тарих 101 топ»
СӨЖ
Тақырыбы: Ерте темір дәуірі. Сақ-скиф археологиясы
Орындаған:Жәдігерқызы Айна
Тексерген:Омаров Ғани
Алматы, 2021ж
Ерте темір дәуірі. Сақ скиф археологиясы
Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен. Қоладан жасалған құрал-жабдықтар өз кезінде үлкен жаңалық болғанмен, дамудың жаңа кезеңінде адам қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алмады. Адамзат қоғамының дамуы өндіргіш күштердің ұштала түсуіне тікелей тәуелді. Сондықтан да адам өндіріс құрал-жабдықтарының неғұрлым сапалана түсуіне мүдделі болды. Осының нәтижесі – темірдің игерілуы болды.
Темірден жасалған қару-жарақ, құрал-саймандардың тарихына қарағанда, Қос өзен –Тигр және Евфрат бойындағы елдермен Египет жеріндегі жұртшылық темірді б.з.б. үшінші-екінші мың жылдықтарда білген. Темір құрал-саймандар Қазақстан территориясында б.з.б. VIIIVII ғғ. жасалған. Оған жазба деректерде белгілі болып жүрген атақты сақ, савромат сияқты тайпалардың мекендерінен табылған семсер, қанжар сияқты темір заттар толық дәлел. Жалпы әлем тарихында темірді игеру орасан зор жетістік.
Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Егер мысты қорыту үшін 1100 градус жылу керек болса, темірді қорыту үшін 1530 градус жылу қажет. Ал мұндай жоғары температура алу ол кезде мұмкін болмаған. Сондықтан да темір алу, оны пайдалану оңайлыққа соқпаған. Археологиялық зерттеулер адамдардың темір қорытуда “шикізат үрлеу” тәсілін қолданғанын дәлелдеп отыр.
Темір дәуірі кезінде ғұмыр кешкен ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштер бүкіл Қазақстан аумағынан жолығатын төбе-төбе обалар. Олар өздерінің төңкеріліп жатқан конус тәрізді әдемі пошымдарымен өтіп бара жатқан кез-келген адамның назарын өзіне тартпай қоймайды.
Тарихшы-археологтар өздерінің зерттеу жүмыстарында, сол жазба деректерге сүйенеді. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі -- сақтар.Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VIII- IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендеген көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал тарих атасы Геродот сақтар тұралы өте жауынгер тайпа деп жазған. Оларды Спиридон “Азиялық скифтер” деп атаған.
Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары тоналғандығына қарамастан, Қазақстан археологиясында үлкен жаңалық болып, ол “алтын обаның құпиясы” деп аталған.
Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір тіршілігі, әдет-ғүрпы, салт-санасы туралы көптеген деректерді береді. Сақтар әшекей бүйымдар жасауда, нағыз зергер болған. Олар жай ғана зергер емес, олардың жасаған бұйымдары керемет сәнді, көзтартарлық әсем болумен қатар, оларда белгілі бір ұшқыр, киелі фантастикалық сезім немесе философиялық терең ой бейнеленеді. Егер Есік обасынан табылған алтын киімді адамның сәукелесіндегі көрініске қарасаң, зергер тек сәндік бұйымдардың жасаушы шебері ғана емес, ол өз заманының ойшыл суреткері – тамаша мүсінші, суретшісі.
Сәукеленің ұшар басындағы қасқия қарап түрған арқардың мүсіні – келбеті бекер тұрған жоқ. Арқар өз үйірінің тыныштығын күзетіп жартастың ұшар басында тұрған сақшы-күзетші. Бұл көрініс сол кездегі, ру-тайпалардың бірін-бірі жаулап алу, бірін-бірі бағындырып алуға әрекет жасаған, тынымсыз, жаугершілік заман болған кез. Сондықтан да зергер суретші сәукелеге берген көріністе тіршілігінде өз тайпасының немесе өз руының тыныштығының күзетшісі, қолбасшысы болған адамға о дүниеде сондай болуына жалпы, мәңгі тыныштықтың болуын армандаған қиялы ойы сияқты. Бұл ойды алтыннан жасаған Алатау бейнесінің ағаштарында отырған құстар да қуаттайтын тәрізді. Сәукеленің маңдайындағы екі айғырдың алдыңғы аяқтарын көтеріп, бір-біріне айбат шегіп тұрғандығы да жоғарыда айтылғандай жаугершілік заманды бейнелеп тұр. Суретші сәукеледе өз заманының өмір құбылысының көрінісін толық бере білген.
Сақ тайпаларының жерлеу салты олардың діни наным-сенімдерін толық көрсетеді. Діни нанымдардың арасында қола дәуірінен бері сақталып келе жатқан “о дүниеге сену”, “отқа табыну” сақталған. Темір дәуіріндегі жаңа ерекшелік аспан денелеріне, күнге табыну, тайпа немесе ру ақсақалдарына, олардың аруағына сийыну, “көсемдерге” сиыну сақтардың о дүниедегі өмірінде де, бұл дүниедегі өмірде болсын өте жоғары орын алған.
Сақтардың барлық бұйымдары, тастағы суреттері де жануарлар бейнесі мен әшекейленгендіктен, олардың мәдениеті жалпы әлем мәдениетінде “аң стилі” деп аталады.
Зерттелген обалардан алынған заттардың саны-сапасы жағынан, обалардың жасалуының үлкенді-кішілі болуының өзі темір дәуірі кезіндегі әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді. Әсіресе, алтын киімді адамның әр түрлі қымбат заттармен бірге жерленуі немесе Бесшатыр обасындағы ағаш табыттың ерекше жасалуы олардың белгілі бір үстімдіктің зор иесі болғандығын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, б.з.б. VIII-IV ғғ. темір дәуірінің алғашқы кезінде өмір сүрген сақ тайпаларының өзіндік мәдениеті дамыған, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, саяси жағынан дербес, мемлекеттік дәрежеге көтерілген тайпалар бірлестігі болғандығын көреміз
Достарыңызбен бөлісу: |