Сабақ: Қазақ әдебиеті Ақселеу Сейдімбек



Дата26.08.2017
өлшемі65,01 Kb.
#28334

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Ақселеу Сейдімбек

«Әйел-Ана» әдеби ертегі



264 мектеп- лицейі

Күні: 15.12.2016 жыл.

Мұғалімнің аты-жөні:

Альмаханова Шара

Қасымова Нағима

Сыныбы: 5 «А»

Барлығы: 27

Қатысқаны: 27

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5Т2 - Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5А3 – Белгілі тақырыптарда тілдік жағдаяттарда сөзін нақтылау, анықтау, өз сөзімен айтып беру.

5Ж5 – Орфография және пунктуация.

5О5 – Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

.


Бағалау критерийі


Барлық оқушылар орындай алады:

Ақселеу Сейдімбек туралы жалпы мәлімет біледі



Д1. Ақселеудің өмірін біледі

Д2. Автордың шығармаларын атай алады



Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ақселеу шығармаларын өмірмен байланыстыра алады.


Д1. Автордың шығармаларын өмірмен байланыстыра алады

Д2. Әңгімелерді түсініп оқи алады.

Д3. Әңгімеге жоспар құра алады.


Кейбір оқушылар орындай алады:

Ақселеу шығармаларын талдай алады.



Д1. Шығармадағы көркемдегіш құралдарды бөліп көрсете алады.

Д2. Автор шығармаларын талқылап, саралайды.

Д3. Емлелік қателерді жібермейді


Тілдік мақсат



Талқылауға арналған сұрақтар: Ана қандай ерлік жасады?

ишара:Жарайсың, саусақ арқылы бағалау, зейінің ашылсын.

Алдыңғы оқу:

Бастауыш сыныптардан ана туралы әңгімелермен таныс. Өткен сабақтарда Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісін оқыды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

4-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) кезекші мәлімдемесі

б) оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.


Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену». (Жағымды күйге ену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.


«Әдебиет» оқулығы

5 сынып
Интербелсенді тақта
Бейнетаспа



Ортасы

Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Үй жұмысын сұрау кезеңі.

Үйге «Ана» туралы эссе жазу берілген болатын.


Ақселеу Сейдімбектің «Әйел-Ана» әдеби ертегісі (2 сағат)

ТЖ:

І топ: Автор өмірі жайлы мәлімет

ІІ топ: Ертегіге жоспар құру

ІІІ топ: Ана туралы мақал-мәтел жазу


Әдеби ертегіні әр топ постерге жапсырылған дайын сұрақтар бойынша қорғайды.

ТЖ:

І топқа:



  1. Ертегі қалай басталады?

  2. Ертегіде қандай ел туралы айтылады?

  3. Сол елдің ерекше қасиеті


Постерлер, маркерлер, стикерлер


Слайдтар



Соңы

ІІ топқа:

  1. Күншуақ елінің басына туған жағдай

  2. Күншуақ елін қайда қамап тастайды?

  3. Елші қандай бұйрық оқыды?

ІІІ топқа:



  1. Дұшпанның жарлық шығарудағы көксегені не?

  2. Тұтқындардың арасынан шыққан дауыс.

  3. Әйел – Ана ақылы


Сергіту сәті. «Анашым, ана жаным» әні хормен орындалады.
ТЖ: Ана туралы мақал-мәтелдердегі сөздерді үш тілге аудару.

Алты ұл тапқан ананы «ханым» десе болады,

Сыйласа білген адамды «жаным» десе болады.


Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман.


Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ана сүті – бал,

Баланың тілі - бал.


Алып анадан туады,

Ат биеден туады.
Сабақты қорытындылау.

Ой түйін. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі, ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
Үй тапсырмасы. Ана туралы өлең жаттау.

Оқушыларды бағалау.




Қосымша ақпарат Оқушылардың өз шығармашылығынан ана туралы өлеңін мәнерлеп оқу.

264 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Альмаханова Шара Хамзина

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет