Оқу жылында инновация жөніндегі әдіскердің атқарылған жұмыстарына талдау



Дата23.03.2018
өлшемі123,83 Kb.
2012-2013 оқу жылында инновация жөніндегі әдіскердің

атқарылған жұмыстарына талдау.


2012-2013 оқу жылында инновация жөніндегі әдіскердің жұмысы Қарағанды қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асты.

«Инновациялық» деген сөз - латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.



Қарағанды қаласының білім ұйымдарында инновация мен эксперимент қызметі білім берудің мазмұнын жаңғыртуымен байланысты, яғни жаңа технологиялар, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

2012-2013 оқу жылында қалалық ББ базасында 20 білім ұйымның, оның 11 – инновациялық, 9 – жалпы білім беретін мектептерде 19 эксперимент жүзеге асырылды, атап айтқанда:
Республикалық деңгейдегі – 5
облыстық деңгейдегі – 7
қалалық деңгейдегі – 7.
Қазіргі уақытта эксперимент қаланың төмендегі мектептерінде жүргізілуде:
инновациялық: 1, 3, 45, 53, 92, 93, 97, 101, №2 лицей;
жалпы білім беретін мектептер: 13, 25, 27, 33, 35, 36, 68, 76, 77, 81, 91;
қосымша білім ұйымдары: БжЖС (2), «Балақай» және «Алмагүл» балабақшалары.

Мамыр айында өткен әдістемелік кеңесте №58 ЖББОМ-нің ««Жалпы білім беретін мектеп жағдайларында қыз және ұл балаларды бөліп оқыту принципі бойынша мектептің толық күндік үлгісін құру» атты тәжірибелік-эксперимент жұмысының бағдарламасы ұсынылып, мақұлданды.



Лицей және гимназияларда эксперимент жұмысын іске асыру үшін ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор орынбасары – штаттық бірліктер енгізілген.
Әдістемелік кабинетінің 2012-2013 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес инновация бойынша әдістемелік жұмыс төмендегі блоктар бойынша жүзеге асырылды:


1 БЛОК. Оқу- әдістемелік іс- әрекет аясында (семинарлар, МӘБ, консультация және т.б.) , директордың ҒӘЖ орынбасарлары және эксперименттік алаңы бар мектептердің ОТЖ орынбасарлары үшін эксперименталдық жұмыстардың аралық нәтижесі бойынша 14 тақырыптық семинарлар өтті: 

  1. «2012-2013 оқу жылының жұмыс жоспары», 06.09.2012ж, №38 гимназия;

  2. «№9, №95, №5 білім ұйымдарының эксперименттері» атты он-лайн семинар, 17.10.2012ж, ҚББ ӘК , №9, №95, №5;

  3. «12-жылдық білім беретін мектептерде білім беру моделін құрастыру және апробациялау: мәселелері, тәжірибе» атты семинар, 25.10.2012., №27 ЖББОМ;

  4. «Заманауи эстетикалық бағыты қосымша білім берудің ресурс орталығы»атты семинар, 22.11.2012ж, № 2 МИ;

  5. «№45 гимназия - тұлғаның интеллектуалдық дамуы орталығы» экспериментінің аралық нәтижелері бойынша семинар, 13.12.2012г, №45 гимназия;

  6. «Әдістемелік апталығының жұмысы» тақырыбындағы әдістемелік практикум, 24.01.2013ж, №77 ЖББМ ББК;

  7. «№38 және №93 гимназия, №101 мектеп-лицейдің оқу үдерісінде құзіреттілікке бағытталған тұрғыдан келуді жүзеге асыру» атты он-лайн семинар, 31.01.13ж, (қатысушылар: ӘК, №93, 38, 101);

  8. "Алғырлар-2013", III қалалық фестиваль, 20.02.2013ж, № 95 МГ;

  9. "1 оқушы - 1 компьютер" білім беру моделі бағдарламасын жүзеге асыру» атты семинар, 28.02.2013г., №9 гимназия;

