Ақмола обл, Целиноград ауд, №22 Приречное орта мектебінде 2017 жылдың 31 қаңтар күні Алғашқы әскери дайындық пәнінен «Жаңа оқу үрдісінде бағытталған жаңаша сабақ түрлері» атты аудандық семинар өтілді.
Семинар мақсаты:
1. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу.
Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру.
Семинар АӘД мұғалімі Марат Жанболаттың ұйымдастыруымен «Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі ел қорғаны» атты сыныптан тыс іс-шарамен басталды. 10-11 сынып оқушыларымен «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» атты ашық сабақ өтілді. Ашық сабақ тақырыпқа сай жаңа оқу үрдісіне сай жаңа технология, өте қызықты, жоғары деңгейде өтілді. Одан кейін баяндамалар оқылды. Семинар өз мақсатына жетті.