  10. «Эксперименталдық сыныптарында тілдік портфолио технологиясын қолдану» тақырыбындағы әдістемелік практикум, 05.03.2013ж, №97 гимназия;

  11. «Дебаты» технологиясы» тақырыбындағы әдістемелік практикум, 28.03.2013ж, № 45 гимназия;

  12. «№33 Мектеп – бала бақша кешені» - білім алушыларды кәсіби және жеке тұлға ретінде өзін-өзі айқындау үшін құзіреттілікке бағытталған оқыту орталығы» атты семинар, 14.03.2013ж, 33 ОКМББ;

  13. «Бейіналды дайындығы және жекелендірілген оқу процесі контекстінде оқушының жекелеген оқу бағытын жобалау арқылы білім беру ұйымының Моделін жасау» атты семинар, 18.04.2013ж, №53 МЛ;

  14. «Білім ұйымдарының ҒӘЖ директор орынбасарлары және эксперименттік алаңы бар мектептердің ОТЖ орынбасарлары секциясының 2012-2013 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына талдау» тықырыптық семинар, 30.05.2013ж, №38 гимназия.


Блоктың тиімді жақтары төмендегідей: 

  1. эксперименталды- тәжірибе бағдарламасына сәйкес қаладағы білім ұйымдарындағы эксперименталдық жұмыстар тиімді деңгейде жүргізілді. 

  2. эксперименталдық жұмыстардың аралық нәтижелерін шығаруда мектептердің сапалы дайындығын, ЭЖ бағдарламасын кезеңдері эксперимент жүргізумен сәйкес келуі, эксперименталдық жұмыстарды жүргізудің жүйелілі және нәтижесі бойынша әдістемелік өнімдер шығарылды.

  3. іс- әрекетті кеңейту мақсатында семинарларға пән мұғалімдері мен өндірістік оқытудың шеберлері шақырылды.

  4. Білім ұйымдарында семинарлардың тақырыптарын таңдау жүйелігі байқалады.

  5. он-лайн режимінде семинарлар өткізіледі (№5, 9, 95 МГ және № 38, 93, 101 МЛ).

  6. Қарағанды ББ эксперименттің өтуі бойынша электрондық база жаңартылған.

  7. Әдістемелік жұмысының түрлі формалары педагогтың кәсіби мәртебесін нығайтуға зор мүмкіншілік береді.

Блоктың тиімсіз жақтары
- мамандардың тұрақтанбауы (меңгерушілікті бастағандар және эксперимент жетекшілері – 24 адам, оның ішінде тәжірибелі – 4 адам); 
- республикалық деңгейдегі экспериментті жүзеге асыруда ғылыми жетекшілері мен эксперимент жетекшілерінің жоқтығы. 


2 БЛОК. Ұйымдастыру - әдістемелік іс – әрекет аясында (шығармашылық топ, тірек мектептері, сайыстар, олимпиадалар, дөңгелек үстелдер) 2 оқыту семинары (2-ге аз) төмендегі тақырыптарда өткізілді

  • 2013 жылдың 20 ақпанында № 95 мектеп-гимназия «Алғырлар - 2013» атты

үздік зерттеу жобалары фестиваліне есігін ашты. IІІ қалалық жас зерттеушілердің «Алғырлар - 2013» фестивалі – бұл Қарағанды қаласының инновациалық, эксперимендалдық және жалпы орта білім беретін мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтаудың бір тәсілі.

«Алғырлар – 2013» атты фестиваль Қарағанды қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қуантатын жағдай, қонақтардың сұрақтарына оқушыларымен бірге ғылыми жетекшілері де жауап берді. Жетекшілер - Қарағанды мектептерінің шығармашылық ізденіс үстіндегі мұғалімдер, жас зерттеушілердің ғылыми ізденуіне жол ашушылар. Пленарлық отырыста №101, 57 МЛ, №38 гимназия, № 95 МГ, №35 және №58 ЖББОМ ең үздік жоба жұмыстары тыңдалды.

Өз жобаларын 39 оқушы (11 инновациялық - № 1, 3, 9, 38, 45, 53, 57, 93, 95, 97, 101), 6 эксперименталдық (1, 3, 13, 35, 23, 33) және 13 жалпы білім беретін мектептері (№ 6, 77, 58, 83, 15, 65, 64, 23, 35, 16, 48, 76, 86) ұсынды, бұл әрқайсы үшін – жеке кішкене ашулар. Жобаларды «Тіл және әдебиет», «Язык и литература», «Физика, математика», «Информатика», «Валеология», «Химия и биология» атты 6 секцияда қазақ және орыс тілдерінде қорғады.

«Алғырлар – 2013» озық жобалардың қалалық фестивалі аясында шығармашылық ізденісте құрған зерттеушілік жобалары үшін, секция отырысына белсене қатысып, өз пікірін білдірген қатысушыларға дипломдар мен сертификат тапсырылды. Фетивальге қатысу мектеп рейтингісіне енгізілді.



  • Қарашада шығармашылық топ жұмысының Қарағанды қаласының озық педагогикалық тәжірибе жөнінде Ережесінің әзірлемесін аяқтауы.

  • Осымен қатар жыл ішінде әдіскерлермен ҚББ ӘК отырысы ұйымдастырылып, өткізіледі (ӘК хаттамасы). Таңдау курстары, элективтік курстарының бағдарламалары, силлабустар және әдістемелік өнімдері шығарылады.



Тиімді жағы:

  1. Оқыту семинарлары: жұмысын енді бастаған меңгерушілер үшін өз жоспарын сауатты құруға, ҒӘЖ меңгерушілерінің құжаттарды сауатты безендендіруге септігін тигізді.

  2. Шығармашылық топ жұмысы тәжірибелі және жұмысын жаңа бастаған меңгерушілер үшін ғылыми-әдістемелік және эксперименталдық жұмыстарды ұйымдастыруда жоғары көрсеткіш көрсетті. 

  3. Әдістемелік көмек инновациялық мектептерге ғана емес, жалпы білім беретін мектептергеде көрсетілді. (ӘК, таңдау курстарының бағдарламалары).

  4. ҚалББ базасында қала мұғалімдерінің әдістемелік өнімдері сақталған. 

Тиімсіз жағы:

  1. Семинардан алған материалдарды меңгерушілердің өз жұмыстарында қолданбауы.

  2. Инновациялық білім ұйымдарының эксперименталдық іс-әрекеттерге барлығы бірдей қатыспауы. 

  3. Семинарға қоса эксперименталдық жұмыстар, теориялық (оқыту), сынып-шебері (тәжірибелі меңгерушілер үшін) және әдістемелік практикумдар (сабақта педтехнология, әдістемелер, оқытудың сапалы әдістерін) орынды қолдана білмеуі.


3 БЛОК. Ақпараттық –диагностикалық іс –әрекет аясында (мемлекеттік стандарт, диагностикалық материалдар дайындау, мониторинг) жүргізілген жұмыстар:
- нормативтік құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстар (Мемлекеттік стандарт, әдістемелік –нұсқау хаттар, педагог қызметкерлерді аттестациялау Ережесі)
- білім ұйымдарына көмек көрсетілді: №95 МГ, 17, №36, №58 ЖББОМ ЭЖ бағдарламаларын құруға, эксперимент құжаттарын жүйелендіруге көмектер жасалды;
- Жоғары ұйымдарға орындалысы жөнінде есептер берілді.
- қалалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысушылардың мақалалары өңделді;
- қала мұғалімдерінің аттестациялық құжаттармен (Портфолио) жұмыс жүргізілді;
- ҚалББ әдістемелік кеңесіне рефлексивтік есептер дайындауға көмектер берілді;
- мектеп директорларының ҒӘЖ меңгерушілерінің құжаттарын жүйелендіруге;
- ҚалББ сайт материалдарын дайындау.

Тиімді жағы:

  1. ҚалББ ӘК білім ұйымдарымен ынтымақтық белсенділігінің жоғарлауы. 

  2. ҚалББ ӘК эксперименталдық материалдарының дайындалуы жоғары деңгейде..

  3. Қаланың ҒПК пленарлық бөлімінде эксперименталдық жұмыстардың нәтижелері айтылды. (№33 МББК).

Тиімсіз жағы:

  1. Қазіргі уақытта БЖИ –мен облыстық деңгейдегі экспериментті аяқтау мүмкіншілігі болмауы.

  2. Қалалық ҒПК эксперименталдық алаңына басшылардың қатысу пайызы төмендігі.

4 БЛОК. Эксперттік-аналитикалық іс -әрекет аясында (кешенді-тақырыптық оқу, аттестация, ОІТ тарату, пікір беру) төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
1. ОІТ Ережесі ӘК қаралып, бекітілді.

2.Таңдау курстары мен әдістемелік өнімдерінің талдаулары жүйелі жүргізілді. 

Қарағанды қаласы білім ұйымдарының 2012-2013 оқу жылындағы әдістемелік өнімдер жөніндегі мәлімет:



ҚББ ӘК өту мерзімі

бағдарлама

ӘҚ

Әдістемелік нұсқаулық

Жұмыс дәптері

силлабус

ОӘК

31.08.2012

51

5




1




1

24.09.2012

75

1

1




3




27.10.2012

51

3













26.11.2012

26

8







6




24.12.2012

5

10




1







03.01.2013

11

22

1










27.02.2013

17

42










1

27.03.2013

5

6







2




26.04.2013




9













29.05.2013

9

20

6

1







Барлығы:

250

126

8

3

11

2

Әдістемелік өнімдердің жалпы саны: 400.


Мықты жағы:

  1. Вариативтік бөлімнің бағдарламаларының көп бөлігі талапқа сәйкес құрылған.

  2. Эксперимент жөніндегі құжаттардың тізбелері анықталған.

  3. ОІТ –Ережесі әзірленген.

Проблемалық аймақтар: 

  1. Мұғалімдерінің инновациялық іс –әрекетін бақыламайтын мектеп басшылары бар, ОІТ шешілмеген сұрақтарда бар. 

  2. Эксперименталдық жұмыстарды мерзімімен жүргізбеуде өрескел бұзушылық бар.

2013-2014 оқу жылында алдағы іс-әрекеттерді шешуде төмендегідей міндеттер туындайды:

    1. эксперименттік алаңы бар мектептерде тәжірибе – эксперименталдық бағдарламасында көрсетілген мерзімдері бойынша сәйкес келуін анықтау;

    2.  жаңадан ашылатын эксперименттік алаңдардың экспериментті аяқтау уақыты ҚББ- нің бұйрығымен енгізу; 

    3. ҚББ – нің сайтында «Инновациялық жұмыстар» беттерін ұйымдастыру және жаңарту;

    4. Қыркүйек айынан бастап шығармашылық топ семинарларда ОІТ ережесінің түсіндірмесін жүргізу;

    5. Білім ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер арасында эксперимент жұмыстардың тиімді жақтарын үгіттеу жиналыстарда көтерген мәселелер, нормативтік актілер, қосымша материалдар, ҚББ – нің сайты арқылы насихаттау;

    6. Тақырыптық семинарларды кеңейту, оған меңгерушілерді және жалпы білім беру мектеп мұғалімдерін шақыру;

    7. Облыстық деңгейдегі экпериментін аяқтауды БЖИ – мен келісу;

    8. Мектеп басшыларының ҒӘЖ орынбасарлары, қалалық ҒПК, конкурстар мен іс-шараларға эксперименттік жетекшілерінің қатысуын белсендіру;

    9. Санаты жоқ, жоғары, екінші, бірінші санатты педагогтардың біліктілік деңгейлерін саралап, қашықтықтан оқыту жұмысын ұйымдастыру.

    10. "Жас диретор орынбасары мектебі» жұмысын ұйымдастыру (база құру, жоспар жасау). Жоспарлау бойынша кеңестер (оқу жоспары, бағдарлама, эксперимент жөнінде міліметтер және т.б.).

Инновация жөніндегі әдіскер, Г.Хасенова
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу